диалектиканың санннан сапаға өту заңын еске түсірген жөн. Екі қылмыс қылмыстылық емес, он қылмыс та, тіпті, жүз қылмыс
та қылмыстылық сапасына ие емес, ол үшін міндетті түрде масса керек, яғни жаппай болуға тиісті. Мысалға,
ешкім де сиырды бар болғаны он сегіз триллион клетканың жиынтығы деп айта алмайды. Иә ол сырттай
қарағанда он сегіз триллион клетканың
*
жиынтығы, бірақ сіз әр жерден дәл сондай он сегіз триллион сиыр
клетекасын жинағанмен, бәрібір ол сиыр болмайды (әрі кетсе ‘’соғым’’ болуы мүмкін). Яғни, жеке клеткада жоқ
қасиеттер сиырда, яғни организмде бар. Клетка өзі сиыр сияқты бұзауын іздемейді, шөп жемейді т.б. дегендей.
Дәл осындай ойды тамшы мен теңіз туралы да айтуға болады. Жоғарыдағы сияқты бір-екі немесе жүз тамшы әлі
теңіз емес, басқаша айтқанда әлі де теңіздік қасиеттерге ие емес (флора мен фаунаның, кеменің жүруі, шулау,
толқын тудыру). Яғни қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқықтарының
ғылымдары қылмысты әр түрлі қырынан келіп қарастыруға тырысса, криминология ол мәселелерді емес,
қылмыстылық атты құбылысты зерттейді. Бұл криминология пәнінің алғашқы компоненті.
Криминологияға қылмыстылықты зерттеп қоя салу мақсұт емес. Әрбір зерттеудің түбінде қоғамға келетін
пайда болу керек. Оның екінші айналысатын мәселесі -
қылмыстылықтың себептері . Осы себептерді анықтау
нәтижесінде ғана тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады. Жоғарыда аталып өткен ғылымдардың ешқайсысы да
қылмыстылықтың себептеріне қол салмайды, тек әр қырынан тиіп-қашып жанап өтеді. Мысалға, қылмыстық іс
жүргізу құқығында қылмыс құрамының белгілерін анықтау үшін жеке сол қылмыстың себептері дәлелдеу пәніне
кіреді және олардың алдын алу үшін сот жеке қаулы да шығара алады. Ал кең көлемде, құлашты кеңге сілтей
отырып, жан-жақты әр түрлі көзқарастырды жинақтай отырып, қылмыстылықтың себептерінің жүйесін
қалыптастыру криминологияның еншісінде. Осы сияқты, криминология жалпы қылмыстылықтың себептерін
ғана емес, сонымен қоса,