Єл-фараби атындаѓЫ


АЙЫРБАС БАҒАМЫНЫҢ ТӘРТІПТЕРІ ЖӘНЕ



бет32/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
7. АЙЫРБАС БАҒАМЫНЫҢ ТӘРТІПТЕРІ ЖӘНЕ
ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС


7.1. Тіркелген айырбас бағамы бар шағын ашық экономика

Капиталдың толық мобилділігі бар деп жорамалдайық. Инвесторлардың кедергісіз елге капиталды әкелуге және елден капиталды әкетуге мүмкіндігі бар. Q–r диаграммасында IS, LM қисықтарын және r* әлемдік пайыз мөлшерлемесі деңгейінде NX көлдеңен сызығын сызайық (7.1 сурет). Бұл IS-LM-NX моделі. Жалпы айтқанда, үш қисықтың бір нүктеде қиылысуы міндетті емес.






7.1 Сурет. Тіркелген айырбас бағамы кезіндегі тепе-теңдік


IS және LM қисықтарының қиылысуы NX сызығынан төмен орналасты деп жорамалдайық. Онда тепе-теңдік ішкі пайыз мөлшерлемесі r әлемдік пайыз мөлшерлемесінен r* төмен болады, ел ішінен капиталдың ағуы басталады. Капиталды шетелге әкету үшін шетелдік валюта қажет, сонда Орталық банк шетелдік валютаны тіркелген бағамы бойынша сатуға, оның үстіне отандық валютаны сатып алуға мәжбүр болады. Ақша жиыны азаяды да, LM қисығы солға жылжиды. Бұл процес ішкі пайыз мөлшерлемесі r әлемдік пайыз мөлшерлемесіне r* теңескенше дейін, яғни барлық үш қисық бір нүктеде қиылысқанша дейін, орын алады.
Яғни тіркелген айырбас бағамы мен капиталдың толық мобилділігі жағдайында тепе-теңдік IS және LM қисықтарының қиылысуымен анықталады.
Бюджет-салық саясатының ықпалы. Мемлекеттік шығыстардың артуы немесе салықтардың азаюы кезінде IS қисығы оңға IS1 қисығына дейін жылжиды (7.2 сурет).
IS1 және LM қисықтары r* әлемдік пайыз мөлшерлемесінен тым жоғары пайыз мөлшерлемесінде қиылысады. Үй шаруашылықтары мен шетелдіктер отандық активтерді сатып алуды артық көреді, яғни оларға ұлттық валюта қажет болады. Орталық банк ұлттық валютаны тіркелген бағамы бойынша сата бастайды, нәтижеде экономикадағы ақша ұсынысы артады. LM қисығы оңға LM1 қисығына дейін жылжиды.
Нәтижеде ұлғайған ақша жиыны шартында шығарылымның тым жоғары деңгейімен жаңа тепе-теңдік қалыптасады. Шығарылымның төмендеуі немесе салықтардың өсуі қарама қарсы салдарға әкеліп соғады.




7.2 Сурет. Бюджет-салық саясатының ықпалы


Ақша-несие саясатының ықпалы. Егер Орталық банк ашық анрықта құнды қағаздарды сатып алу арқылы немесе басқа тәсілмен ақша ұсынысын өсірсе, онда LM қисығы оңға LM1 қисығына дейін жылжиды (7.3 сурет).



LM

LM1

r*

NX

Y0



Y


7.3 Сурет. Ақша-несие саясатының ықпалы

Ішкі тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесі r әлемдік пайыз мөлшерлемесінен r* төмен болады да, үй шаруашылықтарына шетелдік активтерді сатып алуға тиімдірек болады. Ол үшін шетелдік валюта қажет. Орталық банк ұлттық валютана сатып ала отырып, шетел валютасын сатады, нәтижеде ақша жиыны азаяды. LM1 қисығы солға LM қисығына дейін оралғанша жылжиды.


Бұның нәтижесінде шығарылым өзгермейді, бірақ Орталық банк өз халықаралық резервтерінің белгілі бөлігінен айырылады, ал ел резиденттері сатылған отандық құнды қағаздардың орнына шетелдік активтерді сатып алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет