Єл-фараби атындаѓЫ


II. Келесі пікірлер дұрыс па?



бет30/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
annotation119434

II. Келесі пікірлер дұрыс па?



  1. Ашық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі.

  2. Әр түрлі елде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағасын салыстыру үшін, оларды бір валютаға айналдыру қажет.

  3. Атаулы айырбас бағамының жоғарлауы ұлттық валютаның құнсыздануын білдіреді.

  4. Атаулы айырбас бағамының төмендеуі ұлттық валютаның қымбаттауын білдіреді.

  5. Тұрақты айырбас бағамы жағдайында Орталық банк айырбас бағамының қалыптасу процесіне араласпайды.

  6. Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында Орталық банк шетел валютаны тұрақты ара қатынаста сатуға немесе сатып алуға міндеттеме алады.

  7. Бірыңғай баға заңы – сатып алу қабілетінің тепе-теңдігінің негізі.

  8. Нақты айырбас бағамы – бұл екі елде өндірілген тауардың салыстырмалы бағасы.

  9. Атаулы айырбас бағамы – бұл екі елдің валюталарының салыстырмалы бағасы.

  10. Айырбас бағамы жоғарлағанда ұлттық валюта құнсызданады.

  11. Айырбас бағамы төмендегенде ұлттық валюта қымбаттайды.

  12. Төлем балансында әрбір операция бір рет жазылады.

  13. Бір жыл аралығында елдер арасындағы барлық экономикалық операциялар төлем балансында тіркеледі.

  14. Төлем балансының ағымдағы операциялар шоты біздің экспортқа айырбасқа алынатын ақша сомасын көрсетеді.

  15. Капитал қозғалысы шоты ішкі жинақтардың ішкі инвестициялардан артықшылығын білдіреді.

  16. Жабық экономикада инвестициялар жинақтарға тең.

  17. Ұлттық жинақтар шамасы ЖҰӨ минус тұтыну минус мемлекеттік сатып алу ретінде есептеледі.

  18. Үлкен ашық экономика әлемдік пайыз мөлшерлемесіне әсер ете алмайды.

  19. Шағын ашық экономика үлкен экономикаға қарағанда әлемдік қаржы нарықтарына шыға алмайды.

  20. Капиталдың абсолютті мобильдігі жағдайында шағын ашық экономикада тепе-теңдік процент мөлшерлемесі әлемдік мөлшерлемеге тең.

  21. Жинақтар мен инвестициялардың өзгеруі төлем балансының ағымдағы шотына әсер етпейді.

  22. Валюта нақты құнсызданғанда ішкі тауарлар арзандайды да, импорттық қымбаттайды.

  23. Экспорт өскен сайын таза экспорт азаяды.

  24. Егер валюта нақты қымбаттаса, онда импорттық тауарлар арзандап, ал отандық – қымбаттайды.

  25. Ел ішінде өндірістің ұлғаюы импортты ынталандырады, ал шетелдік экономикалық белсенділік экспортты өсіреді.

  26. Ашық экономикада IS қисығының көлбеуі оң.

  27. Шетелде шығарылымның және нақты айырбас бағамының жоғарлауы IS қисығын оңға-жоғары жылжытады.

  28. Салықтардың өсуі, мемлекеттік шығыстардың азаюы IS қисығын солға-төмен жылжытады.

  29. Нақты ақша қоры көбейгенде LM қисығы солға жылжиды.

  30. Егер ішкі тепе-теңдік процент ставкасы әлемдіктен төмен болса капиталдың сыртқа ағыны басталады.

  31. Тұрақты айырбас бағамымен капиталдың толық мобилділігі жағдайында тепе-теңдік IS және LM қисықтарының қиылысуымен анықталады.

  32. Тұрақты айырбас бағамы жағдайында ақша-несие саясаты экономикада шығарылым деңгейін өзгертпейді.

  33. Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында экспансиялық фискалды саясат ел ішіне капиталды тартады.

  34. Егер ұлттық валюта құнсызданса, онда нақты айырбас бағамы өседі.

  35. Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында Орталық банк валюталық нарықтағы процестерге араласады.

  36. Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында шетел валютаның артық көлемі ұлттық валютаны қымбаттатады.

  37. Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында таза экспорттың азаюы фискалды саясатты ығыстырып жібереді.

  38. Ашық экономикада ішкі процент ставкасы төмендегенде капиталдың сыртқа қарай ағыны орын алады.

  39. Ашық экономикада ішкі процент ставкасы төмендегенде ел ішіне капиталдың тартылуы орын алады.

  40. Инвесторлар капиталға пайда нормасы жоғарырақ жерде өз капиталдарын құйуды артық көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет