Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗЖАСАМ ҚҰРЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет251/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   267
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗЖАСАМ ҚҰРЫЛЫМЫ 
Юлдашова Н.Ж., Жаманбаева А.С.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті 
Сөзжасам – тіл білімінің жаңа мағыналық сөздерінің қалыптасуы мен мән-
мағынасын зерттейтін белгілі бір саласы. Иә, сөзжасам тілдік салада өте маңызды да 
жауапты міндетті жүзеге асырады, яғни, сөзжасамның көмегімен сөздік қорда жаңа 
туынды сөз пайда болады.
Алайда, сөзжасам – лингвистика ғылымында кеш танылып, енді ғана қолға 
алынып, дамып келе жатқан сала болып табылады. Нақтырақ айтсақ, сөзжасам 
жиырмасыншы ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап қана жеке сала ретінде 
тереңірек зерттеле бастады. Ал бұған дейінгі кезеңдерде сөзжасам тілдің өзге 
құрылымдарында, түрлі салаларымен қатар қарастырылып келді. Сөзжасам зерттелуі 
жағынан кенже дамып келе жатқан сала десек те, оның түп тамыры байырғы түркілер 
дәуірінен бастау алады. Сол кезеңдерден бастау алып, зертеліп, түрлі өзгерістерге 
ұшырап, толығып, сұрыпталып, күрделеніп, қазіргі таңдағы өзіндік жүйесінің 
қалыптасу деңгейіне дейін жетті. 
Ал, қазіргі таңда сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке бір 
саласы болып қалыптасты. Сөзжасамның негізгі зерттеу көздері ретінде сөз жасаушы 
тілдік элементтер, сөзді жасаушы тәсілдер, сөзжасамдық түрлі типтер мен сөзжасам 
үлгілері, туынды сөздер және олардың түрлері сынды тілдік маңыздылыққа ие күрделі 
құрылымдар қарастырылады. 
Сөз жасаудың тәсілдері мен модельдері күн сайын не белгілі бір жақын уақыт 
аралығында өзіндік жаңарулармен, толықтырулармен құбылып отыратын құбылыстар 
емес. Бұл сөзіміз сөзжасам дәл осы деңгейде,яғни, дамудан артта қалады деген сөз 
емес, сөзжасам жүйесінде де белгілі бір өзгерістер мен жаңартулар болады, алайда ол 
процесс өте сирек әрі боя жүзеге асырылып отырады. Бұндай өзгерістерге басты себеп, 
тілдегі білгілі бір моделдеудің жаңа өзгеріске ұшырауы немесе мүлдем қолданыстан 
алынып тасталуы, даму деңгейі мен қолданылыс аясы кеңейтілуі болып табылады. 
Жаңа сөздің қалыптасуына барлық түбір сөздер қатысады.
Сөзжасам өте жинақы да, түсініңті жасалу тәсілдері мен құрылымы арқылы 
ерекшеленеді. Тілдің сөзжасам жүйесінде қызмет атқаратын төмендегі төрт тәсіл 
нақтылы әсер етеді.олар өзіндік ұқсастықтарымен қатар мағыналық ерекшеліктерге де 
ие болып табылады. Олар: 
Семантика-фонетика; 
Семантикалық сөзжасамдық; 
Семантика-синтетикалық сөзжасамдық; 
Семантика-аналитикалық; 
Ең алдымен, Семантикалық-фонетикалық тәсіл. Кейбір дыбыстардың сйкесуі 
мен үйлесімділігі нәтижесінде пайда болатын туынды, жаңа сөздердің қалыптасу 
мүмкіндігі. 
Семантикалық сөзжасамдық – сөздің негізгі қалыптасып қойған тұлғасы еш 
өзгеріске ұшырамай-ақ, жаңа мағыналық туынды сөздің құрылуы. 
Семантикалық-синтетикалық сөзжасамдық тәсіл сөз ьудырушы жұрнақтардың 
көмегімен жасалады. Негізгі сөзге аталған жұрнақтар жалғануының қорытындысында 
жаңа мағыналы туынды сөз пайда болады. Бұндағы ең түпкі мағыналы бөлшек түбір 
сөз болып табылады. Атап өтерлік, тағы бір тұсы бұл тәсіл қолданыста бірнеше 
атаулармен өзрегтіліп те қолданыла береді. Бірақ ең таралымды атаулары 
семантикалық не морфологиялық тәсіл сынды атаулары болып табылады.
Семантикалық-аналитикалық тәсілде жұрнақ емес, екі негіздің, яғни, негіздердің 
бірігуі нәтижесінде туынды сөз қалыптасады. 


551 
Негізінде, қарапайым бірнеше ғана буындардан құралған сөздерге қарағанде 
аналитикалық тәсіл арқылы екі немесе одан да көп сөздердің біріге отырып күрделі де 
терең мағынаға ие сөзді қалыптасуы маңыздырақ дәрежеде екендігі анық. Себебі, төрт 
тәсілді де салыстыра қарап отырар болсақ біріне белгілі бір кішігірім бөлшек, жұрнақ 
не жалғау жалғануы тиіс болса, енді бірі тіпті өзгерісті талап етпейді. Алайда, бұл 
сөзіміз төрт тәсілдің тек бірі ғана аса жоғары дәрежеде дегеніміз емес, бұл тек 
ерекшелік болып табылады. Құрылымы мен қолданылысы бойынша, әрине, әр 
қайсысы да өзіндік тәсілдері мен нәтижесі арқылы маңыздылық пен ерекшеліктерге ие 
болып табылады.
Қазақ тілінде қалыптасқан жаңа сөз қай тәсілмен жасалса да, қорытындысында, 
ол- сөзжасам нәтижесінде туындаған болып есептелінеді. 
Жоғарыда сөзжасамның жүйелілігін атап өткен болатынбыз, сөзжасамның 
жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен тығыз байланысты. Сөзжасамның 
кешенді бірліктеріне сөзжасамдық тұлға, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық мағына, 
сөзжасамдық үлгі, сөзжасамдық қалып, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, 
сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық байланыс жатады. 
Сөзжасам процесі кезінде түбірдің өте маңызды болып табылатын себебі түбір 
сөз жаңа сөздің қалыптасуына, яғни, түбір сөздің лексикалық мағынасы жаңа сөздің 
лексикалық мағынасының негізі болып құралады. 
Қазақ тілінде жаңа сөз атаулының барлығы дерлік сөзжасам заңдылықтары 
арқылы дүниеге келеді. Осы сөзіміздің өзі де сөзжасамның тілсаласында қандай 
маңыздылыққа ие екендігін көретіп, ділелдеп береді. Расында, сөздік қордың байырғы 
құнды жүйелілігі мен бірізділік, ерекшеліктерін сақтай отырып, кең көлемдегі, 
дамушы деңгейге жетуі жолында сөзжасамның көтерер жауапкершілігі мол. Мейлі, 
сөзжасам өткен кезеңдердң маңыздылығы ертерек анықталмаса да, қазіргі таңда ас 
күрделіл сала болса дәл соншалықты маңыздылық пен дәрежеге ие.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы «Аруна Ltd.», 2010 ж. 
2. Қасым Б.Қ. Қазақ тілінің сөзжасамы: практикалық және зертханалық 
жұмыстар, Алматы, 2007 ж. 
3. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет 
және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж. 
4. Оразахынова Н.А., Исаева Ж.Т., Сүлеева Г.С.. Қазақ тілі. Сөзжасам. 
Морфология. Алматы, 2004 ж. 
5. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар. Алматы, 1990 ж. 


552 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет