Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

Әдебиеттер:
 
1.
Антонян Ю.А. Роль конкретной жизненной ситуации в совершении преступления. М., 2012. 
2.
Антонян Ю.М. Социальная среда и формирование личности. М., 2012. 
3.
Джекебаев У.С., Рахимов Т.Д., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. 
Алма-Ата, 2009. 
4.
Криминальная мотивация (под ред. В.Н. Кудрявцева). М., 2009. 
5.
Кудрявцев В.Н. Генезис преступления. М., 2009. 
6.
Кудрявцев В.Н. Криминальная мотивация. М.,2009. 
7.
Лунеев В.В. Мотивация преступного поведения. М., 2011. 
8.
Механизм преступного поведения. М., 2011. 
9.
Методологические вопросы изучения социальных условий преступности. М., 2009. 
10.
Минская В.С., Чечель Г.И. Виктимологические факторы и механизм преступного поведения. 
Иркутск, 1988. 
11.
Номоконов В.А. Преступное поведение: детерминизм и ответственность. Владивосток, 2009. 
7- тақырып. Пайдақорлық қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы 
Түйінді сөздер: 
меншік, меншікке қарсы қылмыстар, жауаптылық.

Негізгі сұрақтар:
1.Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
2.Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың ұғымы жєне белгілері.
3.Талан-тараждаудыњ түрлері жєне тәсілдері. 
4. Меншікке қарсы талан –тараждау белгісі жоқ қылмыстар.
5.Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар. 
Дәріс тезистері:
 
1.Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол 
адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл қылмыстар экономикалық қатынастарды реттейді, 
сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең 
маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен 
пара-пар (кең мағынада алғанда). Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық кодексінің негізінде міндеттерінің бірі болып табы-лады (ҚР ҚК-нің 2-бабы). 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 28-бет 36 беттен 
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 және 1926-жылдардағы 
қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бердей, себебі 
меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады.
Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл 
мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы 
жалпы ережеге негізделуі тиіс. 
Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік 
сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дұрыс саралауға бағыт береді. Меншікке 
қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік 
қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игілікті бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып 
табылады.
Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келгенде, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін - меншік 
деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз - 
субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы 
және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке 
қарсы қылмыстар туралы заңдағы заң нормаларымен қорғалатын тікелей объект ретіндегі меншіктер 
қатынасының мәнін осы құқықтар құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет