Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет71/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
№5 сапар
Бұл сапар Байқоңыр қаласынан басталып Қамбаш көліне дейінгі 
аралықты алып жатыр. Бұл сапар 1 күнге және автотуризмге лайықталған. Жол ұзақтығы 
160 шақырым. Қамбаш көліне барар жолда, қазақтың тәуелсіздгі жолында құрбан болған 
батырларының бірі – Жанқожа батыр кесенесі және Ақбай ағаш питомнигіне саяхат 
жасауға болады. Сонан соң Қамбаш көліне барып демалуға көптеген мүмкіншіліктер бар.
Сонымен, қорытындылай келе төмендегілерді айтқым келеді: 
- облыс аумағында туризмнің дамуына табиғи және экономикалық факторлар 
тікелей әсер етеді; 
- табиғаты – көркем, суы – дәру, ескерткішке бай, қалалары нән, Сыр елінде 
туризмді дамыту мүмкіндіктерін үш топқа: тарихи, табиғи, әлеуметтік-экономикалық –деп 
бөліп дамытуға болады; 
- облыс аумағындағы туристік нысандар анықталынып, олардың шоғырлану 
картасы құрастырылды; 
- облысқа келетін Қазақстандық және шет ел азаматтарына салауатты көңіл көтеру 
мақсатында шаралар қарастырған жөн. Оның ішінде қала аумағын көркейтіп, 
көкалдандыру, инфрақұрылымдар мен ойын-сауық бағытындағы объектілерді әлемдік 
стандартқа сай салуға ден қою, ең бастысы - қызмет көрсетудің мәдениетін арттыру 
қажет; 
- танымдық фильмдер, туристік карталар, анықтамалар, жолсапарлары белгіленген 
сызбалар, компьютер арқылы әлемге танылатын жарнамалар қажет; 
- Түркі жұртына әйгілі тарихи-мәдени ескерткіштерге бай және физикалық-
географиялық орнына байланысты Сыр өңірінде туризмді ұлттық нақышта дамыту қажет; 
- туризмді дамыту білікті маман қолында. Ол үшін болашақ жолсеріктерді 
ұлтымыздың тарихын, мәдениеті мен әдебиетін, өнерін, тіпті философиясын терең білетін 
мамандар дайындаудың жолдарын қарастыру керек
- туризмді дамыту облыс экономикасына үш оң нәтиже береді: облыс бюджетіне шет 
ел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді; облыс халқын жұмыспен қамтамасыз етеді; 
облыстағы инфрақұрылым жақсарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет