Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет150/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
Есмағамбетов К. Л. Әлем таныған тұлға. – Алматы: «Дайк-Пресс» баспасы, 2008. – 
504 б. 
2.
Шоқай М
 Шығармаларының толық жинағы
Он екі томдық. IХ том. – Алматы: 
Дайк Пресс, - 2014. – 568 (442) б.
3.
Шоқай М
 Шығармаларының толық жинағы
Он екі томдық. ҮІІ том. – Алматы: 
Дайк Пресс, - 2013. – 572 (346) б. С.Т.Тайман 
4.
Шоқай М
 Шығармаларының толық жинағы
Он екі томдық. VI том. – Алматы: 
Дайк Пресс, - 2013. – 524 
5.
Шоқай.М. Таңдамалы 1 –том. –Алматы: Қайнар, 1998,-512 


332 
6.
Шоқай.М. Таңдамалы 2 –том. –Алматы: Қайнар, 1999,-520б. 
7.
Шоқай М Он екі томдық. I том. – Алматы: Дайк Пресс, - 2013. – 524 
МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК ҚҰРАЛДАРЫ МЕН 
ОРТАСЫ 
Молдашова М., Берикболова У.Д. 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 
Қоғаммен байланыс қазіргі күні барлық әлеуметтік құрылымдар арасындағы өзара 
түсіністік пен өзара әрекеттестікті дамытудың негізгі механизмі болып отыр. Ерекше 
коммуникативтік-басқарушылық қызмет ретінде паблик рилейшнз корпоративтік 
мүддемен қатар, қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге бағыттала отырып, келісім мен 
сенімнің орнығуы, қоғамдық игіліктерді іске асыруға ықпал ету сияқты маңызды 
әлеуметтік миссияны атқарады. 
Мемлекеттік басқару органдары мен коммерциялық ұйымдар арасындағы тиімді 
коммуникациясыз экономикалық және қоғамдық прогресс жүзеге асырылмайды. Билік 
пен бизнес арасындағы диалог - GR-коммуникация PR-коммуникацияның бір түрі ретінде 
тұрақты дамудың тиісті құрамдас бөлігі мен қоғамдық, мемлекеттік және корпоративтік 
мақсаттарды үйлестірудің маңызды механизмі болып табылады.
Қазақстандағы 
мемлекеттік 
құрылымдар 
мен 
бизнес-қауымдастықтың 
өзара 
әрекеттестігі мынадай құралдар көмегімен іске асырылады: 
- қаржылық бағдарламаларды өңдеу мен жүзеге асырудағы несиелік-қаржылық өзара 
әрекеттестік (салықтық жеңілдіктер, несиелер, субсидиялар, салықтық преференциялар, 
кепілдемелер және т.б.);
- өзара әрекеттестіктің байқаулық әдістері (мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарлар мен 
қызметтер жеткізу немесе мемлекеттік сатып алулар);
- мемлекеттің кей функцияларын бизнес-құрылымға берудегі аутсорсинг, оның 
нәтижесінде салалық емес және артық функцияларды орындаудан мемлекет босатылады; 
- мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖС) әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдық жобалар 
үшін бюджеттен тыс қаржы көздерін тарту мақсатында мемлекеттік және жеке 
секторлардың ынтымақтастығының ерекше түрі;
- аумақтың өндірістік және инфрақұрылымдық әлеуетін дамыту, өндірістік секторға 
инвестиция тарту мақсатында құрылатын және аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге 
асырудың арнайы режимі әрекет ететін ерекше экономикалық аймақтар;
- оқшауланған аймақ түріндегі технопарктер, онда ғылыми, өндірістік, қызмет көрсетуші 
және көліктік-логистикалық кәсіпорындар біріктіріледі, технопарктердің қызмет ету 
нәтижесінде мемлекет оны табысты дамыту үшін құқықтық және экономикалық 
шарттарды құрады, ал бизнес қаржылық пен технологиялық ресурстармен қамтамасыз 
етеді [1] .


333 
Кез-келген кәсіпкер билік өкілдерімен өзара әрекеттесе отырып (рұқсат алу, меншікті 
басқару бойынша келісім-шарт рәсімдеу, салық органдарына тіркелу, тексеру 
органдарымен өзара әрекеттесу және т.б.) көптеген түрлі мемлекеттік органдардың 
ықпалына түседі (кесте 1).
Кесте – 1. Бизнестің ағымдағы жағдайы тәуелді билік органдары
Билік органының атауы 
Функциялары 
Мемлекеттік 
кірістер 
комитеті 
ҚР алық және алымдар туралы заңнамасының сақталуын 
бақылау және қадағалау, заңды түлғаларды құру, қайта құру 
мен жоюды тіркеу; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 
орындауға міндетті талаптарын белгілеу және бекіту; 
салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру және 
т.б. 
Еңбек, әлеуметтік қорғау 
және көші-қон комитеті 
Еңбек заңнамасы мен басқа да нормативтік құқықтық 
актілердің сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау 
Табиғи 
монополияларды 
реттеу комитеті 
Монополияға қарсы заңнаманың және мемлекеттік сатып 
алулар саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау 
Мамандандырылған 
сот 
органдары 
Экономикалық қызмет саласындағы таластарды шешу
ҚР Прокуратурасы 
Заңдардың орындалуы, тексерулерді жүргізу, соттардың 
істерді қарауына бақылау жүргізу 
Билік пен бизнестің өзара қатынастарның даму деңгейі мемлекетте орнатылған ресми 
және бейресми ойын ережелерімен сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, экономикалық 
қызметті тиімді заңнамалық реттеудің дамуы, билік пен экономикалық қауымдастықтың 
өзара әрекеттесу рәсімінің дамуы, әрекет етуші дәстүрлер, құқықтық нормалардың іс 
жүзінде пайдаланылу ерекшеліктері, мұның барлығы да аталған өзара қатынастардың 
қазіргі жағдайын анықтайды.
Қазақстандағы билік пен бизнестің тиімді өзара әрекеттестігі компания қызметінің 
табыстылығының маңызды факторларының бірі болып табылады. Бизнестің дамуының 
күрделілігі тек мемлекеттің экономикадағы шектен тыс орнымен, қазіргі мемлекеттік 
басқарудағы және экономикадағы кейбір қиыншылықтармен ғана емес, сонымен бірге 
компаниялардың билік органдарымен тиімсіз жұмыс атқаруымен де байланысты болып 
отыр.
Осылайша, компанияның күшті мемлекет қатысуы бар сыртқы ортада даму 
табыстылығы көбіне түрлі деңгейдегі билік органдарымен жұмыстың қаншалықты кәсіби 
түрде ұйымдастырылуымен анықталады [2].
Соңғы онжылдықтарда әлемдік экономикада технологиялық өзгерістермен қатар
кәсіпорынды басқарудағы ұйымдық құрылымдарға қатысты да біршама өзгерістер орын 


334 
алды. Мемлекеттік құрылымдар халық санының өсуі мен экономиканың дамуына қажетті 
инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету және дамыту үшін тұрақты қаржыландыру 
қажеттілігін айқын сезініп отыр. Әлемдегі елдер урбандалу үдерісінің қарқыны, ескіріп 
жатқан инфрақұрылымды қалыпқа келтіру, халықтың жаңа топтарына инженерлік 
коммуникациялық желілерді кеңейту қажеттілігі сынды мәселелермен кездесіп отырғаны 
айқын сезілуде. Сонымен бірге, инфрақұрылымдық қызметтерді ұсыну көбінесе ағымдық 
тапшылық есебінен жүзеге асырылады, ол өз кезегінде мемлекеттік ресурстардың 
қосымша кетуін тудыратын субсидиялар есебінен жабылады.
Шектелген қаржылық мүмкіндіктермен қатар жоғарыда аталған мәселелерді шешу 
көптеген мемлекеттерде капиталды жеке сектордан шоғырландыруды талап етеді, ол 
көбінесе инфрақұрылымға инвестициялау түрінде жүзеге асырылады. Көптеген 
мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы серіктестік 
(мемлекеттік-жеке серіктестік, әрі қарай МЖС) негізінде тиімді ұйымдастыру қызметтер 
тек мемлекет немесе жеке сектор ұсынатын дәстүрлі тізбеде нақты балама рөлін атқара 
алуға қабілетті болды. МЖС жеке сектордың бұрын пайдаланылмаған ресурстарын 
жергілікті, өңірлік немесе халықаралық деңгейлерде шоғырландыруға мүмкіндік береді. 
Жеке сектордың МЖС қатысудағы мақсаты өз мүмкіндіктері мен бизнесті басқару 
тәжірибесінен пайда табу болып табылады. Жеке сектор өз қызметтері үшін көрсетілген 
қызметке алымдар есебінен өтемақылар талап етеді, нәтижесінде инвестицияланған 
капитал үшін тиісті қайтарымды алады.
Қазіргі күні МЖС нақты анықтамасы берілмеген және де ол өзіне мемлекет пен 
бизнестің өзара тиімді шарттар негізінде қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешу үшін 
орта және ұзақ мерзімде өзара әрекеттестік формаларының жиынтығын қосады [3].
МЖС анықтамаларын талдау нәтижесінде келесідей қорытынды жасалды: 
- әрбір позиция зерттеліп отырған түсініктің нақты бір жағына баса назар аударады; 
- анықтамалардың басым бөлігі МЖС басты бағыты мемлекеттік басқарудың 
мақсаттарына қол жеткізу деп сипаттайды; 
- әдетте экономикалық әдебиеттерде МЖС термині мемлекеттік меншіктің стратегиялық 
маңызы бар объектілерінің жекешелендірілу баламасымен теңестіріледі; 
- МЖС жекешелендіруге мүлдем қатысы жоқ деген де көзқарастар бар. Серіктестік 
жекешелендірілмейді де, ұлттандырылмайды да, тек шаруашылықтың мемлекеттік пен 
жеке секторлары арасында халыққа қоғамдық қызметтерді ұсынудың үшінші жолы 
ретінде құрылып, әрекет етеді; 
- МЖС дәстүрлі түрде мемлекетпен қаржыландырылатын салаларға жеке инвестициялар 
тарту құралы ретінде қарастырылады. 
МЖС тетігі оған қатысушы әрбір тараптың күшті тұстарын синергетикалық әсерді 
қамтамасыз ете отырып, біріктіруге мүмкіндік береді. 
МЖС қатысушы әрбір тараптың күшті тұстары мынадай:


335 
1.
мемлекеттік сектор үшін: құқықтық өкілеттіліктер, сатып алудың протекционистік 
саясаты, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсаттардың теңгерімі, еңбек 
және капитал ресурстары; 
2.
жеке сектор үшін: басқарудың тиімділігі, жаңа технологиялар, тиімді өндірістік 
қуаттылықтар, қолма-қол ақша қозғалысын басқару тәжірибесі, персоналдың біліктілігін 
арттыру, ресурстарды кешенді пайдалану.
Мемлекет меншік, жеке бизнеске салықтық жеңілдіктер мен құқықтық кепілдемелер, 
кей жағдайларда қаржылық құралдар түрінде өз үлесін қосады. Мұнда мемлекет қоғамдық 
мүдделерді сақтау мақсатымен бақылау мен реттеу функциясын өзіне қалдырады. 
Жеке бизнес өз үлесі ретінде бизнес үшін үйлесімді институционалды ортаны, тәжірибе, 
тиімді басқару, алдыңғы технология мен техниканы енгізеді.
МЖС қатысушылары арасында пайда әдетте, әрбір тарап өз мойнына алатын тәуекелге 
үйлесімді 
қабылдайды. 
Мемлекет 
пен 
бизнес 
серіктестігінің 
қалыптасуы 
қатысушылардың күшті тұстарын біріктіре отырып, бір уақытта екі жақты 
артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, МЖС мемлекет үшін негізгі 
артықшылықтары төмендегідей мүмкіндіктерді береді: 
- экономиканы ынталандыру саясатын өңдеу;
Бұл жағдайда МЖС жобаларының жүзеге асырылу ұзақтығына баса назар аудару қажет, 
себебі келісімдік қатынастардың ұзақтығына қарай мемлекет экономиканың басыңқы 
секторларын дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, ішкі резервтерді 
шоғырландыру мен шетелдік инвестицияларды тартуға қатысты өңірлер мен елдің даму 
стратегиясынқалыптастыра алады.
- жиынтық тәуекел мен жауапкершілікті серіктестер арасында бөлуді жүзеге асыру [4]. 
Бір жағынан, мемлекеттік және жеке секторлар арасында тәуекелді бөлу: мемлекетке, 
әдетте, толығымен заңнамалық тәуекел және жобаны жүзеге асырудың тиімді жоспарын 
өңдеуге байланысты тәуекел, жартылай инфляциялық тәуекел мен форс-мажорлық 
жағдайлармен байланысты тәуекелдер жүктеледі; тәуекелдің басқа көптеген түрлері жеке 
секторға жүктеледі. 
Екінші жағынан, аса ірі көпфункционалды жобаларды жүзеге асыру үшін бір емес, 
бірнеше жеке серіктес тартылады, сондықтан да олар бүкіл жұмыс кешеніне ұжымдық 
жауапкершілікті алуы мүмкін немесе нақты бір жұмыс түріне, атап айтқанда, жобалау, 
эксплуатациялау, тұрғызылған объектілерді басқару, жеке жауапкершілікті алуы мүмкін.
- мемлекеттік меншікті басқарудың заманауи әдістерін енгізу мен тиімді пайдалану, 
өйткені жеке бизнес менеджменті активтерді басқару мәселелерінде қажетті дағдылар мен 
тәжірибеге, атап айтқанда артық резервтерді шоғырландыру, мемлекеттік қорларды 
пайдалану коэффициентін арттыру және т.б. ие болып табылады;
- мемлекеттің капиталға салынатын инвестицияларын яғни бюджеттің шығыс бөлігін 
қысқарту; 
- инфрақұрылымдық объектілерді тұрғызу кезеңін қысқарту; 


336 
Сол сияқты МЖС жобаларына қатысу еңбеккерлерге біліктілігін арттыруға мүмкіндік 
береді: тәжірибеде жеке сектор заңнама саласында белгілі бір формальды дағдылар мен 
білімдерге ие мемлекеттік сектордың еңбеккерлерін жалдайды, ал еңбеккерлер өз 
кезегінде жеке капиталды басқарудың тәжірибесін алу мүмкіндігіне ие болады, сонымен 
бірге бұл мемлекетке бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік құрылымдардағы 
жұмыс орындарының санын қысқартуға мүмкіндік береді [5]. 
Жеке сектор үшін МЖС жобаларын жүзеге асыруға қатысу мынадай артықшылықтар 
бере алады: 
- бизнестің ұзақ мерзімді тұрақты дамуының әлеуетті бағыты болып табылады; 
- мемлекеттің қолдауымен инновациялық әлеует пен алдыңғы технологияларды жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. 
Компанияда осындай жобаларды жүзеге асыруда тек басқа компаниялардың 
жаңалықтарын қабылдап, енгізіп қана қоймай, сонымен бірге өздігінше жетілдірілген 
өзгерістер мен жаңа құндылықтарды өңдеуге мүмкіндік болады. Бұл қызметтің 
белгіленген түріндегі бәсекелестік артықшылық болып табылады. Аталған артықшылық 
кейбір материалдық активтерге, мысалы, әрдайым мемлекет меншігінде болатын жердің, 
жер қойнауларының белгіленген категорияларына қолжетімділікпен қатар, кейбір 
формальды рәсімдерді қарапайымдандыруды білдіреді (тіркеу, лицензиялау және т.б.);
- ұзақ мерзімді перспективада кепілдендірілген ақшалай ағындарды алу мүмкіндігі, ол 
инвестициялардың жоғары және тұрақтылығымен айқындалады.
МЖС бүгінде ел экономикасын жаңа белеске көтеруге, оны әртараптандыруға және 
кәсіпкерлерді ірі инвестициялық жобаларға тарта отырып, мемлекетпен бірлесе бизнесті 
жаңа өрістерге шығаруға септесетін үлкен жобалардың бірі.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, МЖС елдің әлеуметтік-экономикалық 
дамуы үшін қолда бар ресурстарды максималды тиімді пайдалануға бағытталған 
экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, саяси, ұйымдық, басқарушылық және басқа да өзара 
байланыстардың, өзара қатынастардың кешенді жүйесі деп қарастыруға болады.
Әдебиет 
1.
Биджиев А.С., Шамарова Г.М. Взаимодействие органов власти и бизнеса как фактор 
управления социально-экономическим развитием региона // Вопросы управления. - 2012. - 
№1.
2.
Зобнин А.В. GR-менеджмент на новом этапе развития // Лабиринт. Журнал 
социально-гуманитарных исследований. - 2012. - №2. 
3.
Тендеры и связи с правительством // Международный деловой журнал 
KAZAKHSTAN. - 2012. - №2.
4.
GR-связи с государством: теория, практика и механизмы взаимодействия бизнеса и 
гражданского общества с государством / Под ред. Сморгуновой Л.В., Тимофеевой Л.Н. - 
М.: РОССПЭН, 2012.
5.
История развития ГЧП//АО «Фонд устойчивого развития «Казына».- Казахстан, 
Астана, 2008.-–[Электронный ресурс]. - Режим доступа: 
http://www.kazyna.kz
 


337 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет