Єл-фараби атындаѓЫ


Төлем балансының құрамы: капитал қозғалыс шоты мен ағымдағы операциялар шоты



бет27/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
annotation119434

6.2. Төлем балансының құрамы: капитал қозғалыс шоты мен ағымдағы операциялар шоты
Ашық экономикада жабық экономикадағыдай қаржы нарықтары игіліктер нарығымен тығыз байланыста болады.Бұл байланысты көру үшін ЖҰӨ есептеу формуласын жинақтар мен инвестиция арқылы түрлендіреміз, яғни:
Y=C+I+G+NX
Y-C-G=I+NX
Sұ=I+NX
Көрсеткіштерді сол жаққа көшіреміз, сонда:
(I-S)+NX=0
Төлем балансында әдетте бір жыл аралығындағы сыртқы әлем мен ел арасындағы барлық экономикалық мәмілелер тіркеледі. Ондағы әрбір операция екі рет жазылады: бір рет мәміле бойынша қаражат түскенде, екінші рет – қаражат көздері көрсетілгенде. Оның үстіне ақшаның түсуі мен шетелдіктер алдында міндеттемелерді өсіру жөніндегі операциялар «плюс» белгісімен жазылады, ал ақшаны төлеу мен шетелдіктер алдында міндеттемелерді азайтумен байланысты операциялар «минус» белгісімен жазылады. Төлем балансының құрамы:
1. Ағымдағы операциялар шоты (NX).
2. Капитал қозғалысының шоты (I-S).
3. Ресми резервтердің өзгеруі.
Ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысы шотының сальдоларының қосындысы ресми резервтердің өзгеруіне тең.
Капитал қозғалысының шоты ел ішіндегі инвестициялардың жинақтардан көп екенін білдіреді. Осыдан, капитал қозғалыс шоты ел ішіндегі шетелден қаржыландырылған капитал мөлшеріне тең.
Төлем балансының ағымдағы операциялар шоты- бұл елдің сыртқа шығарылған таза экспортынан түсетін сомасы.
Егер I-S оң болса, ал NX теріс болған жағдайда,яғни капитал қозғалыс шотының сальдосы оң болып, ағымдағы операциялар шотының сальдосы теріс болса, онда мемлекетте дефицит пайда болады. Осы дефицитті жабу үшін жетіспеген қаражатты халықаралық қаржы нарықтарынан несие алып, тауарларды импорттау арқылы толтырамыз.
Егер I-S теріс болып, оң NX болса, онда капитал қозғалыс шотының дефициті пайда болады. Осы жағдайда халықаралық қаржы нарықтарында несие беруші ретінде және тауарларымызды экспорттауға мүмкіндік туады.
Елдің экономикасы, егер ол әлемдік пайыз мөлшерлемесіне r* әсер ете алмаса, шағын болып есептеледі, яғни r=r*. Егер елде капиталдың толық мобилділігі болса, онда тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесі капиталдың еркін ағып келуі мен кетуі арқасында әлемдік пайыз мөлшерлемесінің деңгейінде қалыптасады (6.1 сурет).
Кіші ашық экономикада үш жағдайды ескеру қажет:

Алдағы төлем балансындағы формуланы түрлендіретін болсақ,
Жоғарыдағы үш жағдайды ескере отырып,
Капитал қозғалыс шотнының және ағымдағы операциялар шотының сальдосы- бұл әлемдік пайыз жағдайындағы ішкі жинақ пен инвестициялардың арасындағы айырма ретінде анықталады.


6.1 Сурет. Инвестициялар, жинақтар және ағымдағы
операциялар шоты

Ішкі тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесі, жалпы айтқанда, әлемдік пайыз мөлшерлемесімен бірдей болмауы мүмкін, себебі жинақтармен инвестициялардағы өзгерістер төлем балансының ағымдағы шотының қалпына әсер етіп тұрады.


Экономикалық саясаттардың тигізетін әсері
Ішкі бюджет-салық саясаты
Егер мемлекет шығындарын G көбейтсе, не салықтарды T азайтса, онда ұлттық жинақ мөлшері азаяды. Себебі S=Y-C-G. Сонда, инвестиция жинаққа қарағанда көбейеді. Бұл өз кезегінде капитал қозғалыс шотының оң сальдосын тудырып, шетелден қаржыландыру артады. Бұл 6.2.-суретінде көрсетілген.

Сыртқы бюджет салық саясаты
Егер шетел мемлекеті өзінің мемлекеттік шығындарын көбейтсе немесе салықтарын азайтса, онда әлемдік жинақтар кемиді де, әлемдік пайыз жоғарлайды.
Әлемдік пайыздың жоғарлауы кіші ашық экономикада инвестициялардың төмендеуін қалыптастырады. Жинақтар артады да, экспорт көбейе бастайды. Себебі. NX=S-I, I төмендеуі NX көбейтеді. Сонда, шетелдегі жинақтардың төмендеуінен кіші ашық экономикада ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы пайда болады. 6.3.- сурет



Инвестицияға сұраныстың өзгеруі
Егер жоспарланып отырған инвестициялар жоғары көтерілсе, не болатынын көрейік.
Мұндай жағдай мемлекет тарапынан ішкі инвестицияларды қолдау мақсатында салық жеңілдіктері берілген жағдайда болады. 6.4. - сурет

Жинақ мөлшері өзгерусіз қалғандықтан, инвестициялар шетелден қаржыландырылуы керек. Сонда капитал қозғалыс шотының оң сальдосы пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет