Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


 Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі
. Қылмыстылықтың салдарымен күресуден гөрі себебімен 
күресу әлдеқайда тиімді. Қылмыстылықтың алдын алу құлашты кеңге сермейтін ауқымы кең шаралардың 
кешені. Ол тікелей қылмыстылықты ауыздықтауға бағытталған әрекеттерді де, тіпті, онымен жанама қатысты 
құбылыстарға да бағыттлаған шараларды қамтиды. Мысалға, осы таяу арада ғана мектеп бағдарламаасына 
салауатты өмір салтын үйрететін ''Валиология'' пәні енгізілді, осы пән оны игерген мектеп оқушыларының соз 
ауруларымен байланысты қылмыстарды жасамауы мен оларды жасаушылармен күресуге жәрдем көрсететіні 
анық. Не болмаса, бір әкімшілік аумақтық бірліктегі ашылған зауыттан жұмыссыздардың саны азаяды да 
қылмыстылықтың азаюына да сеп болады, бірақ ол шара қылмыстылық азайсын деп емес, халықтың әл-ауқаты 
жақсарсын деп жасалады, дегенмен ол да қылмыстылықтың алдын алушы шаралардың қатарына енеді. 
Кеңес криминологиясы курсының авторлары кең көлемді анықтама береді:
а) қылмыстылықпен күрес процесінде сендіру мен көндіруді үйлестіретін экономикалық, әлеуметтік, 
идеологиялық, мәдени-тәрбиелік, құқықтық заңшығарушылық сипаттағы жалпыКәмелеттік шаралар. 
ә) Кәмелеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың. қылмыс жасалуының себептері мен жағдайларын 
анықтауға, оларды жоюға бағытталған шараларды қолдануға, қылмыстарды ашуға, тергеуге және сотта қарауға, 
қылмыскерлерді жазалауға, оларды түзеу мен қайта тәрбиелеуге, бас бостандығынан айыру мекемелерінен 
босаған адамдардың мінез-құлқының заңдылығын қадағалауға, сондай-ақ бас бостандығымен байланысты емес 
жазаларға сотталған тұлғаларды немесе әлі қылмыс жасамаған, бірақ қоғамға қарсы не моральға жат қылық 
жасап жүрген тұрақсыз тұлғаларды тәрбиелеуге бағытталған қызметі. 
в) нақты жағдай қажет еткен басқа да шараларды жүзеге асыру. 
Криминологияда, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық циклдегі пәндерде қылмыстылықтың алдын алумен 
қоса, қылмыстың алдын орағыту, бұлтартпау, профилактика терминдері қатар қолданылады. Олардың 
арақатынасына байланысты авторлардың әр түрлі пікірталастары да жоқ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет