Єл-фараби атындаѓЫ



бет35/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
8.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
8.1. Экономикалық өсудің сипаттамасы

Ол белгілі уақыт аралығында нақты өндіріс көлемінің ұлғаюын білдіреді. Елдің экономикалық потенциалының өзгерісін бағалау үшін белгілі кезең аралығында ЖҰӨ немесе ЖІӨ өсу қарқыны қолданылады. 8.1 суретте 1990-2002 жылдар аралығындағы Қазақстан экономикасының ЖІӨ өсу қарқындарының графигі берілген.


Экономикалық өсу – ұзақ мерзімді құбылыс. ЖІӨ-ң жоғарылауы мен құлдырауы ЖІӨ-ң ұзақ мерзімді трендінің шамасында орын алады. Жалпы ұлттық өнім немесе жалпы ішкі өнім елдің экономикалық даму деңгейін сипаттайды. Халықтың әл-ауқаты деңгейін бағалау үшін халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.
Жалпы түрде, ел тұрғындарының әл-ауқатын халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ көрсеткіші толық шамада көрсетпейтініне экономистердің барлығы келіседі. Себебі, бұл көрсеткіш қоршаған ортаның ластануын, бос уақыттың болуын, өмірдің ұзақтығын, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін ескермейді. 8.1.Сурет.Қазақстан экономикасының өсу қарқындары(%)
Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ-ң жоғары деңгейі қалыптасқан бай елде алайда кедейшіліктің жоғары деңгейі болуы мүмкін. Кедейшілік – бұл игіліктерді бөлу проблемасы. Бірақ, сонда да экономикалық өсу халықтың тұрмыс жағдайын жоғарлататын шарт болып қабылданады.
Экономикалық өсудің көздері:

  • пайдаланатын ресурстар (еңбек, капитал, жер, шикізат) көлемін арттыру,

  • жаңа тиімдірек өндіріс тәсілдерін шығару.



8.2. Р.Солоудың экономикалық өсу моделі

Өндіріс көлемі Y, капитал қоры К, еңбек мөлшері L және қолданылатын технологиямен анықталады:


Y = F(K, L).

Басында еңбек мөлшері тұрақты деп есептейміз. Тұрақты ауқым нәтижесі орын алуда деген жорамалда бір жұмысшыға (еңбек бірлігіне) шаққандағы айнымалыларға көшуге ыңғайлы болады:




y = Y / L - бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым,


k = K / L - капиталмен жарақтандырылғандық.

Онда бір жұмысшыға шаққандағы өндірістік функция бұлайша жазылады


y = f(k) , где f(k) = F(k, 1).


8.2.Сурет. Өндірістік функциясының графигі
Капиталдың шектік өнімі MPk өндірістік функцияның f(k) туындысына тең, яғни оның графигіне жанасқан қисықтың көлбеуіне (8.2 сурет).
Барлық өндірілген өнім y тұтыну c және инвестицияларға i бөлінеді. s=i/y қатынасы қорлану нормасы деп аталады. Оның мәні 0 мен 1 шегінде орналасқан. Бір жұмысшыға шаққандағы инвестициялар тең i=sf(k), ал тұтыну тең c=(1–s)·f(k). d – амортизация нормасы болсын. Ол тозу нәтижесінде жыл сайын шығарылатын капитал үлесі.
Сонда Солоу моделінің негізгі теңдеуі бұлайша жазылады:
k = sf(k) - d. k .
Ол таңдалған қорлану нормасына байланысты бір жыл аралығында капиталмен жарақтандырылғандықтың өзгерісін анықтайды.


8.3. Сурет. Стационарлық тәртіп

Егер уақыт аралығында капиталмен жарақтандырылғандық k өзгермесе, онда экономика стационарлық тәртіпте (тұрақты қалпыда) деп саналады. Сонда бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым y, инвестициялар i, тұтыну c да өзгермейді. Онда негізгі теңдеуден стационарлық тәртіптің шарты шығарылады:


sf(k) = d. k .

Диаграммада капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі sf(k) және d. k функциялар графиктерінің қиылысу нүктесімен анықталады (8.3 сурет).


Неғұрлым қорлану нормасы s көп болса, соғұрлым капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі k0, және де шығарылым f(k) мен инвестициялар sf(k) да үлкен болады. Бірақ, бұл жағдайда бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну c қалай өзгеретіні белгісіз.
Қоғам адамдардың әл-ауқатын жоғарлатуға құштар. Сондықтан бір жұмысшыға шаққандағы тұтынуды максималды ететін капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі k* мына шарттан анықталады:
f’(k) = d, немесе, MPk = d.

Бұл шарт қорланудың алтын ережесі деп аталады. Қорланудың оңтайлы деңгейінде бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну барынша көп болады да, уақыт аралығында өзгермейді.


Сонымен бірге, халықтың өсу қарқыны мен ҒТП әсерін ескеру арқылы дәл осындай талдау жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет