Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 18-бет 36 беттен
3)
әлеуметтік;
4)
ұйымдастырушылық-басқарушылық;
5)
мәдени-тәрбиелік;
6)
құқықтық және өзге де.
в) қолданылу сатысына қарай:
1)
тікелей
алдын алу, яғни тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін туындауы мүмкін жағымсыз
жағдайларды жою, микроортаны сауықтыру т.б.;
2)
қылмыс рецидивінің алдын алу,
яғни бұған дейін қылмыс жасап, қылмыстық жауаптылыққа
тартылған тұлғаларға ықпал ету.
г) сатысына қарай (практиткалық көзқарас бойынша):
1)
профилактика, әлі қылмыс жасалу қаупі жоқ сәтінде шаралар қолдану. ‘’Тұлғаның қылмыс жасау
мүмкіндігін жою’’ деп келетін Г.А.Аванесовтың анықтамасымен келісуге болады;
2)
қылмыстың
алдын орағыту, яғни дайындалып жатқан немесе жоспары жасалып жатқан қылмыстың
ары қарай дамуына кедергі жасау;
3)
бұлтартпау, яғни басталып кеткен қылмысты аяғына шейін жеткізбеу.
Жалпы профилактика - қылмыстылықтың алдын орғыту мақсатында жасалған әлеуметтік өмірдің әр түрлі
саласындағы қылмыстылықтың себептерін, жағдайларын және өзге де детерминанттарын анықтауға бағытталған,
оларды жою (бейтараптандыру, тосқауылдау) үшін шараларды өңдеу мен қолдануға бағытталған қызмет.
Жеке-дара профилактика -олардың мінез-құлқына барлау жасай отырып қылмыстың ажсалуын күтуге
болатын тұлғаларды анықтауға, оларға және олардың қоршаған ортасына қылмыстылықтың
алдын орағыту
мақсатында ықпал ету.
Виктимологиялық профилактика - қылмыс жасауға сеп болатын виктимдік мінез-құлықты
қалыптастыратын факторларды,
мән-жайларды, ситуацияларды анықтауға, жоюға немесе бейтараптандыруға,
жоғары деңгейдегі виктимділігі бар тұлғаларды анықтауға және олардың қорғану қасиетін арттыру мақсатында
ықпал етуге, сондай-ақ қылмыстан және одан кейінгі виктимизациядан қорғану амалдарын өңдеу мен бұған дейін
жасалған құралдарды жетілдіруге бағытталған әлеуметтік институттардың ерекше қызметі.
д) түбірлілік деңгейіне қарай:
1)
криминогендік құбылыстар мен жағдайлардың туу мүмкіндігінен сақтандыратын (мысалға,
жұмыссыздықтың болып қалу мүмкіндігінен сақтандыру:
зауыт-фабриканың, кәсіпорынның құрылымдық
бөлімшелерін, филиалдарын ашу, күшейту);
2)
оларды бейтараптандыратын,
тосқауыл қоятын, минималдандыратын (мысалға, өмірде орын алып
отырған жұмыссыздықтың қылмыстылықтың өсуіне ықпал етпеуін қамтамасыз ету: оларды өзге қоғамдық
пайдалы жұмыстарға тарту);
3)
оларды толығымен жоятын (мысалға, жұмыссыздықты сол аумақта толығымен жою:
жабылып
қалған жұмыс орнын қайта ашу).
Достарыңызбен бөлісу: