Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Автор «жаны жалғызсырау», «жан тынышын іздеу» танымында концепт жасаған.  Жалғыздық



Pdf көрінісі
бет248/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   267

Автор «жаны жалғызсырау», «жан тынышын іздеу» танымында концепт жасаған. 
Жалғыздық 
– 
«жалғыздық – тыныштық» когнитивтік моделі. 
Жазушы 
прозасындағы жалғыздық концептісіндегі фреймдер жалғыз, жалғызсырау, жапа-жалғыз, 
жалғызілікті, жалғыз ұл, жалғыздық – тыныштық концептісі арқылы беріледі. Оралхан 
шығармаларындағы жалғыздық өз-өзімен жеке қалу, қасында ешкімнің жоқтығы, сенетін, 
түсінетін жанның жоқ болуы адам жанының күрделілігінен байқалады. Ойымыз дәлелді 
болу үшін тағы да мысал келтірейік. 
«Жандос жалғыздық зарын енді ғана шеккендей. Жылы үй шым-шым сорпа. 
Шыдай алмайды-ау. Жер бауырлап өксіп-өксіп ұзақ жылады. Адамды уақыт емес, уақиға 
қартайтатынын білді». 
Бұл жерде шарасыздық, әрекетсіз қалу «тірі өлік» деген қазақ 
ұғымымен тілдік бірлікте сипатталған. Жазушының «Қасқыр ұлыған түн» әңгімесінде 
қасқырға таланып өлген Арай есімді қыздың өлімін естіген Нұрланның басындағы қайғы-
мұңды автор: 
«аңыраған жоқтау онсыз да бор боп езіле бастаған жүрегімді шабақтап-
шабақтап тілгіледі-ай... Сай-сүйегім сырқырап, тізерлей жығылып, қыздың анасын бас 
салдым»
. Шығармада жазушы негізгі тірек сөзді «бор болып езілу» фразеологиялық 
тіркесі арқылы адамның эмоциялық көңіл-күйін беріп отыр. 
«Қателеспеппін. Аналық 
айқайы мен күйінішін жасыра алмай ішегі үзіле егіліп жылап тұр екен».
 
Тіл мен ойлаудың бірлігі жөнінде дәстүрлі көзқарас бойынша ақиқаттағы 
объектілер сезім мүшелері арқылы санада түсінік, ұғым түрінде бейнеленеді. Ал 
когнитивтік лингвистика теориясы бойынша концептіде түсінік, ұғымның мазмұнына 
кірмейтін де бөліктер болады. Концепт теориясы бойынша “түсінік”, “ұғым” мазмұнының 
логикалық сүзгіден өтпей қалғандары да аса мәнді болып есептеледі. Өйткені бұлар 
метафора, образ, символ жасауға, тілдік таңбаның семантикалық өрісін кеңейтуге қажетті 
“дүниеліктер” болып табылады. Ондай “дүниеліктердің” қатарына қайғыдан үрейлену 
мағынасын беретін
 қол-аяғы қалтырау, арқасы мұздап қоя беру, арқасын аяз қарығандай 
болу, тісі-тісіне тимеу, тұла бойы түршігу (шымырлау, тітіркену)
сияқты 
фразеологизмдердің ішкі формасында кездесетін “аяз” сөзін жатқызуға болады. 
Жоғарыдағы мысалда келтірілген «бор болып езілу» мен «ішегі үзілу» фразеологизмі 
қайғыру, қайғыдан қан жұту мағынасында тілдік таңбаның семантикалық өрісін кеңейтіп 
тұр. Әрине, қайғы мен мұң екеуі екі түрлі ұғым. Қайғы мен мұң адам болмысының кейбір 
кезеңдерінде астасып жатады да, кейде алыстай түседі. Мысалы адам есейе келе балалық, 
бозбалалық дәуренін қимай ерекше көңіл күйде болады. Бұл – қайғы емес, мұң. 
Ақындардың өлеңдерінде кездесетін ғашықтық сезім, сағынып мұңға бату 
қайран дәурен.., 
қол
жетпес арман, жарқ етпес көңіл
сияқты тіркестер арқылы беріледі. Бұл да қайғыру 
емес “мұң” концептісінің ішінде қаралатын 
жабығу, құлазу, аңсау
сияқты жан күйлері [5, 
92 б.]. Адамның жанын мұң тазартады. Мұңның аяғы – даналық. Адам мұңсыз болмайды 
деген қорытынды шығарады.
Қорыта келгенде, Оралхан Бөкей прозасындағы концептілердің тілдік табиғатын 
халқымыздың тарихымен, таным-түсінігімен байланыста қарастыру ұлттық болмыс пен 
халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ерекшеліктерді сипаттап, тіл мен 
ұлттың, тіл мен сананың тығыз бірлікте екендігін дәлелдейді. Оралхан Бөкейдің 
жазушылық шеберлігін концептілік тұрғыдан талдау барысында оның стилінің ешкімге 
ұқсамайтын даралығымен ерекшеленіп, сөз құдіреті арқылы жазушы көрікті, әсем, сұлу 
сөз бейнелерін жасап, әрбір сөздің мәнін таныта білгендігін аңғардық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет