Єылым жјне Білім министрлігі- єылым академиясы


(Х.Кәрім. Қанатты тіл. Алматы, Санат баспасы



бет14/17
Дата03.10.2023
өлшемі450,5 Kb.
#112824
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
kur -korkem-shygarmadagy-ishki-monolog-tildik-tuzilimi-stilistikasy

.(Х.Кәрім. Қанатты тіл. Алматы, Санат баспасы 1995ж 93 бет)
Прозадағы ішкі монолог тәсілі біздің ұлттық әдебиетімізгі ХХ ғасырдың басында проза жанрында көрініс таба білді. Ж.Аймауытовтың тілінен бастау алған ішкі монолог көбіне кейіпкердің ішкі ойын немесе сөйлеу мәнерін білдіру үшін қолданып келген дәстүрлі монологтан бөлініп шығып, дәрбес тәсілге айналды. Авторлық ойлау мен кейіпкердің ішкі ойын білдіретін сөзден саналы түрде бөлінген ішкі монологта бір ойды бір ой тірсектеп, логикалық байланысы үзіліп, қайта оралып, жалғасып, көп жағдайда сезім құбылысының тұтастығы сақталмайды. Ойлау қабілетіндегі және адам психологиясындағы осынау жарым – жартылай саналы, ерікті және еріксіз сәттегі сезімдік құбылыстар ішкі монологтың көркемдік ойлау жүйесіндегі табиғатын ашып береді.
...Ол күні Әбілқайырдың мойынынан да бір ауыр жүк түскендей болды. Басында ақ патшаның елшісі кешегі қылығыма өкпелеп қалды ма деп, ренішін басқалы шақырып еді. Сол үшін де дастарқанын Бопай ханымның отауында жайдырған – ды. Біраздан бері жат жерде, от басының қызуын көрмей, қоңторғайсып жүрген немеге дәм татырып, пейіо көрсетіп, көңілінің құрыс – тырысын жазып жіберейін деп ойлаған – ды. Тевкелевтің бұл келісі Әбілқайырдың ойлағанынан гөрі де орындырақ болып шықты. Оны хан елшінің дәм үстіндегі қылығынан байқады. «Осының өзі бірдеңеден сескеніп отырған жоқ па!» - деп ойлап еді, келе – келе көзі айқын жете түсті.Ет пен сорпаның тұсында елшінің көгілдір көзі қараптан – қарап лайытып қоя берді. Ал қымыздың тұсында: «Біткен жерім осы екен!» деп зәре құты қалмағаны бірден белгілі болды... .(Ә. Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. 4 том Үркер. Айқас бөлімі. Алматы Өлке баспасы 1999 ж 230 бет)
Автор Әбілқайыр мен елші Тевкелевтің ішкі ойларын қатар бере отырып, қос үнді сөздің ішкі монологты жасаудағы ең тиімді тәсіл екенін аңғартты.

Бүгінгі таңда тіл білімінде жазушы шығармаларының тілдік табиғатын толық тану үшін жазушы шеберлігін бір ғана стилистикалық тұрғыдан емес, оның кейіпкерлерін танытуда қажетті тілдік тәсілдерді қолдану ерекшеліктерінен де байқауға болады. Көркем шығарма тілі – қыры да, сыры да мол дүние. Әрбір қалам қайраткерлерінің табиғи талантын, дүниетанымын, қабілетін, білім дәрежесін былай қойғанда, сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасы, сөз қолданыс тәсілі, сөз сраптау мәнері бар. Көркем сөздің жан дүниемізге руғани нәр беріп, әсерлі де әсем сезім ұялататын сиқырлы сыр оның эстетикалық қызметіне байланысты. Сөз қолданыстың сан алуан тәсілдері мен шынайы шеберліктің өнегесін біз, міне осы тұста айқын көреміз. Басқаша айтқанда, әрбір жазушының әр қырынан көрінер, өзгеден дараланар өзіндік сөз өнері, топ жарған таланты сарапқа салынар кезі тілдің осы қызметіне байланысты.


Автордың алған кейіпкерлері үнемі бір ой қақтығысында жүреді. Өзімен - өзі сөйлесуі арқылы үлкен қоғамдық мәселелерді шешуге ұсыныс білдіреді.
Кейіпкердің ішкі әлеміне жіті үңіліп, оның мінез – құлық, іс - әрекеттерін психологиялық талдау негізінде көрсетуді мақсат еткен жазушының қай шығармасында болмасын кейіпкерлер көбіне бір – бірімен бетпе – бет келіп нақты қақтығыс немесе іс үстінде көрінбейді. Қайта бұған керісінше оның кейіпкерлері ішкі толғаныс, ой үстінде жүреді. Сондықтан да Жазушы шығармаларының кейіпкерлері бір – бірін толықтырып, бір – бірінің мінезін нақты әрекет, қимыл үстінде тырыспайды. Осы қалыптасқан машық «Үркер» мен «Елең - алаңда» өзінің шырқау биігіне көтерілгендей. Жазушы шығармасында тек қазақ тарихы емес Ресей және Орта Азия мен Еуропаның сол кезеңдегі хал – ахуалына, әлеуметтік – экономикалық даму барысына үңіледі. Әбілқайырдың ұзақ сонар ой – толғанысы арқылы берілетін тұстары оның ел ұстаған, білім – тәжірибесін, білік – парасатын өте сәтті көрсеткен. Екі романда да кейіпкерлердің бәрі бір ғана Әбілқайырдың көзқарасы арқылы беріледі. Бұл тәсіл белгілі дәрежеде артықшылығы болғанымен қиыншылығы да аз емес. Бірақ талантты жазушы негізгі айтпақ идеяны қалың ой ағысының қатпар – қатпар қалтарыстарында қалдырмай жіті назарда ұстады. Көрке шығарма таза психологиялық талдау негізінде жазылған. Сонымен бірге бұл романдар хронологиялық қасаң жүйе – шеңберге бой алдырмай, көркемдік сипат ұстаған.
... Әбілқайырдың бұл сапардан бір сезгені – ақ патшаның ұлықтары күштеріміз жетеді деп күдірейе кетер көпек төбеттерден гөрі аңысыңды аңдап абайсызда тап берер тәсілқой тазыларға келіңкірейді екен. Олармен үнсіз аңдысудың өзі жоңғармен сарт – сұрт салғыласудан оңайға түсе қояйын деп тұрған түрі шамалы. Бірақ, қайтеді... Шыдайды – дағы... Іргеден басып, күнара төкпектеген қара сойылдың астында қансырап жатып жан тапсырғаннан гөрі іргеден сығалап өзіңді баққан сұқты көзбен аңдысып отырып бала өсіріп, мал баққан әлдеқайда дұрыстау шығар... Жер бетінен көзін жойғысы келмейтін ілгері тілеулі қауымға түптеп келгенде, қызыл қарын жас баланың қамынан артық мұрат болмаса керек. Ол жолда қамқор әке, қамқор ана неге пейіл болмаушы еді?!Міне бұл да, өз балапанын өзі тұзаққа апарып түсірген торғайдай, бір баласын тағы да білегінен ұстатып шырылдатып жат қолына тастап кетіп келе жатқан жоқ па!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет