«я раббым, Сенің азабыңнан, мейіріміңе жүгініп, үміт етемін. Мен Сенен пана тілеймін. Сені Өзің лайық болған дәрежеде мадақтай алмаймын. Сен Өзіңді сипаттағандайсың»
Шағбан айының тағы бір ерекшелігі ол айда қасиетті Бараат түнінің (Оттан құтылу түні) болуы. Бұл түн Шағбан айының 14-інен 15-іне сәйкес келеді (Наурыздың 17-нен 18-не қараған түні).
Пайғамбарымыздан (С.Ә.С) бұл түннің расымен де қасиеттілігін әрі осы түні Алланың жер бетіне мейірімі түсетінін дәлдеген хадистер жеткен. Бір нешеуін төменде келтіреміз:
1) Мүміндердің анасы Айша (Р.Ә) былай дейді: «Бірде Алланың Елшісі (С.Ә.С) түнгі намазында сәждеде ұзақ уақыт жатып қалды. Сәждеде ұзақ болғаны соншалық, мен тіпті қайтыс болып кетті ме деп қорықтым. Осы оймен төсегімнен тұрдым да бас бармағын қозғап көрдім. Саусағы қимылдаған соң өз орныма қайта келдім. Осыдан соң мен оның сәждеде жатып, былай дегенін естідім: «Я Раббым, Сенің азабыңнан, мейіріміңе жүгініп, үміт етемін. Мен Сенен пана тілеймін. Сені Өзің лайық болған дәрежеде мадақтай алмаймын. Сен Өзіңді сипаттағандайсың». Осыдан соң ол маңдайын сәждеден көтеріп, намазын аяқтады. Және маған қарап былай деді: «Ей Айша, Пайғамбар сені қалдырып кетті деп ойлап қалдың ба?» Мен оған: «Жоқ Алланың Елшісі, мен тек қана сенің жаныңды осы өмірден алып кетті ме деп қорықтым, өйткені сенің сәждең өте ұзаққа созылды ғой». Осыдан соң Ол: «Бұл түннің қандай түн екенін білесің бе?»,- деп сұрады. Мен: «Алла мен Оның Пайғамбары жақсы біледі»,- деп жауап бердім. «Бұл Шағбан айының жартысы толған түн. Бұл түнде Алла Тағала құлдарына мейірімін жаудырып, кешірім тілегенді кешіріп, мейірім тілегендерге Өз мейірімін жаудыратын түн. Тек қана жүрегінде мұсылман бауырына деген кегі бар адамға ол райынан қайтпағанша назар салмайды».
2) Басқа хадисте Айша анамыз (Р.Ә) былай деп жеткізеді: «Пайғамбарымыз (С.Ә.С) «Алла Субхана уа Тағала Шағбан айының жартысы толған түні Қалб тайпасының қойларының жүнінен де көп шамадағы адамдарды кешіреді»
Қалб тайпасы- көп қой өсіруімен танылған тайпа болатын. Сол себепті де хадисте осы түні көптеген адамдардың Алланың кешірімі мен рақымына ие болатыны айтылған.
3) Муаз Ибн Жәббәл (Р.Ә) Пайғамбарымыздың (С.Ә.С) былай дегенін жеткізеді: «Алла Тағала Шағбаны айының ортасы толған түні құлдарына мейірімін жаудырады да барлығының күнәсін кешіреді. Теқ қана Өзіне серік қосушы мен жүрегінде мұсылман бауырына деген кегі бар адамнан басқаны мейіріміне бөлейді».