Єылым жјне Білім министрлігі- єылым академиясы


Ә. Кекілбаев. Он томдық шығармалар жинағы



бет11/17
Дата03.10.2023
өлшемі450,5 Kb.
#112824
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
kur -korkem-shygarmadagy-ishki-monolog-tildik-tuzilimi-stilistikasy

Ә. Кекілбаев. Он томдық шығармалар жинағы 4 том. Үркер романы. Айқас бөлімі. Алматы. Өлке баспасы. 1999 ж, 433-434 беттер).
Қос үнді сөз ьүрінде берілген бұл ішкі монологтар кейіпкер болмысының кез – келген оқырманға беймәлім ішкі сырын нанымды жеткізген. Үлкен шеберліктің нышаны болған осы тәсіл образ табиғатын жан – жақты, толық көлемде ашу мақсатына мол мүмкіндік жасаған.
Жоғарыдағы мысалдан байқағанымыздай автор қос үнді сөзді кейіпкердің ішкі монологын, яғни ішкі ойын беруде ұтымды пайдаланған. Ғалым Х.Кәрімов айтқандай қос үнді сөздің ішкі монологты берудегі тәсілдердің ең тиімдісі екені байқалып тұр.
Қос үнді сөз - әдеби шығармадағы автор сөзі, кейіпкер сөзі деген ұғымдармен тектес, солармен бір қатардағы құбылыс. Ол – авторлық баяндау мен қатысушылар сөзі. Қос үнді сөзде кейіпкердің де автордың да сөздері соның ішінде қаһарманын психологиялық тұрғыда ойлата білетін ішкі монологта да бар.
Белгілі бір сюжет желісімен байланысты немесе ондағы қатысушы адам жөнінде, сондай – ақ тіпті бір эпизод жайлы айтылатын автор сөзінен, авторлық ремаркадан кейіпкердің оқиғаға қатысы кейде қоса сезіліп тұрады. Кейбір оқиға үзігін, шығарма кейіпкерлерінің арасындағы қарым – қатынасты автор әр кез өзінің геройының атынан баяндап тұрған сияқты болады. Мұндай баяндау өзінің сөйлемдік құрылысы және мазмұны тұрғысынан таза авторлық ремаркадан аздап болса да ерекшеленіп тұрады. Бұл ретте кәдімгі ауыз екі сөйлеу тілінің ерекшелігі, сонымен бірге кейіпкердің көңіл күйі, ой арманы сияқты жеке бастың сыры ара – тұра көрінбей тысқары қалып жатады. Ортақ төл сөз табиғатының өзі тіл құралдарын кейде қарапайым етіп құруға, авторлық ремарканы керек жерінде кейіпкердің жалпы жеке басының сырына қарай бұра отыруға автордв еріксіз жетелейді. Бірақ, бұған қарап кейіпкердің көзқарасы тұрғысынан баяндалатын мұндай ситуацияда, авторлық ремаркада стиль обьективтігі сақталмайды екен деп қорытынды жасауға болмайды. Әрине, стильдің обьективтік тұрғыдан ерекшеленбеуі автордың суреткерлік дәрежесімен, творчестволық шеберлігімен байланысты.
Қос үнді сөз - әдеби шығармадағы автор сөзі, кейіпкер сөзі деген ұғымдармен тектес, солармен бір қатардағы құбылыс. Ал – авторлық баяндау мен қатысушылар сөзі.
Көркем шығармада авторлық баяндау арқылы жүзеге асатын ішкі монологтың жай – жапсары түптеп келгенде автордың өзінің ішкі сезімі екені айдан анық. Автор өз ойының желісін көркем шығарма бойында береді. Қос үнді сөзді автор мен кейіпкер сөздерімен салыстыруға және сондай салыстырудан олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көруге болады. Мысалы; кейіпкер сөзі – ол мазмұны жағынан да, грамматикалық пішіні жағынан да кейіпкердің өз сөзі. Кейіпкер сөзінің мазмұнына байланысты автор бағасы кейіпкер сөзіне қосақтала айтылатын ремарка, немесе сол маңайдағы авторлық баяндау арқылы білдіріледі. Ал қос үнді сөзде сол екеуін біріктіру, бірден білдіру мүмкіндігі пайда болады. Қос үнді сөзде әрі кейіпкер көзқарасы, әрі соған қатысты автор бағасы беріледі. Сонымен бірге қос үнді сөздің таза авторлық баяндаудан да айырмашылығы бар. Әдетте автор сөзінде субьективтік екі жақтылық жоқ, оқырман одан тек автор үнін, сөзін, оқиғаны баяндауын, автордың бағасын көреді. Ол мазмұн жағынан болсын, түгелімен автордікі. Ал қос үнді сөзден кейіпкердің, не автордың мұндай айқын иелігі, дербес меншіктілігі байқалмайды. Ол грамматикалық пішіні жағынан авторға тән болғанымен, кейде тең түсіп қабысып жатады. Өйткені мұнда қаһарманның да үлесі бар.
... Әбілқайырдың құдайы беріп отыр. Жан – жанындағы қауқылдасқан мақтау әңгімеге бір ауыз сөз қыстырмай, масаттанып мұртынан күліп отыр. Мынау ажырықты жерге тап болған аш жылқыдай естері кете қаужаңдасып жатқан қазақтарға: «Қап, бәлем, қалай екен!» - дегендей көзінің астымен қыдырта қарап қояды. Ара – арасында елші жаққа көзін тастап, оның екі езуі екі құлағына жетіп мәз болып отырғанын көріп: «Бұлар дегенің, міне, осындай ғой. Баяғыдан бері неге қақсап жүр дейсің», - дегендей белін жазып, иығын тіктеп, «а құдая» деп алақанымен бет – аузын сипап қояды. Тәуба, тәуба... Тек осы бағытыңнан жазба! Мына дастарқанды қазір отырған отыз ауыз отыз есе асыра мақтап, отыз есе асыра сырлап, аңыз қылып айта кетеді ғой. Қазақтың тізгіні қашан да қаңқу сөздің қолында емес пе! Баяғыдан бері қабағың осылай жазылып, қолың осылай ашылғанда ғой, ендігі мына отырған май тымақтардың талай жүзі алдыңнан өткен болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет