Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


Қылмыстылықтың алдын алу субъектілері



Pdf көрінісі
бет24/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

4. Қылмыстылықтың алдын алу субъектілері
. Жалпы әлеуметтік алдын алуды барлық қоғам болып, 
мемлекет болып жүзеге асыруға болады. Ал арнайы алдын алуды да арнайыландырылған немесе арнайы 
маманданбаған органдар мен ұйымдар жүзеге асыра алады. Арнайыланбаған субъектілер дегеніміз - өзге 
міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылған, бірақ қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен, қылмысты қоса алғанда, 
күресуге қабілетті органдар мен институттар. Ал арнайыландырылған субъектілер - олар бірден бір немесе негізгі 
міндеттернің бірі қылмыстылықпен күресу табылатын субъектілер. Алдын алу субъектісіне қатысты да 
мынандай көзқарастар бар: а) тек қана мемлекет пен қоғамдық ұйымдар (А.А.Герцензон, Н.Р.Миронов); ә) тек 
қана мемлекет; б) тек қана жеке тұлғалар (А.Э.Жалинский). Бұрынғы қылмыстық заңға қарағанда жаңа 
Қылмыстық кодекс (1997ж.) әрекеттің қылмыстылығы мен қоғамға қауіптілігін жоютын мән-жайлардың қатарын 
толықтырды. Бұрнағы жылдары тек қана қажетті қорғану мен мәжбүрлі қажеттілік болса, қазір олармен қоса, 
орынды тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу және қол сұғушылық 
жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру мен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру қосылды (2002ж.). Соңғы 
екеуі қылмыстылықпен күрестегі азаматтардың рөліне де арқа сүйейді. Аталған инститтуарға сәйкес қылмыс 
жасаған тұлғаларды зиян келтіре отырып ұстауға арнайы Кәмелеттік органдардың ғана емес, қарапайым 
аматтардың да құқығы бар не болмаса, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде құқық қорғау 
органдарының арнайы тапсырмасымен азаматтар де осы іске тартылуы мүмкін. Яғни қылмыстық заң 
азаматтардың қылмыстылықпен күрестегі, соның ішінде қажет кезінде зиян келтіре отырып күресудің құқықтық 
негізін жасады. Осы сияқты зиян келтірмей-ақ қылмысылықпен күресуге ықпал ету жолдарын ашатын 
марапаттаушы нормалар әуелден-ақ бар болатын (қару-жарақ, есірткі заттарды өз еркімен тапсырғанда, ұрланған 
адамды өз еркімен босатқанда қылмыстық жауаптылыққа тартпау туралы т.б.). 
Демек, қылмыстылықтың алдын алу субъектілерін де былайша топтастыруға болады: 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 19-бет 36 беттен 
1)
Кәмелеттік органдар; 
2)
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; 
3)
жеке тұлғалар.
Кәмелеттік органдардың арнайы қылмыстылықпен күресуге маманданбағандарына Қазақстан 
Республикасының Президенті, заң шығарушылық және атқарушы билік органдары жатады. Олар күрестің заңдық 
базасын жасап, арнайы күрес субъектілеріне құзырет береді, құқытары мен міндеттерін бекітеді, 
қаржыландарады және олардың қызметін бақылайды. 
Немесе одан басқа да арнайланбаған, бірақ қылмыстылықпен күресте үлес қосатын органдар бар: мысалға 
балар үйлері, облыстық, аудандық мәслихаттар, әкімдер,
Арнайланған Кәмелеттік органдар қылмыстылықпен немесе онымен тығыз байланысты құбылыстармен 
нақты күреседі. Олар: 
-
Ішкі істер минитстрлігі және оның облыстық, аудандық бөлімшелері мен арнайланған бөлімшелері 
(жол полициясы, жылжымалы полиция бекеттері, төлқұжаттық--визилық қызмет т.б.); 
-
Соттар; 
-
Ұлттық хауіпсіздік органдары; 
-
Қаржы полициясы органдары; 
-
Шекаралық қызмет органдары (шекара тәртібін бұзумен байланысты қылмыстар)я; 
-
Әділет органдары т.б. 
Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер де өз кезегінде арнайланған немесе арнайыланбаған бола алады. 
Олардың арнай маманданғандары: Адвокатура, қоғамдық тәртіпті қорғаудың қоғамдық бекеттері, халық 
дружиналары, прокурарлардың, тергеушілердің қоғамдық көмекшілері т.б. 
Арнайланбағандары: саяси партиялар, қозғалыстар, діни бірлестіктер; ауылдық ақсақалдар кеңесі, билер 
кеңесі, көшелік, квартлдық, үй комитеттері, мектептердегі ата-аналар кеңесі, қайрымдылық қорлары, 
медициналық-психологилық орталықтар т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет