Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ОҢТҮСТІК ТҮГІСКЕН ЖӘНЕ ҰЙҒАРАҚ ҚОРЫМДАРЫ:ЗЕРТТЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет97/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   267
ОҢТҮСТІК ТҮГІСКЕН ЖӘНЕ ҰЙҒАРАҚ ҚОРЫМДАРЫ:ЗЕРТТЕЛУІ 
ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ 
 
Жүсіпназар М., Тәжекеев Ә. 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мелекеттік Университеті 
 
Түгіскен және Ұйғарақ обалары-ертедегі темір дәуірінде Шығыс Арал өңірінің 
аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандарын массагет-сақтардың 
құрамына кіретін этникалық топтар мекендеген.Олардың сол кездегі мәдениетінің 
ескерткіштері Сырдарияның төменгі бойындағы Ұйғарақ және Түгіскен қыраттарында 
орналасқан обалы қорымдар болып табылады.Түгіскен қорымы екі дәуірдің 
ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл- Солтүстік Түгіскен, б.з.б ІХ-VІІІ ғасырлардағы 
қорымдар. 
Сақтардың обалы қорымы Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде 
орналасқан. Ол өз кезегінде екі кешенге бөлінеді, олардың біріншісі 9, екіншісі 27 обадан 
тұрады.Оңтүстік 
Түгіскеннің 
барлық 
сақ 
обалары б.з.б 
VІІ-V ғасырларда 
тұрғызылған.Ұйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа: Шығыс, Орталық және Батыс 
топтарға шоғырланған.Олардан 70 оба қазылған.Оңтүстік Түгіскен қорымы екі кешенге 
бөлінеді. Олардың біріншісі 12 обадан, екіншісі 29 обадан тұрады. 
Солтүстік Түгіскен Некрополында тоғыз оба орналасқан. Үйғарақ қорымының 
обалары б.з.б VІІ- VІ ғасырлармен мерзімделеді. Б.з.б V ғасыр обалары бірен- саран ғана, 
олар үш топта шоғырланған – Шығыс (30 шақты) , Орталық (27) және Батыс (21). 
Оңтүстік Түгіскен мен Ұйғарақ қабірлерінде жерлеу ежелгі жер бетінен қазылған топырақ 
шұңқырларға мүрдені қою (жерлеу) ғұрпы бойынша атқарылды, алайда мүрдені өртеу 
салты да кездеседі. Барлық жағдайда үстіне оба тұрғызылған. Обалардың сақталған 
биіктігі 0,3-2 м, диаметрі 10-40м шамасында. Мүрденің жерленуіне қарағанда қайтыс 
болған адамды шалқасынан қамыс төсенішке жатқызған, басын батысқа немесе оңтүстік -
батысқа қаратып, бұтақтармен және қамыспен өрілген жеңіл ағаш каркас құрылыс ішіне 
қойған. Құрылыс іздері шіріп кеткен не болмаса жанып кеткен дөңгелек бағана 
шұңқырлары түрінде сақталған. Жерлеу құрылысының айналасы шыбық- шөпшектермен 
және қамыс қабатымен жабылған. Жоспары бойынша бұл құрылыстар дөңгелек, сопақша 
келген, тікбұрыштылары сирек кездеседі. Баған шұңқырларының шеңбері бір қатар, 
алайда оның ішіне шаршы бұрышында төрт бағанадан тұрғызылған камера секілді 
құрылыс жасалған. Кейде шеңбер екі бағаналар қатарынан да тұрды.
Оңтүстік Түгіскен мен Ұйғарақ обаларындағы жерлеу ірі тікбұрышты топырақ 
қабірлерінде жүзеге асырылған. Қабірдің бұрыштарында тіреу орындары сияқты кішкене 
шұңқырлар жиі кездеседі. Кейбір қабірлерді лақаттың түбінен қабырғаны жағалай арықша 
қазылған да, өлік «жер үстел» үстінде жатқандай болып көрінеді. Қабір бұрыштарындағы 
шұңқырлар сияқты мұндай «үстелдер» - Солтүстік Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге 
айналған белгілі жерлеу ғұрпының жергілікті тәсілдері.Түгіскенде жерден қазылған 
шұңқырларға жерленетін обалардың тағы бір өзгеше тобы бар. Құрылыстардың бұл 
нұсқасы ортасында беті, ағаш бөренелермен жабылған жер шұңқыр бар, жан-жағы айнала 
қоршалған топырақ дуалдан тұрады. Дуалдың топырағы айналасындағы белдеулей 
қазылған орлардан алынған. Бұдан басқа топырақ дуалды қоршаған ор жанғыш 
материалдармен (шөпшекпен) толтырылған. 
Сонымен қатар, Ұйғарақта жер қабірлердің Түгіскенде жоқ түрі бар.Бұлар, 
негізінен, бұрыштары дөңгеленіп келеген тікбұрышты тар молалар. Оңтүстік Түгіскен мен 
Ұйғарақ қабірлерінің көпшілігі, өкінішке орай тоналған.Әдетте, барлық тоналған 
қабірлердегі құйымшақ сүйектері сол күйінде, ешкім тиіспеген қалпында сақталған, 
қаңқаның басқа бөліктері мен бас сүйектерін тонаушылар шашып немесе лақтырып 
кеткен. Бұл мейлінше құнды заттар басқа, кеудеге және қол,а тағылған деп топшылау 


211 
жасауға мүмкіндік береді. Сірә, мүрдені молаға киімімен және бас киімімен жерлеген, 
олар ұсақ моншақтармен және алтын қапсырмалармен әшекейленген.
Түгіскен қорымындағы № 54 обадан ( Б.з.б V ғ ) алтын қаңылтыршадан жасалып, 
аппликация түрінде белбеуге тағылған өрнекті жапсырмалар алынған. Көптеген 
қабірлерден халцедон, сердолик т.б тас жыныстарынан дайындалған моншақтар 
кездескен.Ұйғарақтағы әйел адам қабірлерінен білезік, ер адамдар моласынан сырға 
табылған. Қоладан және темірден жасалған пышақтар ер адамның да, әйел адамның да аяқ 
жағынан алынған. Сірә, жылқының жерленуін көрсетуі тиіс болған ат жүгендері жүзден 
астам қабірлерден кездескен, олардың көпшілігі ер адам мен әйелдердің аяқ тұсынан 
алынған. Керамика әйелдердің және ер адамдардың қабірлерінен ұшырасқанымен 
барлығында жоқ. Әдетте ол жаспырылған бір ыдыс, кейде оның саны екеуге дейін жеткен. 
Тәртіп бойынша олар мүрденің аяқ жағында тұрған. 
Ер адамдардың қабір құрал саймандарында қару-жарақ маңызды орын алады. Олар: 
қола жебе ұштары ( кейде жебе ұштарының шоғыры кездеседі, олар қорамсаққа салынса 
керек), қайрақтас пен бірге болатын қоладан және темірден жасалған қанжарлар, ұзын 
темір семсерлер. Бір рет бейметалл күрзі ұшырасқан. Әйел адамдардың қабірлерінде жиі 
кездесетін құрал-саймандар: диск тәріздес қола айна, тас алтарь, жалпақ етіп өңделген 
сүйек ( бояу езуге арналған), шаруашылық заттар ( дәнүккіш, ұршықбас т.б) . 
Түгіскен жіне Ұйғарақ обалары 
Оңтүстік Түгіскен мен Ұйғарақ кешендерінен сақ әлемінің оңтүстік орта Азиялық 
және алдыңғы Азиялық елдермен байланыс жасағаны ( бейнелеу өнерінде арыстан мен 
қабылан, шеттен әкелінген ыдыстар, моншақтар) нақты көрініс табады. Шығыс Арал 
маңындағы ерте сақ ескерткіштерінен табылған олжалар кейбір бейнелердің алдыңғы 
Азиялық екендігін дәлелдейді. Сонымен қатар іргелес аймақтарға тән бірқатар олжалар да 
анықталып отыр. 
Бірқатар ғалымдардың пікірінше б.з.б ІІ ғасырдың ортасында сақ әскери бірлестігі 
тайпаларының біразы Арал маңынан кетіп сонау шалғайдағы Бактрия мен Үндістанға 
жасалған жаулап алу жорықтарына қатысқан Қазақстан ежелгі мекендеушілерден қалған 
ескерткіштер , мұнда шаруашылық және әлеуметтік дамудың біркелкі болмағанын , бұл 
ұланғайыр территорияның бірқатар региондарында әсіресе оңтүстігімен оңтүстік 
шығысында алғашқы қауымдық құрылыстың және жазба деректемелерге қарағанда, 
тайпалық ұйымның күшті қалыптары мен сарқыншақтары бар әуелгі таптық 


212 
қатынастардың қалыптаса бастағанын көрсетеді.Түтікше шүмегі бар ыдыс та орта 
Азиялық түр болып табылады. Шүмегі түтікше ыдыстар Түгіскен мен Ұйғарақтағы б.з.б 
ғасырдағы қабірлерден табылды, Қазақстан аумағындағы басқа сақ кешендерінде олар 
ұшыраспады. Сонымен бірге оңтүстік Түгіскен мен Ұйғарақ та бір не екі тұтқасы бар 
жапсырма сапты аяқтар, ернеуі ішіне қарай ішіне қарай аздап емеурілген, бүйірі шығыңқы 
тостағандар кездесті.Ыдыстардың бұл түрлері Еділ бойы мен Оңтүстік Жайық Өңірінің 
савроматтар дүниесінде, сондай ақ Қазақстанның ертедегі көшпелілердің жерлеу 
орындарында жақсы белгілі.
Сонымен, Б.з.б V ғасыр обаларына тән нәрселер: лақаттардың бұрыштарындағы 
шұңқырлардың сақталуы, аз болғанымен жерден қазылған қабірлер мен жер үстіне 
салынған жерлеу құрылыстарының қатар қолданылуы, оттың жерлеу салтындағы елеулі 
рөл атқаруы. Бұлай деуімізге 1957-1963 жылдар аралығында С.П.Толстовтың 
жетекшілігімен Хорезм археологиялық- этнографиялық экспедициясының ( ХАЭЭ) 
Іңкәрдария маршрутының барлау отряды Сырдарияның Оңтүстік шеткі арналарының 
Қызылқұм шөлді даласы мен шектесетін аймақтарында, Жаңадария мен Іңкәрдария 
бойынан «Шлакты обалар» деп аталатын жаңа ескерткіштердің тобын ашуы дәлел бола 
алады.Жерлеу орындарымен қатар Сырдарияның төменіндегі Жаңадария мен орта 
Іңкәрдария бассейндерінде б.д.д VІІ-V ғ тұрақтар мен елді мекендер өмір сүрген олар өзен 
арналарының жағасында немесе су көздеріне жақын құм арасындағы ашық жазықтарда 
орналасқан бұл елді мекендер мен Түгіскен, Ұйғарақ обаларынан табылған заттардың 
және ортақ жерлеу ғұрыптарының ұқсас болуы бұл елді мекендерде өмір сүрген 
тұрғындардың көпшілігі осы аталған Түгіскен мен Ұйғарақ обаларында жерленген 
адамдардың бір бөлігін қүраған деп болжам жасауға мүмкіндік береді. 
Ұйғарақтағы 
қабірлердің 
жартысынан 
дерлік 
жүгеннің 
қалдықтары-
ауыздықтар,айшықтар,әр түрлі қапсырмалар,сондай-ақ тартпалардың айылбастары 
табылған.Кейбір ауыздықтардың ,айшықтардың түрлері мен оларды жасау әдістерінде 
,айылбастарында және жүген жиынтығының бірқатар заттарында ғана емес ,сонымен 
қатар сол жиынтықтарға кіретін заттардың өз құрамында да ұқсастық байқалады.Алайда 
Ұйғарақтағы ер-тұрман ауыздық пен айшықты бірге құйып шығарған ерекше үлгіде 
болды.Сондай-ақ ,үш тесікті мүйіз не қола айшықты ,үзеңгі түріндегі шығыршықты 
ауыздықтары бар жүгендерде ерекше үйлесімімен көзге түседі.Ұштары тікбұрышты 
жұмыр келген және қосарлы қондырмалы айшықтары бар,бітімі өзгеше ауыздықтардың 
Арал өңірінен көптеп табылуы бұл ауданның осындай үлгідегі жүген жасайтын 
орталықтардың бірі болғанын көрсетеді.Ат әбзелдері құрамына кірген заттардағы алтын 
қапсырмалар,тоғалар мен жапсырмаларға аңның бейнелері түсірілген. Хайуанаттар 
бейнелерінің арасында бұғы, киік, жылқы,таутеке, қабан, арыстан, барыс не қабылан 
,жыртқыш құс,түйе бар. Бұл заттардың жасалу әдістер мен стилі Арал өңірі сақтарының 
мәдениетін скифтік-сібірлік өнер дүниесіне енгізеді.
Аң стилі өнерінде фантастикалық хайуандардың бейнесі жиі кездесіп отырады. 
Олардың бейнесі хайуанаттар әлеміне кіретін түрлі өкілдердің бейнесімен астасып 
жатады. Оңтүстік Түгіскен қорымындағы обадан алынған семсер қынабына тағылған 
алтын жапсырма дәл осындай өнер туындысын көрсетеді. Онда жерге бірінен кейін бірі 
жабысып жатқан екі фантастикалық аң бейнеленген. Сауыры мен бұралаңдаған құйрығы 
мысық тұқымдас аңдарды еске түсіреді, басы аттың басына ұқсас, тістерін ақситқан араны 
қасқырдыкыне ұқсайды. Иық тұсына үшбұрыш түрінде ою-өрнек түсірілген.
1960-1963 
жж. 
Хорезм 
археологиялық-этнографиялық 
экспедициясының 
зерттеулері М.А Итинаның жетекшілігімен Түгіскен жерлеу кешенінде жүргізілді. Бұл 
қазбалардың қорытындылары М.А.Итина мен Л.Т Яблонскийдің «Саки нижней 
Сырдарьи» (1997) және «Мовзолей Северного Тагискена.Поздный бронзовый век Нижней 
Сырдарьи»(2001) еңбектерінде қамтылған. 1961 жылы О.А Вишневскаяның 
жетекшілігімен Ұйғарақ қорымында қазба жұмыстары басталып, 1962,1963 және 1965 


213 
жылдары жалғасын тапты. Ұйғарақ қорымы жайлы О.А Вишневскаяның «Культура 
Сакских племен низовьев Сырдарьи VІІ- V вв. До н.э» ( 1973) іргелі еңбегі жарық көрді.
Қорыта келе Оңтүстік Түгіскен және Ұйғарақ қорымы Қазақстандағы жерлеу 
ерекшелігі жағынан құрылысының көлемі мен күрделілігі, сондай ақ қабірге салынған 
заттарының байлығымен және молдығымен ерекшеленетін темір дәуірінің теңдесі жоқ 
бірден бір ескерткіштерінің бірі болып табылады.Қазіргі кезде бұл тарихи мәліметтер 
өскелең ұрпаққа ерте темір дәуіріндегі тайпалардың өмірін айшықтайтын құнды дүние 
болары сөзсіз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ Энциклопедиясы ,18-том .Толстов С.П. Жданко Т.А. Итина М.А. Работы 
Хорезмской Археолого-Этнографической экспедиций. АН СССР в 1959-1961 жж 
2. Толстов С .П Результаты историко-археологических исследований 1961 г на 
древных руслах Сырдарьи
3. Толстов С.П Итина М.А, Саки низовьев Сырдарьи (по материалам тагискен) 
4. «Қазақстан тарихы» ( көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық 
1-ші том Алматы: Атамұра, 2010 
5. Түгіскен қорымы // Қазақстанның киелі орындарының географиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет