Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Қайғы – «өмір дерті» когнитивтік моделін



Pdf көрінісі
бет247/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   267
Қайғы – «өмір дерті» когнитивтік моделін
кейде «дерт» метафорасы құрайды. 
Айпара ананың дертін, «асыл азамат – ортаншы ұлым – ортан қолым» – деуі метафоралық 
бірлікті құрап тұр. Демек, Айпара ананың дерті – қайғының өзегі болып тұр. Мұндағы 
торығу, құлазу, күйіну, жабығу сияқты ананың жай күйімен анықталған. Концепт 
бойынша ішкі дүниенің жабығуы, құлазуы, күдер үзу концептісін құрайды. «
Қайран, 
Қайдос, сен енді маған жоқсың!
» тіркестері «қайғы», «қажу», «түңілу», «мәңгілікке 
ажырасу» концептісін танытатын бірліктер.
Қайғы – «өмір уы» когнитивтік моделі. 
«Қайғы» адамның түрлі психикалық 
жайларын сипаттаушы ретінде қолданылады: мұңды, қайғыны, уайымды, ауырлықты, жан 
азабын, толғанысын, зарығу, торығу, жан азабына түсу т.б. болып табылады. «Қайғы» 
концептісінің когнитивтік – семантикалық құрылымының бір қабатын оның қайғыға, 
өлімге байланысты тілдік бірліктер құрайды.
Адамның ішкі жан дүниесінің әрекеті қайғының беретін когнитивті-семантикалық 
қабаттары алуан түрлі болып келеді. Бір нәрсеге ренжу «көңіліне алу», «қамығу» кейде 
қасірет сөзімен ауыстырылады. «Қайғы» семантикасы арқылы берілетін психологиялық 
күй тек адамға ғана емес, бүкіл жаратылыс атаулыға тән сезіну түрінде сипатталады. 
Баладан айырылған ата-ананың «қайғы-қасіреті», «қанаты сынған қаршыға», «тұяғы 
сынған тұлпар», «ботасы өлген бозмая» сияқты сөздермен суреттеледі. Еңсесі кету, 
мердігу, оқ тию, қайғы тудыратын себептер, яғни кісі өліміне байланысты айтылады. Жан 
ашуы, жан дертінен де қайғыны ұғамыз. «Қайғы» концептісі Оралхан Бөкей 
шығармаларында кеңінен көрініс тапқан.
«Жалғыздық» концептісі 
Жалғыздық жалпы адам түсінігінде үрей, қорқыныштағы жалғыздық, 
жалғызсыраумен қатар жүретіні белгілі. Ал қазақ халқының менталды ұғымындағы 
жалғыздық Аллаға ғана тән деп түсінеміз. Жаратылыстың заңдылығымен, әлеуметтік, 
қоғамдық түсінікпен өлшенеді. 
«Көптік» өсіп-өну ұғымы, яғни ұрпақ жаю – өмір мәні жалғыздыққа қарама-қарсы 
ұғым. Жалғыздықтан адам қорқады, одан жапа шегеді. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың 
шаңы шықпас» – дейді атам қазақ

яғни адамның когнитивтік санасында концептілік орын 
алады. 
«Жалғыз» және «көп» қазақ халқының концептуалдық танымында дүниенің 
«жақсы мен жаман» бөліктері ретінде бағалаушы өлшем. Қаламгер О.Бөкей 
шығармаларында «жалғыздық» ұғымы мол. «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінде: 
«Біздің 
ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала болушы еді. Әке-шешеден 
тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін» 
«Жалғыздық» ұғымы – жалғыз адам, жалғыз ұл, «жалғыздық пен жекелік» өзара 
іргелес те алшақ ұғымдарды беретін когнитивтік бірліктер ретінде танылады. «Жалғыз» 
және «Жеке» сөздері лексика-семантикалық бірлік бір деңгейдегі мағыналас бірлік 
концепт ретінде кейде бір-бірімен сәйкесе бермейді. Оралхан Бөкей әңгімесінде Тортай 


542 
арқылы «Жалғыздық» концептісі бір, тақ, жалғыз сөздерінің ұғымдық аясында 
айқындалады, философиялық концепция бойынша жалғыздық жеке адамдар үшін 
«жаман» деп бағаланған. Жекелік, даралық, саяқ, оқшаулық туралы таным аңғарылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет