Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 27-бет 36 беттен
Есте ұтайтын нәрсе, нақты өмір жағдайы объективтік тұрғыда туындайды дегенмен де, оның қылмыс
жасау механизміндегі рөлі қылмыскердің осы сиуацияға берген субъективтік мазмұнына байланысты. Айталық,
ұрлық жасауға келген екі тұлғаны алайық: бірі - кенеттен, ол ойламаған жерден туындаған экстрималдық
жағдайды қылмыс жасауды жеңілдетуші фактор деп бағаласа, керісінше, келесісі қылмыс жасаудан бас тартуы
мүмкін (кедергі келтіруші фактор деп бағалайды).
Нақты өмір жағдайының мынандай түрлерін ажыратады:
1)
проблемалық жағдай - алдыға қойған мақсатқа жету жолында кедергілердің болуы, тұла осы
кедергілерден жол тауып кетуі керек. Мысалға, қоймаға ұрлыққа түсуге келген субъект оның өзі ойлағандай
емес, қатаң түрде күзетілетінін көріп бірнеше варианттың біреуін алады: ұрлықтан бас тарту, ұрлықтың өзге
дамытылған жолын қолдану, ұрлықтың орнына қарақшылық жасау т.б.
2)
конфликтілік жағдай - конфликтіге қатысушы тараптардың арасында мүдделердің, ұмтылыстардың
қайшылығы болатын жағдай. Мысалға, ойнап басталған арты отқа айналған жанжал. Арнай конфликтілердің
түрлерін, болу себептерін зерттейтін конфликтология ілімі де бар.
Егер де Е.І.Қайыржанов үшінші түрі ретінде ‘’криминогендік жағдайды’’ (қылмыс жасауға жағымды
ықпал ететін) ұсынса
18
, И.В.Волгарева жоғарғы екуін криминогендік сиуацияның түрлері деп есептейді.
19
Достарыңызбен бөлісу: