Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 29-бет 36 беттен
жайлардың болмауы (ҚК-тің 185-бабының 1-бөлігі), ауырлататын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қаса-
қана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының 1-бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген
қылмыстарға: ұрлық (ҚК-тің 175-бабы), тонау (ҚК-тің 178-бабы), қарақшылық (ҚК-тің 179-бабы), қорқытып
алушылық (ҚК-тің 181-бабы), ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау
мақсатынсыз заңсыз иемдену (ҚК-тің 185-бабының 2-4-бөліктері), ауырлататын мән-жайларда бөтен адамның
мүлкін қасақана жағу немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының 2, 3-бөліктері).
Субъективтік жағынан меншікке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады, меншікке қарсы тек бір
қылмыс қана - бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188-бабы) кінәнің абайсыз формасында
жасалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: