Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


АЛТЫ ЖАСАР БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет99/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

АЛТЫ ЖАСАР БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ 
 
М.Н.Қойшыбаев, Зейнегабдинова Н.Б. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Біздің жұмысымыздың мәні – оқу-тәрбие үдерісін біртұтас жүйе ретінде түсіну 
тұжырымдамасы тұрғысынан - алты жастағы оқушылардың оқу-тәрбие жұмысына белгілі 
бір жүйе ретінде қарау, оның үстіне бұл жүйе бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жүйесінен 
бөлек және оның басқа аспектілерінен оқшау қала алмайтындығын түсінуіміз керек. Олай 
болатын болса, бастауыш сыныптардағы жалпы оқу-тәрбие жұмысы, өз кезегінде біртұтас 
педагогикалық үдерістің бір маңызды қыры ретіндегі неғұрлым кең жүйенің бір бөлігі 
болып табылады. Дәл осы ортақтығы сияқты әр түрлі дәрежедегі бастауыш мектептегі оқу 
тәрбие үдерісінің бір бөлігі бола отырып, озінің құрамында жағдайлары түрліше 
топтардың барын негіздейді. Осы шарттарды зерттеу үшін біз жалпының диалектикалық 
бірлігі мен ерекшенің алуан қыры идеясын пайдаландық. Ендеше, біздің зерттеп отырған 
мәселеміз, біріншіден, алты жастағы балалармен оқу-тәрбие жұмысының біз анықтаған 
ерекшеліктерін, екіншіден, бастауыш сыныптарда оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың 
жалпы жағдайларын зерттеудің нәтижелері негізін ескере отырып жүзеге асырылды. 
Мұндай зерттеулер үрдісінде біз педагогикалық шарттардың белгілі бір жиынтығын 
анықтадық, оны жүйелі түрде жүзеге асыру зерттелетін үрдістің тиімділігін қамтамасыз 
етеді.
Сондай ақ, бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жалпы шарттары 
ретінде белгілі деңгейде оқыту мен білім берудің сапасына әсер ететін мектептің 
материалдық деңгейінің (салиқалы оқу ғимаратының, мектеп жиһаздарының, техникалық 
оқу құралдарының, интерактивті мультимедиялық оқыту жабдықтарының, оқулықтар мен 
оқу құралдарының болуын т.б.), эконмикалық-қаржылық жағдайының, санитарлық-
гигиеналық жағдайының, экологиялық және т.б. жағдайлардың болуын айтуға болады. 
Әрине, бұл шарттардың мұғалімге қатысы жоқ, дегенмен олардың болуы мектеп 
жұмысының дәрежесін, оқыту мен тәрбие сапасын анықтайтыны даусыз. 
Десек те, бастауыш мектептің оқу-тәрбие сапасына белгілі дәрежеде әсер ететін 
өзара тығыз байланысты жеке дидактикалық шарттар да бар. Ондай шарттар: 
- оқыту мен білім берудің тиімді әдістерін таңдау, оларды
технологиялық үдерісте үйлестіре білу; 
- сабақ кестесінің дұрыс жасалуы; 
- сабақтың мазмұнын оңтайландыру, 
- сабақта және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстарының формаларын
үйлестіру; 
- балалардың оқу іскерлігі мен өз бетінше білім іздеу дағдыларын
қалыптастыру; 
- білім алу мен іскерлікті қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде сөз бен
көрнекілікті орынды және ұтымды пайдалану; 
- қойылған мақсатқа сәйкес тиімді сабақ құрылымын анықтау; 
- гуманистік қатынас қалыптастыру және т.б. Бұл шарттардың алты жасар бірінші 
сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекше шарттарымен 
бірлікте іске асуы біз зерттеп отырған аспект бойынша тиімділігін көрсетіп жақсы 
нәтижеге жетуге мүмкіндік беретіні даусыз. 
Сонымен қатар, бастауыш мектептегі балаларға деген сүйіспеншіліктің болуы 
маңызды шарт ретінде мұғалімнің өзге қасиетін алмастыра алмайды. Бұл жөнінде 
Л.Н.Толстой былай деп жазды: «Егер мұғалім ісіне тек сүйіспеншілікпен қараса, ол жақсы 


218 
мұғалім болады, егер мұғалімнің оқушыға әкесі, анасы сияқты сүйіспеншілігі болса, ол 
бүкіл кітапты оқып шыққан, бірақ ісіне де, оқушыға да сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен 
артық болады. Егер мұғалім өз бойында ісіне де, оқушыға да сүйіспеншілікті біріктіре 
алса, ол – мықты мұғалім» [1,180]. Сондай-ақ балаларды жақсы көру, құрметтеу - 
бастауыш мектепте табысқа жетудің маңызды жолы екенін айта келе Ш.Амонашвили: біз 
мейірбанды адамдар болып, балаларды қаз қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл 
алғышты да, ақылдыны да, миғұланы да, жалқауды да, ынталыны да бірдейжақсы көруіміз 
керек. Оның үстіне тағы да біз өзіміздің жан шуағымызды әрбір нақты жағдайға сәйкес 
шәкірттерімізге алаламай, тең үлестіруіміз керек. Балаларға деген мейірімділігіміз бен 
махабатымыз ішкі жан күйзелісіміздің көрінісі ғана емес, сонымен бірге баламен немесе 
бүкіл класпен қарым-қатынасымыздың педагогикалық қызметіміздің ең басты дәлелі, 
стимулы болуы тиіс [2,80]. 
Біздің зерттеу жұмысымызда тағы да бір ескеретін жайт - алты жасар бірінші сынып 
оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері туралы айтқанда біз ең алдымен 
оның осы жастағы балалармен жұмыс жасайтын мұғалім қызметін айтуымыз қажет. 
Ендеше, алты жасар бірінші сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері 
бастауыш мектептің алты жасар бірінші сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын 
ұйымдастыратын мұғалім қызметінің спецификалық ерекшеліктерінен бөлек ештеңе емес. 
Сондықтан да, біздің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарымызда алты жасар бірінші 
сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктеріне мұғалім қызметінің 
қаншалықты дайындығы, оның кәсіби даярлығы, тұлғалық сапалары, білімі, іскерлігі мен 
дағдылары туралы сөз етуге мәжбүрміз.
Зерттеу жұмысымыз көрсетіп отырғандай, бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмысын 
ұйымдастырудың жалпы шарттары ретінде мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысына 
қызығушылығының болуы маңызды педагогикалық шарт болып есептеледі. Оқу-тәрбие 
жұмысына қызығушылықты ұстауда тәжірибелі жаңашыл-ұстаздармен кездесулер, 
викторина кештері, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарына және төменгі сынып 
оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік материалдарына арналған 
көрмелер, байқаулар, пікірсайыстар және т.б. ұйымдастыру – мұның бәрі оқу-тәрбие ісіне 
қызығушылықты тәрбиелеудің маңызды құралдарына жатады. Біздің тәжірибелік 
жұмыстарымызда мектеп мұғалімдерімен жүргізген осындай жұмыстарымыз оң 
нәтижесін берді.
Қызығушылықты, оқу-тәрбие жұмысына дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруда 
«Оқу-тәрбиеге жүйелілік қатынас», «Педагогикалық шеберлік» және басқа ғылыми-
педагогикалық бірлестіктер маңызды рөл ойнады. Біздің зерттеуімізге қатысты топ 
мұғалімдері магистранттармен, мектеп мұғалімдерімен, жоғары оқу орындары 
оқытушыларымен бірігіп олардың жұмыстарына көп қатысты. Олардың отырыстарында 
ғылыми баяндамалар тыңдалып, талқыланды, пікірталастар жүрді, осы бірлестіктер 
жүргізген зерттеу жұмыстарына талдау жасалды. Біздің тәжірибемізде мұғалімдердің 
тәрбие жұмысына қызығушылығын Қызылорда қаласындағы мектеп шығармашылығы 
Үйіне жиналыстарға, конференция, семинарларға бару қалыптастырды, мұнда заманауи 
мектепте оқушыларды тәрбиелеуде өткір тұрған мәселелер талқыланатын. 
Сондай-ақ, біздің тәжірибелік жұмысымыздың маңызды бөлігі –эксперментке 
қатысушы мұғалімдердің өз бетінше жұмыс жүргізу іскерлігін қалыптастыру болып 
табылады. Өз бетіндік жұмыс мұғалімдердің білімін нықтай түсуге және тереңдетуге; 
оларды ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді оқу жолымен кеңейте түсуге; мұғалімдердің 
шығармашылығы мен бастамашылдығын жетілдіруге; үздік тәжірибелермен және оларды 
қолдану жолдарымен таныстыруға; ұсынылған ережелер негізінде материалдарды сауатты 
беру машығын дамытуға; орындалған жұмыс үшін жауапкершілікті арттыруға, өз 
көзқарасын қорғай білуге және т.б. мүмкіндік берді. 
Мұғалімдерді біліммен, біліктілікпен және жаңа дағдымен қаруландыру мақсатында 
біз оларда өздігінен педагогикалық білім алуға қажеттілік тудыруға тырыстық. «Өз 


219 
бетінше педагогикалық білім алуды жетілдіру – мұғалімнің шығармашылық өсуінің 
кепілі»[3,124]. Бастауыш сыныптардың мұғалімдеріне белгілі бір дәрежеде белсенді 
өзіндік білім алуы үшін жағдайлар жасау оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік 
берді. Бұл жерде біз алты жасар бірінші сынып оқушыларымен жұмыс істейтін 
эксперменттік топ мұғалімдерінің арасында осы аспектіде жинақталған ғылыми-
әдістемелік материалдармен негізделген дискілер, PDF-те жазылған оқу-әдістемелік 
нұсқаулықтар, PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентациялық материалдар, 
брошюралар, флеш-карталар ұсынып, көрмелер ұйымдастырдық. 
Сайып келгенде, тәжірибелік жұмыстың оқу-педагогикалық үдерісінің барлық 
бөлімдері мен элементтерінің өздігінен білім алуға бағытталуы осы шарттың толық 
көлемде іске асырылуына және эксперименттік топтағы мұғалімдердің айтарлықтай 
табысқа жеткізгенін көрсетті. 
Тәжірибе көрсетіп отырғандай біз қарастырып отырған алты жастағы бірінші сынып 
оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жалпы шарттарының 
ішінде мұғалімдердің рухани әлемін қалыптастыру, оның ой-өресінің дамуы басты 
назарда болды – оның шешімінен жалпы мектепте көп нәрсе бүкіл оқу-тәрбие үрдісінің 
тиімділігіне байланысты. Осыған орай біз әр мұғалім өзінде мақсатты түрді кәсіби 
тұлғалық қасиетті, білім мен біліктілікті қалыптастыруы тиіс деген тұжырымға келдік, 
яғни кәсіби өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуы қажет Мұғалім үшін «өзінің дербес 
тәрбиесімен айналысу бүкіл өмірінің мақсаты болуы тиіс» дегенді бұлжымас міндет 
санайтын А.Дистервег те өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттілігі жайында айтқан [4,216]. Біз 
адамның әлеуеттік қуат қоры зор болатыны сонша, тіпті орташа қабілеті барлар да өзінің 
тұлғалық қасиетін жан-жақты дамытып, кәсіби педагогикалық қызметте талантын көрсете 
алатынына студенттерді сендіруге тырыстық. Ұлы педагог А.С,Макаренко өз шеберлігін 
шыңдау жұмысы тәжірибесіне сүйене отырып: «Мен педагогикалық дарынға ие емеспін 
және педагогикаға кездейсоқ келдім, ешбір мақсатсыз... Бірақ мен үйрендім. Мен өз 
ісімнің шеберіне айналдым. Ал егер оған көмектессе және егер ол өзі де жұмыс істесе әр 
адам шебер бола алады» деп тектен-тек жазған жоқ [5,62]. 
Мұғалімнің міндетті қызметін жүзеге асыру үшін қажетті педагогикалық 
шеберліктің негізгі топтары дидактикалық, тәрбиелік, насихаттық, әдістемелік, 
зерттеушілік ептіліктері, сондай-ақ өздігінен білім алуға қажетті іскерлік болып табылады. 
Бұл ептіліктер әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін аса қажет, 
олар өзара байланыста болады, сонымен қатар осы топтың әрқайсысы өзіне тән 
ерекшелікке ие. Бұдан бөлек, жоғарыда көрсетілген барлық топтардың құрама бөліктері 
болып табылатын «жарып өтетін» интегралды (ұйымдастырушылық, диагностикалық, 
ақпараттық) іскерлік те айқындалады. 
Біз зерттеген кәсіби дайындықтың аспектісінде қарастырылған шарттардың ішінде 
мұғалімдердің заманауи алты жасар балалардың анатомиялық-физиологиялық және 
психологиялық сипаттамаларын оқып-үйренуі неғұрлым маңыздырақ болып көрінеді. 
Зерттеуімізде оның маңыздылығы бірнеше рет атап өтілді. Атап айтқанда, ол «мұғалімге 
пән оқулығын терең білумен қатар қосымша психологиялық-педагогикалық білім қажет, 
сондай-ақ, көп жағдайда, түрлі жас топтарының физиологиялық және психологиялық 
ерекшеліктерін, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары және педагогикалық үдерісті 
оңтайландыру жағдайын білу қажет» делінген [6,74]. 
Алты жасар баланың функционалды хал-жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің 
бірі - оның жұмыс істеуге қабілеттілігі. Бұл орайда Н.М.Попованың [7], В.С.Мухинаның 
[7] зерттеулеріндегі алты жастағы балалардың жұмыс істеу қабілеттілігі шаршаңқылыққа 
әлсіз қарсылығымен сипатталатындығы туралы айтқан тұжырымдарына мән берілді. Сол 
сияқты оқушылардың бірде жоғары, бірде төмен айнымалы жұмыс істеу қабілеттілігі 
кезеңмен сипатталатын: «дағдылану» сатысы (1-ші сабақтың соңына дейін), еңбек ету 
қабілеттілігінің тұрақты сатысы (2-ші--3-ші сабақ), еңбек ету қаблетілігінің барлық 
көрсеткіші төмен түсуі (4-ші сабақ) болса, онда алты жастағы балалардың осы кәдуілгі 


220 
кезеңінің көрсеткіш өзгерістері бұзылғандығы баяндалып, талқыланды. Сонымен қатар 
алты жасар баланың барлық көрсеткіштердің төмендеуі бірінші сабақтан кейін (25-35 
минут) бірден басталатындығы және оның оқу күнінің аяғына дейін созылатындығы 
айтылды. Соның салдарынан жұмыстың қарқындылығы төмендейтіндігі, оның өнімділігі 
мен сапасының түсетіндігі сөз болып, сайып келгенде мұның бәрінің алты жастағылардың 
оқу күнін ұтымды ұйымдастыруды талап ететіндігі, соның аясында сабақтың ұзақтығы 35 
минуттан артпауы, мектепте өткен барлық уақытының 60 пайызына дейінгі үлесі 
ұйымдастырылған белсенді қызметке негізделетіні әңгіме арқауы болды. Мұғалімдерге 
осыны ескеруді үйрете отырып, бұл мәліметтердің балалармен оқу-тәрбие жұмысын сәтті 
жүргізу үшін өте маңызды мәлімет екенін ескерттік. 
Сонымен қатар, алты жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері жөнінде 
біліммен қарулануда «Алты жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері» 
тақырыбын бөліп көрсеттік. Алты жасар балалармен жұмыс жүргізетін экспериментті топ 
мұғалімдерінің ортасында бұл тақырып ерекше қызығушылық туғызып, лекциялар мен 
тәжірибелік сабақтарда осы тақырып бойынша бұл балалардың мектепке психологиялық 
дайындығының сыры ашылды (зияткерлік, еркіндік, жеке және әлеуметтік-психологиялық 
дайындық), олардың психикасын зерттеу әдістері талданды, олардың ойын, оқу, 
көркемөнер, жеке қарым-қатынастар, танымдық үдерістері (қабылдау, есте сақтау, ойлау, 
қиялдау, зейін) ерекше әлеуметтік топ ретінде зерделеніп, 7 жасар балалармен 
салыстырмалы түрде талқыланды.
Біздің тәжірибе жұмысымызда алты жастағы бірінші сынып оқушыларымен оқу-
тәрбие жұмысының ерекшелігін есепке алуға мұғалімдерді дайындау жоғарыда аталған 
шарттармен ажырамас байланыста болды. Бұл шарттың элементтері: 
а) Алты жастағы бірінші сыныптықтармен оқу-тәрбиелік жұмыста сабаққа дейінгі 
уақытты педагогикалық тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын түсіну; 
б)Алты жастағы бірінші сыныптықтарды тәрбиелеу мен оқытудағы тиімділіктің 
маңызды шарты ретінде үзілістерде түрлі оқу-тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырудың 
қажеттілігін сезіну; 
в) Бұл балалармен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ойын әрекетінің басым болу 
мәні мен маңызын түсіну; 
г) Алты жастағы бірінші сынып оқушыларымен жыл бойы тек балалардың тобымен 
қалатынын түсіну, осыған орай осы сыныпта болашақ перспективалы балалар ұжымын 
құру міндетін сезіну; 
д) Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақтың 35 минут болып белгіленуі 
оқу үдерісін ұйымдастыруда сабақтың жоспарын, құрылымын, мазмұнын, әдістері мен 
тәсілдерін ықшамдаудағы дидактикалық өзгешеліктер туғызатынын түсіну т.б. 
Осылайша, «Тәрбие қағидалары» тақырыбында аталған сынып балаларымен 
тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері талқыланды.
«Оқу-тәрбие әдістері» тақырыбында алты жастағы балалармен Ш.Амонашвили және 
т.б. ғалымдар ұсынған түрлі әдіс-тәсілдердің түрлеріне және оларды пайдалану 
ерекшелігіне айрықша көңіл аударылды. Мұғалімдерге жеті жастағылармен жұмыста 
тиімді тәрбие әдістерінің көп үлгілерін толықтай
қолдануға болмайтындығын, жалпыға бірдей түсіндірме әңгімелер тиісті нәтижесін 
бермейтіндігін, ұжымдық пікір мен тәрбие құралының сапасын пайдалануға 
болмайтындығы талданып, түсіндірме берілді. Оқыту мен тәрбиелеудің ойын тәсілдеріне 
үйретуде мұғалімнің өзін балалар ойынына тең қатысушы құқығында енгізу қажеттігі 
түсіндірілді. Бұл алты жастағылармен жұмыста айырықша маңызды. 
Осылайша, тәжірибелік жұмыс көрсеткендей, бастауыш сынып мұғалімдерін алты 
жастағы бірінші сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысына арнайы педагогикалық 
шартта дайындауды жалпы және дербес түрде толықтай жүзеге асыру біз зерттеген алты 
жасар балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың педагогикалық-
психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді және анықтаған алты жасар 


221 
балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері бастауыш мектептің 
оқу-тәрбие жұмыстарын тиімді жүргізудің жалпы шарттарымен диалектикалық бірлікте 
эксперименттік топ мұғалімдерін дайындау өз тиімділігін көрсетті және біз әзірлеген 
зерттеу гипотезасының дұрыстығын дәлелдеді.
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
Толстой Л.Н. Пед.соч. - М., 1953
2.
Амонашвили Ш.А. Мектепке алты жастан – Педагогикалық ізденіс кітабы – Алматы, 
2009, 33-39 б. 
3.Пискунов А.И. Система общепедагогической подготовки студентов педагогических 
институтов и пути ее совершенствования. - М., 2008.-144с 
4.Дистервег А. Избр.пед.соч. –М ., 1956.-334с 
5.Макаренко А.С. Коллектив и воспитание личности. –М.: Педагогика. 2002.-336с. 
6.Обучение детей шестилетнего возраста в детском саду и школе:опыт физиологического 
и гигиенического исследования. - М.: Педагогика,2007.-160с
7.Попова Н.М. Шестилетние в школе и дома. –М.: Медицина, 2008,-56с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет