Єылым жјне Білім министрлігі- єылым академиясы


(Б.Шалабаев Көркем проза тілі. Алматы; «Білім», 1994. -81 бет)



бет9/17
Дата03.10.2023
өлшемі450,5 Kb.
#112824
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
kur -korkem-shygarmadagy-ishki-monolog-tildik-tuzilimi-stilistikasy

(Б.Шалабаев Көркем проза тілі. Алматы; «Білім», 1994. -81 бет).
Көркем туындыда автор баяндауы жетекші орын алады. Бірақ белгілі бір тұстарда кейіпкерлерінің ойлануына жол береді. Бұл процес тілдегі диалог, монолог, ішкі монолог, ортақ төл сөздерді арқылы орындалады.
Көркем шығарма автордың немесе кейіпкердің бірінші және үшінші жақтан баяндауынан көрініс береді. Екі жақтан баяндау тәсілінде де ішкі монолог тәсілісі қатысып отырады. Осы тұста автордың логикалық ойлауының парасаттылығын көрсету мақсатында жазушыға көмекке қос үнді сөз категориясы келеді.
Көркем шығармада автор атынан ІІІ жақта айтылғанның бәрі мазмұны мен модальдық – экспрессивтік мәні жағынан әрдайым бірдей бола бермейді. Баяндаудың кейбір жақтарында автормен қоса қаһарманның да үні анық сезіліп тұрады.
Қос үнді сөз – топ мен қаһарманның субьективтік көзқарастарын бірге салыстырып, үйлестіруге мүмкіндігі бар стильдік тәсіл. Оның маңызды белгісі – баяндаудың обьективті бағытына кейіпкердің субьективті бағытынығ қосылатындығында, баяндалған жайға кейіпкердің ортақтығында (двуплановость повестования). Әңгіме баяндаудың қос үнділігінді. Басқаша айтқанда, кейіпкер көзқарасын бейнелейтін сөз, тіркес, сөйлем, сөйлемдер тобының өзінен автордың жасырын бағасы байқалатындығында. Мұндай екі жақтылық, ең алдымен, баяндаудың сыртқы формасы жағынан автор атынан ІІІ – жақта айтылатындығынан, ал мазмұны, айтылғанның модальдық – экспрессивтік мәніне, қолданылған сөздердің лексикалық құрамына қарап, оны кейіпкеге тәндігін байқауға болатындығынан көрінеді.(Х.Кәрімов. Қагатты тіл. Алматы. Санат 1995ж 71-72 беттер 141)
Егер кейіпкер ойы, сезімі өз атынан берілсе, төл сөз түрі оқырман назарын кейіпкер ойының жалпы мазмұнынан гөрі қалай ойлағанына, сол мазмұнның көріну еркшелегіне көбірек аударған болар еді. Жазушы идеясы образ арқылы танылатын болса, шығарманың құндылығы анықтайтын белгінің бірі де образ. Қаһарманның жан дүниесіне терең бойлап, сол арқылы оның дүниетанымын, психологиясын, мінез – құлқын нанымды бейнелеу – шынайы образ жасаудың бірден – бір сара жол.
Міне, осындай образ жасаудың үйлесімді амалы - қос үнді сөз. Өйткені кейіпкердің ішкі сезім дүниесіне, ой әлеміне, тұңғиық сырларына тереңінен үңіліп, толық ашып көрсету қос үнді сөз көмегімен жүзеге асып отырады. Сөйтіп ол кейіпкер ойы мен сезімінің динамикасын, ойлағанының не айтқанының эмоциясын бейнелі түрде жеткізіп, кейіпкер мінезінің терең ашылуына жәрдемдеседі.
... «Әзәзіл неме қайда сіңіп жоғалды екен?» - деп ойлады Әбілқайыр. Көз алдында жолбарыс та, бөрі де қалмапты, тек түлкі қалыпты, оның жұлдыздай ағып бара жатып жалт бұрылып артына қарағаны қалыпты. Есіне енді түсті. Әлгі бір жұмбақ күлкіні, бақса, сол төрт аяқты хайуаннан көрген екен ғой. Құдыреті күшті құдай – ай десейші! Екі аяқты адам мен төрт аяқты аңның да арасында тап осындай ұқсастық бола береді екен. Сонда өткен – кеткен жолаушының көзін арбай кететін қырық бұлтақ түз тағысы мен біреудің әлпештеп алақанына салып отырған қырмызыдай құлпырған жас келінінің арасында қандай байланыс, қандай ұқсастық болмақшы? Манағы мұның көзін иектеген сиқыр күш енді мұның ақылын иектейін деп жүрмесе не етсін! Түсінсе не дейсің! Бұл осы қайдағыны қайдан шатып келеді. Жолбарыс... Бөрі... Түлкі... Құрт – құмырса... Енді кеп жаңа ғана өзі көріп кеткен Пәтшайым... Шынында да, манағы түлкі мен жаңағы келіншектің кісіге қарағанда бір адам арбалып қалатындай сиқыр күш бар ғой! Ол не күш болғаны?...Шынында да, солай екен ғой. Манағы таңы жарқылдаған қызыл түлкіден көрген жымысқы күлкі оның да мынау бүлк етпей жатар да қояр жапан түздей қоңырқай жүзіне тегіннен – тегін қонақтап жүр дейсің бе...(

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет