Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет96/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   267
Қылаңға: 
ақ боз, бурыл, көк бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, 
сұр, құла кер, нар қызыл, қызыл, сары қызыл түстерді, 
баранға:
торы, қара, қара көк, қара сұр, қоңыр, жирен, күрең
түстерді, ал 
алаға: 
сары 
ала, сұр ала, көк ала, кер ала, қара ала, қоңыр ала, күрең ала, шұбар
жатады [5, 90].
Белгілі этнолог Ж.Бабалықұлы жылқы түстерінің бір мыңға жақын болатынын 
анықтаған. «Қазақ халқы бүкіл өң-түсті 
қылаң, баран
деп екі текті 3 топқа жіктейді.
Қылаң дегені
– 
ақ, боз, ақ боз, шаңқан, шаңқан боз, тарлан, ақ тарлан
, т. б.
Баран дегені
– 
қара, қоңыр, көк, жасыл, қызыл, күрең, жирен, торы, сұр, күлгін, 
құла, шабдар, сары
, т.с.с.
Халқымыздың 
баранға 
жіктеген өң-түстері табиғаттағы кемпірқосақ түсі негізінде 
аталған деуге болады», – деп жылқы малына тән түстерді атап көрсетеді [6].


209 
Жылқы малының түр-түсіне қатысты атауларды топтастыра беруде жоғарыда аты 
аталған этнолог 
Ж.Бабалықұлының
еңбегі өзгелерден айрықша. Себебі автор түр-
түстерді мейлінше жан-жақты қарастырып, жүйелеп берген.
Ата-бабаларымыз малдағы ала түсті: 
сауысқан ала, ит ала
деп екі топқа жіктейді. 
Өзгермейтін, құбылмайтын, бір тал түк немесе қылын қисайтпайтын, табиғи түсін, үлгі, 
көлем қалпын бұзбайтын ала жылқыны – 
сауысқан ала
, табиғи үлгі, пішін, қалып 
сақтамайтын, денеде белгілі бір тұрақты орны жоқ, бірде үлкен, бірде кіші, қыңыр-қисық, 
тұрақсыз өң-түсті атты – 
ит ала 
деп атаған. Шын мәнінде, жылқы жануардың түсі «
ит 
алаға»
жақын. Себебі меңсіз, қалсыз, дақсыз, жылқы кемде-кем кезігеді.
Қазақтың жылқыға байланысты шыққан наным-сенімдерінің ішінде жылқы 
малының түсіне байланысты жора-жосықтары өз алдына бір сала десе болады. Түркі-
моңғол көшпенділерінің «жылқы ғұрпын» зерттеген Л.П.Потапов жылқы түсінің салт-
дәстүрдегі мәнінің айрықша екендігіне тоқталады [7, 24].
Қазақ халқының түсінігінде бұрын жылқының қай түсі жақсы болып 
саналғандығын ұлтымыздың салт-дәстүрлерінен, наным-сенімдерінен байқауға болады. 
Т.Әлішеровтің айтуынша, қазақ аттың 
торы, күрең
түстісін жоғары бағалаған. Мұндай ат 
әрі көрікті, әрі төзімді болады. Егер шаты, құйрығы, шоқтығы қара болса, оның да жақсы 
ат болғаны. Қабағы, жалқұйрығы, шаты, көздері мен еріндері қара болса, 
жирен
және 
құла 
ат
та жақсы болады. 
Бурыл ат
та осындай. Қара жылқының кейде қызыл және шегір 
көзділері болады, олар шәлкес мінезді келеді. 
Көк
жылқының тәуірі сирек кездеседі, ал 
көзінің арт жағы, құйрығы бозғыл, арқасында қара 4 жолағы бар 
сұр
жылқы да жақсы 
болады. 
Ала 
жылқыны ешкім де мақтамайды, оның арасынан жақсы ат көп шықпайды 
[4,48].
Тәжірибелі жылқышылар мен бапкерлер 
боз
түстінің 
баран 
түстіден әлсіз 
болатынын айтады. «
Қаракөк 
не жүйрікті алам, не берікті алам» деген мәтелден берік 
аттардың 
қаракөк
түстен шығатынын байқаймыз. Мұнан кейінгі қазақтардың жақсы 
көретіні – шұбар түсті жылқы. Атбегілердің айтуынша, 
шұбардың
тұқымы өте аз, бірақ 
айрықша сүйкімді келеді. 
Қорыта келгенде, қазақ халының тарихында жылқы малына байланысты атаулар 
қызықты әрі өзекті мәселелердің бірі. Тілімізде жылқы малынына қатысты қолданылатын 
сөздердің басым бөлігі түр-түсіне байланысты болғандықтан сын есімдердің де жазылуы 
бүгінгі күнде бірізді емес. Мұндай сын есімдер кейде бөлек,көп жағдайда бірігіп жазылып 
жүргені баршамызға мәлім. Жылқы түстеріне байланысты сөздерді жинақтау инемен 
құдық қазғандай, әуелі негізгі түстерді реттеп алып, енді оған басқа бір сөзді қосып отыру, 
зерттеушіні алға жетелей түседі. Түстер мен реңдерді зерттеу – жылқы туралы 
мәселелердің ішіндегі ең қиыны, бірақ ең қызықтысы. 
Пайдалынлағн әдебиеттер тізімі: 
1.
Шынар А. Қазақтар мен түріктерде жылқы өсіру мәдениеті және оның рөлі (ауд. 
Кенан Коч). – Шымкент: Әлия, 2001. – 135 б. 
2.
2. Бейсенова М.С. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі төрт түлік 
мал атаулары. Ф.ғ.к. дисс. қолжазбасы. 10.02.06. – Алматы, 1997, – 170 б. 
3.
4. Ер қанаты (құрастырған Ж. Аупбаев). – Алматы: Қайнар, 1987. – 328 б. 
4.
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б. 
5.
7. Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. – 
Алматы: Ғылым, 1969. – 172 б. 
6.
9. Бабалықұлы Ж. Жылқының түсі // Егемен Қазақстан, 2005, 25 мамыр. 
7.
8. Потапов Л.П. Мифы алтае-саянских народов как исторический 
источник//Вопросы археологии и этнографии Горного Алтая. – Горно Алтайск, 
1983. – С. 22-27. 


210 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет