Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет148/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Список использованной литературы: 
1. «Сборник документов по международному праву» - База данных «Закон» 2020 г. 
2. Конституция Республики Казахстан. - Алматы: Казахстан, База данных «Закон» 
2020 г. 
3. Назарбаев Н.А. «Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного 
государства». - Алматы, 2006. 
4. Мокичев К. А. Против ревизионистских извращений марксистско-ленинского 
учения о государстве и праве: Лекция. - М., 1959. 
5. Строгович М.С. “Право обвиняемого на защиту и презумпция невиновности”. – 
М., 1984.
«ЖАНҚОЖА БАТЫР» ТАРИХИ ДАСТАНЫНДАҒЫ ҚОҚАНДЫҚТАРДАН СОЗАҚ 
ҚАМАЛЫН АЗАТ ЕТУ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
Сүгірбай М, Тайман С.Т 
 
 
ХІХ ғасырда өз өлкесінің азаттығы жолында жан аянбай күрескен Жанқожа 
Нұрмұхаммедұлын, ұлттық тарихтан там-тұмдап болсада хабары бар кез-келген қазақ 
азаматының білері анық. Жанқожа бес қаруын сайлап, аяғын аттың үзеңгісіне салған 
уақытта, Сырдың бойына Қоқан, Хиуа хандықтары қанды құрығын салып тұрған күрделі 
кез еді. Ізін ала бұл өлкеге, 1730 жылғы Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың әйел патша 
Аннаға жазған хатын желеу етіп, «қанатымыздың астына алып, қамқор болайық» деп 
жанашырлық танытқан кейіппен зеңбірігін сүйреткен Патшалық Ресейдің жандайшаптары 
да келе бастаған болатын. Осылайша, Жанқожа Хиуа, Қоқан басқыншыларына, орыс 
отаршылдарына қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілісті бастап шығуына тура 
келді. Орталық Ғылыми Кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақталған «Жанқожа 
батыр» тарихи дастанының негізгі 6 нұсқасын, ғалым Серікбай Қосанның аударуында 
«Бабалар сөзі» тарихи жырларының 62 - ші томына жинақтап енгізген болатын. Тарихи 
дерек ретінде санасуға жарайтын 6 нұсқада да Жанқожа батырдың ұлт-азаттық көтеріліс 
жолындағы ерен еңбекткерін, жеткен жеңістерін баяндайды. Алты нұсқада да халық 
«қаһарманының» өмір сүрген кезеңін, қарапайым халыққа Қоқан, Хиуа хандықтарының 
берген азарын, салған ауыртпалығын барынша нанымды мәләмет ретінде жеткізеді. 
Жырда 
көбіне 
Орыс 
отарлаушыларының 
әрекеттеріне 
қарағанда, 
Хиуалық 
басқыншылардың қиғылығынан көбірек дерек келтіреді. Мұның себебі, Патшалы ресейдің 
ықпалы қазақ даласын түгел қамтып, өз өктемдігін орнатудан болса керек деп 
топшыладық. «Кімнің арбасына отырсаң, соның өлеңін айтасың» дегендей, кезінде қазақ 
даласының тарихын жырмен жеткізген жыраулар, осы тұста тілдері күрмеліп, тарихи 
шындықтан аттап кетпесе де, алашақтап жүруіне тура келген сыңайлы. Дегенмен, 


324 
Жанқожа туралы «айтылған тарих» сипатындағы деректердің барлығы дерлік архивтік 
құжаттармен сәйкес келетіндігін орыс ғалымы, этнограф Аничков та мойындаған 
болатын. Тарихи дастандар Жанқожаның жеке бас ерекшеліктерін ашып көрсете біледі. 
«
Жанқожа батыр» тарихи дастанында тағы бір баяндалатын оқиға - бұл 
Кенесарының Жанқожа батырмен тізе қоса отырып, Созақ қамалын Қоқандықтардан азат 
етуі. «Көшпелі қазақтар оңтүстікте ортаазиялық үш хандықпен-Бұхар, Хиуа және Қоқан 
хандықтарымен шектесті. Бұлардың ішіндегі анағұрлым азулысы 20-30 жылдарда Хиуа 
мен Қоқан хандықтары болды. Осы кезде Ұлы Жүздің бір бөлігін Қоқан жаулап алды да 
және ол Орта Жүз жерінің едәуір бөлігін алуға ұмтылды. Негізінен, Қоқан хандығы ХVІІІ 
ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Тәуелсіз Түркістанның бүкіл 
шығыс бөлігін алып жатты. Ол солтүстігінде құнарсыз дала арқылы бөлініп тұрған 
Сібірдің шеткі окруктерімен, батысында Хиуа және Бұқармен, оңтүстігінде Қаратегін, 
Дарваз және Кулябпен, Шығысында Қашқариямен шектесті. Қоқан хандығының 
құрамына Сырдария өзенінің оң жақ жағалауы мен Алатауға дейінгі жерлерді алып 
жатқан Намаган аймақтары және Ташкент пен Ходжент қалалары арасындағы Ұра төбе 
аймағы кірді. Сондай- ақ Бақаш көлі мен Сырдарияның жоғарғы ағысы арасындағы 
территориялар да хандықтың аумағына енді.[1. 125-128 бет.] 
ХІХ ғасырдың бас кезінде Қоқан хандығы Қазақстанның оңтүстік аймағын 
түгелдей бағындырды. Ол Шымкент, Сайрам, Түркістанды алғасын, жерді кеңейте келе 
Жаңақорған, Жөлек, Ақмешіт қамалдарын тұрғызып, елден алым-салық жинау жүйесін 
жолға қойды. Елді датқалар арқылы уысында ұстап келген Қоқан хандығы Хиуа 
танаушыларынан кем түспеді. Талап- шартқа бағынбағандарды жазалап, бас көтерген 
шаруаларды әскер жіберу арқылы аяусыз жаншып отырды. Тама Құрман бидің баласын 
өлтіріп, Сарман биді дарға асқасын, бұл маңдағы халық біраз дүрлігіп қалды. Ағалары 
Есенгелді мен Саржан Қоқандықтардың қолынан қаза тапқасын Кенесары, қалай да кек 
алып Қасым әулетінің абыройын қайта асқақтатуды ойлаған болатын. Осы мақсатпен 
және орын алған жағдайларды ескере отырып Жанқожа батырға хат жазып, Созақты 
қайтарып алу жолында қол біріктіру керектігін жеткізді.Осы деректі И.В. Аничковта 
жеткізеді: «...Кенесары үш жүздің ең атақты деген батырлары мен билерін, бай мен 
бағыландарын шақырып, Үш Алаштың баласының басын қосып, әкесіне ұлан-асыр ас 
берді. Сол астың соңында оны Үш Жүздің баласы ақ киізге салып, біп ауыздан хан 
көтерді. Созаққа жасаған осы жорықтың алдында Жанқожа батыр Түркістан шәріне 
барып, 1162 жылы қайтыс болған, исі түркінің әулиесі Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет 
Яссауиге зиярат қылды. Оның келгенін естіп, Түркістан маңайында отырған қазақ 
ауылдарының бас көтерер азаматтарының бірі қалмай батырға сәлем беріп жүздеседі. 
Оның алдында Қоқандықтардың сазайын тарттырайық деп Кенесары Жанқожа батырға 
арнайы хат жазып, Кіші Жүз қазақтарынан көмек сұраған еді».[2.21 бет.] 
Жанқожа бұл ұсынысты қабыл алды. Кенесарының ұсынысын қабыл алғанын 
дастандағы деректерден де көруге болады: 
...Уәде берді Ер Жәкең, 
Аттанбаққа Созаққа. 
Кіші Жүздегі батырға,
Хабарлады жан-жаққа. 
Қолына түскен батырмен, 
Сол Созаққа бармаққа. 
Кенеге күшін көрсетіп, 
Өзбектен кегін алмаққа. 
Азары өткен өзбектің, 
Көрсеткен бұрын қазаққа.[3. 79 бет.] Орнықбай Сұлтановта Кенесарының жіберген 
хабарын құп көргендігі туралы дерек келтіреді: 
... «Аттанам»- деп Жанқожа, 
Алмасын буды беліне. 


325 
Атасы бір қазақтың, 
Қоқанда кеткен кегіне. 
«Қорған салды әкеліп, 
Мынау тұрған Ақмешіт- 
Кіші Жүздің жеріне». 
Үйсін менен Дулаттың, 
Ор қазып тұр төріне. 
Айналасын олжалап,
Өзі келіп ұрынды, 
Тек жүре алмай жөніне. 
«Бітір менен зекет» деп 
Мал алып тұр күніге. 
Соның үшін кектімін, 
Созақтың суайт бегіне.[3. 326-327 бет.]
Орнықбай Сұлтановтың «Жанқожа батыр» дастанындағы бұл деректен Жанқожа 
батырдың Қоқандық бектердің бұқара халыққа жасап отырған қысымшылығынан 
бұрыннан хабардар екенін және үлкен қынжылыста отырғанын байқауға болады. 
Осылайша, Жанқожа айтулы алты жүз сарбазымен Созаққа аттанды. «Жорыққа 
қатысқан екі мыңдай сарбаздың құрамында мына батырлар болған: Тілеу-Қабақ 
Шынтемір, Сарыбопа, Жақайым Пірімжар, Жылқаман, Толыбай, Майдан Бажақ, 
Көпжасар, Жолақ, Жалмырза, Бекбауыл, Қаржаубай, Боранбай, Қарасақал Дабыл, Қадір, 
Шағырай, Сәдір, Шөмекей Тоғанас, тоқымтыққан Қыстаубай, Қаракесек Ақтан, Айдарбек 
Сатыбалды, Ізбас, Құрманай Тәңірберген, Әжі Мейрамәлі, Төртқара Таттыбай, Мырзалы, 
Аққасын, Беласар». [3. 104 бет.] 
Бұл батырлардың Созақ шайқасына барғанын дастандағы деректерден көреміз. 
Жанқожаға Кенесары «кезегің келді, ендігі Созаққа жорықты өзің баста» дегенде 
Жанқожа Төремұрат жырауға «сарбаздары жігерлендір» деп бұйрық береді. Сонда, 
Төремұрат жырау батырлар жиналған кезде былай өлеңдете сөйлейді: 
...Атаның арын арлайтын, 
Мінекей, ерлер, күн жетті. 
Атаға ұсап ұл туса,
Жүрген жері жендет-ті. 
Хан болып халқын сұраған, 
Шын ашуы келгенде, 
Жауға қардай бораған. 
Салтанатың кем емес, 
Нәріктің ұлы Шорадан. 
Айғыр дауыс Таттыбай,
Дұшпанды еттей тураған. 
Онан туған Мырзалы, 
Қайратың асқан тумадан. 
Қыл белбеулі қырық ердің, 
Біреуі мынау- Киікбай 
Бекбауыл, Бажақ сол ерден, 
Асылдан түскен қиықтай. 
Анық батыр ат қояр, 
Дұшпанды көрсе ұйлықпай. 
Арқаңа сүйеу- Жанқожа, 
Қара мойыл сырықтай. 
Аққа сыйын Беласар, 
Беліңе садақ жарасар. 
Екі талай жер болса,


326 
Ердің көңілін ер ашар. 
Ұмтылыңдар қалаға, 
Сендерден қалса, хан ашар. 
Дарбазасы ашылса,
Кейінгі әскер, қол басар. 
Ежелден абырой, үлгі алған, 
Қамалды бұзып жол салған. 
Қандыкөз туған жақсылар, 
Екпініңнен жау қашар. 
Шал төртқара Таттыбай, 
Қожа, Төре бұзбады. 
Ақрында хан Кене, 
Жанқожаны қозғады. 
Батырды жұртқа мат қылмай, 
Абырой алып берсеңдер, 
Сендерден ешкім озбады. 
Ажалы жеткен адамдар,
Үйде жатса да өледі,
Көзінің жасы құрғамай. 
Көпжасар, Бажақ, Айдарқұл, 
Сатыбалды Жұмабай, 
Аталарын ардақты, 
Құттық пенен Құрманай. 
Құланбике, Қоңырдың, 
Кереметі белгілі-
Жарқырап мысал туған ай. 
Шағырай, Сәдір, Ер Дабыл, 
Тоқым тыққан Қыстаубай, 
Іс көрсетер күн бүгін,
Құр атаққа мәз болмай.[3.39-40 бет.] 
Жанқожа Созаққа барар жолда Қоқанға қарасты Ақмешіт, Жөлек, Жаңақорған, 
Қосқорған, Күмісқорған сияқты бекіністерді қоршауға алып, азат етті. Созаққа жеткен соң 
Кенесары: 
«Соғыс бастау дәрежесін маған берген болсаңдар, менімше былай болсын. Біз үш 
жүздің баласымыз ғой. Әрбір жүз реттесіп кезек соғыс жүргізсін. Мерзім әр жүзге үш 
күннен берілсін. Егер кезегінде Созақты бұзып алса, онда атақты өзі алсын. Ал, осы 
мерзімді кезектерінде үш жүзде ала алмаса, онда осы тоғыз күннен кейін, үш жүз бас 
қосып, бірігіп соғыссын. Әуелі әр жүз өз бағын сынап көрсін, меніңше сол дұрыс болар 
деп ойлаймын – дейді. 
Бұл сөзін көпшілік мақұлдайды. Бұл кіші жүздің адам саны аздығын көріп, 
Жанқожа батырды қомсынып, бес жүз әскермен қолынан не келер екен деп шеттеткендегі 
қулығы еді, Кенесарының». [4. 24 бет.]
Бірақ, ертеңіне Ұлы Жүз бен Орта Жүз Созаққа бірігіп шабуыл жасап кетті. 
Мұның себебі, Кенесары қосынанда сарбаздардың басым көпшілігі осы екі жүзден болса 
керек деп топшыладық.Ұлы Жүз бен Орта Жүздің бір кезекте бірге шабуыл жасағанын: 
Ұлы Жүз бенен Орта Жүз, 
Бір адамдай көрінді, 
Тұйғын құстай түйіліп. 
Кенесары ат қойды, 
«Абылайлап» айқайлап, 
Өткен пірге сыйынып [3.339 бет.]- деген жолдардан да көруге болады. 
Кенесарының тұрақты әскерінде көбіне Ұлы Жүз бен Орта Жүздің батырлары болды.


327 
Жанқожа үш күн бойы шабуылдың сыртынан қарап жатуды жөн көрмеді. Оның 
үстіне Созақ бекінісінің басшысы Қоқанға хабар беріп үлгерген болса, ол жақтан да 
көмекке әскер келу керек деген оймен қамал сыртын сарбаздарымен бірге қоруға шықты. 
Түркістан маңы, Қаратау бектеріне дейін торуыл жасаған Жанқожа батыр, өзі 
топшылғандай Қоқан ханы Насырулланың Созаққа жіберген екі мың қолымен бетпе- бет 
жолықты.Қолды бастап келе жатқан Таған батыр, Жанқожамен жекпе- жекке шығып, 
жеңіліс табады. Осындай үлкен қауіптің бетін қайтарған Жанқожа, батырларын бастап 
қайтадан Созаққа бет алады. Бұл кезде Созақ қамалы Кенесары қосынына алдырмай біраз 
әбігерге салып жатқан еді. Бұл туралы дастандағы деректерде былай делінеді: 
Қамалды бұза аламады үш күн қамап, 
Бұл сапар сәтсіз болды еткен талап. 
Бұқарбай, батыр Жәуке, Ер Ағыбай, 
Жүретін әрқайсысын жүзге балап.
Наурызбай өз інісі, арғын Төле, 
Қашаннан аты шыққан қандыбалақ. 
Қаншама «Абылайлап» ұмтылса да. 
Келтірген пайдасы жоқ жаңғыз қадақ. 
Сол үшін Кенесары тастады да, 
Майданнан қайта шықты кейін қарап. 
«Кезекті кіші жүзге бергенім»- деп, 
Екі жүз демін алды тарап- тарап.[3. 331-332 бет.] 
«Сөйтіп, Қоқанның Созақ бекінісіндегі әскерлері қосымша жіберілген күшті 
пайдалана алмай әлсірейді. Дегенмен, Ұлы, Орта Жүздің қолдары Созаққа өздерінің 
кезегімен шабуыл жасаса да қамалды ала алмайды. Ендігі кезек Жанқожа бастаған Кіші 
Жүздің сарбаздарына келеді. Өзінің шабуылын Жанқожа былай жоспарлайды: Созақ 
бекінісіне шабуылға шыққанда- Сатыбалды мерген бастаған садақшылар қамалдың ішінен 
оқ атушыларды атып түсіріп, бекініске шабуыл жасаушы сарбаздарға жол ашулары тиіс. 
Садақшылар шабуылға шыққанда, сауыттарын шешіп тастасын. Сауыт киген сарбазадар 
Жанқожаның басшылығымен қамалға шабуылға шығып, қақпаны бұзып ашқан кезде атты 
әскерлер де келіп шайқасқа лап қойып қатынасуы керек. Осы оқиғаны Лұқман Кежеев 
былай жырлайды: 
...Он жігіттің ішінде, 
Жанқожа батыр пішінді. 
Екпіндеген бойымен, 
Қалаға жеткен секілді. 
Қатуланып ұмтылды, 
Аш қасқырдай бұлқынды. 
Артындағы көп әскер, 
Көріп тұрды бұрқылды.
Бұрап үзіп тастады, 
Дарбазадағы құлпыңды.[5.245 бет.] 
Қамалдың қақпасы ашылғасын Созақ ішіндегі сарбаздар көп қарсыласпай берілуге 
мәжбүр болды. Оның үстіне қамал ұзақ уақыт қоршауға алынғасын азық- түлік, оқ –
дәрілер де таусылып тойтарыс беруге шамасы келмей қалды. 
Қорыта айтқанда, Созақ қамалы қоқандықтардан осылайша азат етілді. «Созақтың, 
бірнеше қамал мен бекіністің алынуы халық бұқарасының алдында Кенесарының беделін 
көтерді. Бұл жеңістің нәтежесінде Қоқан ханы Кенесарымен мәңгілік одақ құруды 
ұсынды. Бірақ, Кенесары бұдан бас тартып, қазақтарға тиісті жерлерді қайтарып беруді 
талап етті»[6.463 бет.] Бұл - тарихи деректерде Кенесарының Жанқожамен тізе қоса 
отырып ұлт- азаттық жолында жасаған жалғыз ғана жорығы еді. Мұның алдында да, 
мұнан кейін де Жанқожа мен Кенесары біріге отырып бас көтерді деген дерек кездескен 


328 
емес. Жанқожаның Созақ қамалын алуда көмекке барғандығы жөніндегі деректің өзі осы 
тарихи жыр - дастандардағы деректерден белгілі болған еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет