Байланысты: kur -korkem-shygarmadagy-ishki-monolog-tildik-tuzilimi-stilistikasy
(Ә.Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. 4 том. Үркер. Айқас бөлімі Алматы. Өлке баспасы 1999ж. 236 бет) Осындай кейіпкердің ішкі ойы арқылы бүкіл халықтың бар болмысын суреттейді. Қос үнді сөзді қолданудың нәтижесінде психологиялық суреттеу жасап, кейіпкердің сезімін білдіреді.
Қос үнді сөзі кейіпкер ойы, сезімінің мен күдігінің өз атынан берілгендігі емес, қаһарман атынан автордың топшылауы ғана. Сол себепті қос үнді сөз көркем шығарамадағы монолог тәсілінің түзіліміне зор ықпал ететіні белгілі.
Авторлық даралықтың, жазушының өз қолтаңбасын танытатын стильдік амалдардың бірі – кейіпкерлерді іштей сөйлету, ойлату тұстары. Әбіш Кекілбаевтың біз қарастырған туындыларында көп сөйлеп, көп ойланатын кейіпкері - Әбілқайыр хан. Әбілқайыр шығарманың өн бойында оқырманға өз ойлауымен және ішкі монологымен жақын болып тұрады. Әбілқайырдың қалай ойлап, қалай болашаққа бағдар жасайтынын оқып отырып - ақ түсінуге болады.
... Мына хабар Әбілқайырдың қабырғасына қатты батты. Оның осы кезге дейін көкірегінде көмбедей қымтап, ешкімге тіс жармай келген бір ойының күлі көкке ұшпаса қайтсын. Атақты батыр құдыққа түсіп кеткендей зымқайым жоқ. Бір күн тосады – ешқандай хабар жоқ. Екі күн тосады – ешқандай хабар жоқ. Енді хан өз ойының орындала қоймасына көзі жетіп, күйзеле бастады. Қап, мына күпілдек арғындарға құдайдың берудей – ақ беруін – ай. Әлгі он екі би ертең Сарыарқаны бір өздері жаңғырықтырып даурығатын болды – ау тағы да! Оларды енді бұдан әрі тосқызып қойса, іргелес жатқан ағайын жұртпен елдіктен қалар. Бұл он екі биді аңды сылтауратып біраз күткізе тұрмақ еді. Сол екі ортада жалындаған жас батыр қашанғы шыдар дейсің, желпініп өзі де атқа қонатын шығар.Бұған да керегі сол еді. Алдынан шығып, орта жолдан құшақ жайып қарсы алып, төбеге көтеріп, қонақ қылып, бұйымтайын өз азынан естіп, оны сол бойда орындатып, әбден риза қып шығарып салар еді. Сонда, қашан дегенмен, жас қой, арғынның пәлен жылдан тізгінін ұстап, ауыздарымен орақ орып жүрген он екі биі, ең болмаса, ханның алдын көре алмай апталап жатқанда, өзі екі ел атысып – шабысып кетердей айқай шаруаны ернін қимылдатып үлгермей жатып, жайғастыра салғанына масаттанбас дейсің бе? Ағайын – жұрт алдында беделін осынша аспандатып берген Әбілқайырға да қатты риза болатын шығар. Сонда Жәнібек желпінгенмен қалың арғын желпіне алмас еді. Жел жаққа ұстаған он екі билері мына оқиғаға қуанарын да, қуанбасын да біле алмай, желкелерін қасып қайтар еді. Азуы алты қарыс қалың арғын баяғыдан бергі бұйда ұстарларына емес, енді ғана ат жалынан тартып мінген жас перендеріне қарыздар боп қалар еді, ал Жәнібек мұның алдында борыштар болар еді. Сөйтіп екі жақтың да мерейі өсіп шыға келер еді. Міне соның бәрі сорпаның көбігіндей көзді ашып – жұмғанша желге ұшпақшы