Байланысты: kur -korkem-shygarmadagy-ishki-monolog-tildik-tuzilimi-stilistikasy
...(Ә.Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. 5 том. Елең – Алаң. Екінші бөлім. Алматы Өлке баспасы 1999ж 384 бет) Осы мысал арқылы кейіпкер мен автордың қоса қабат ойларын байқауға болады. Кейіпкерінің ішкі ойын автор өз атынан бере отырып, қос үнді сөздің ерекшелігін көрсетіп отыр.
Сонымен қос үнді сөз дегеніміз – автор мен қаһарманның субьективтік көзқарастарын бірге сыйыстырып, қиюластырып білдіретін стилистикалық тәсіл. Оның қажетті де маңызды белгісі – баяндаудың екі жақтылығында, қос үнділігінде, яғни қос үнді сөз арқылы әрі кейіпкер көзқарасы, әрі ол жөніндегі автор бағасы бірден бейнеленетіндігінде.