Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет103/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   255
Түйінді сөздер: Маңғыстау, каспий теңізі, экология, жер, Қазақстан. 

 

Бастапқы кезде біздің осы жеңістеріміздің әрқайсысынан көздеген мақсатымызға 



жеткенімізді алдымен көрерміз.  Бірақ екінші және үшінші кезеңдеріне келгенде өзіміз 

нүкте қоймаған нәтижелерді байқармыз. Сөйтіп көрген зиянымыз, пайдамыз асып түсер» 

деген екен. 

Иә,  адам  өзінің  ғасырлар  бойы  табиғаттың  қожасы,  билеушісі  ретінде  сезініп, 

өзіне бар қажетті алып, бірақ оған келтірілген зиянының орнын толтыруға, дер кезінде 

қамқорлық жасауға әдеттенбеді.  

Табиғат  ресурстарын  барынша  пайдалану,  оның  қорларын  азайтумен  қатар, 

сапалық  күйін  нашарлата  түсті.  Бұл  жер  шарының  кейбір  аймақтарында  қайтымсыз 

табиғат өзгерістері мен апаттарының болуы көрсетеді. 



226 

 

Маңғыстау облысы, сонымен бірге Каспий теңізінің қазақстандық секторы бағалы 



биологиялық  ресурстармен  минерал  –  шикізат  потенциалына  бай:  еліміздің 

эканомикасын көтеруде стратегиялықелеулі орында. Каспий теңізінің 1350 км-ге жететін 

жағалауына ерекше көңіл бөлуі керек. 

Табиғи    климаттық  жағдайы  бойынша  толығымен  Маңғыстау  экологиялық 

тұрғыда  жайсыз  күннің  радиациясы  аса  қатты  қыздыруы,  қатты  жел,  температураның 

көп ауытқуы жауын-шашынның аз мөлшері. 

Қазіргі кезде облыс экологиялық ахуал шиеленісіп тұрғылықты халықтың өмір 

сүруі мен медиина- демограф жағдайы денсаулығына әсер етуде. 

Маңғыстау  экологиясы  әлі  күнге  мақтанарлық  жағдайда  емес.  Біз  өз  туған 

өлкеміздің экологиясына өз деңгейінде көңіл бөлуіміз керек. 

Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан. 

Жерінің  жалпы  көлемі  16,7  млн  га.,  оның  12,7  млн  га-ы  жайылымдық  жер  болып 

есептелінеді.  Маңғыстау  облысы  үш  жағынан  дерлік  теңізбен  қоршалып,  қалған 

бөлігінде  табиғаты  қатаң,  елсіз  немесе  сирек  қоныстанған  шөлді  аймақ  шектеп 

жатыр.Маңғыстау  –  Қазақстан  Республикасының  негізгі  теңіздік  аймағы.  Каспий 

арқылы іргелес Әзірбайжан, Иран, Түрікменстан елдерімен, сондай-ақ Еділ-Дон каналы 

арқылы Дүние жүзі елдерімен байланыса алады. 

Үш    жүз  алпыс  екі  әулие  Маңғыстау  топырағы  ежелден  киелі  өлке  болып 

саналады. Өйткені бұл аймақта ертерек пайда болған: таңба, белгілер, тас ескерткіштер, 

үңгірлер мен кеуектер, апандар мен аңғарлар, арандар мен қорғандар, үйіктер мен обалар 

тағы басқа сол секілділері жетіп артылады. Олардың әр біреуі – тұнып тұрған шежіре, 

тарих, баға жетпес мұра, алтын қазына. 

Маңғыстау  жері  биоклимат  жағдайына  қарай  шөлді  ландшафқа  жатады. 

Аймақтың  топырағы  негізінен  өсетін  өсімдігіне  және  топырағының  түсі  мен  беткі 

қабатына  қарай  екі  аймаққа  бөлінеді.  Оның  біріншісі  –  қоңыр  топырақты,  ерте  қурап 

өшіп кететін раң тәріздес өсімдік және ащылы шөп бұта тектілер өсетін орталық шөлді 

аймақ. Қоңыр топырақты аймақ облыстың солтүстік жағын алып жатыр. 

Каспий  теңізі – Маңғыстаудағы бірден-бір су айдыны. Оның  көлемі 380 мың км.  

Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін –1030 км., батыстан шығыс дейін – 196-435 

км.  Аралықты  қамтиды.  Солтүстік-шығыс  бөлігінің  климаты  континенталды,  ал 

оңтүстік-батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, 

көбінесе  қайрандардан  түрады.Каспий    теңізі  Еуропа  ман  Азия  континенттерінің 

түйіскен  жерінде  орналасқан.  Каспий  қайраңы  —  өте  ерекше  табиғат  туындысы  әрі 

өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Каспий  өзімен құятын өзендермен бірге 

Еуразиядағы маңызды кәсіптік су көзі, мұнда жыл сайын 0.3 млн тоннаға жуық балық 

ауланады. Оны аулау  үлесі әлемдік деңгеймен алғанда 85%-дан асады. Жалпы Каспийлік 

кәсіпшілікте итбалық аулау да елеулі орын алады. Екінші жағынан алғанда Каспийдің 

суын  тұшытып, пайдаланып  отырған  Ақтау  тұрғындары  үшін  оның суының  тазалығы 

керек.  Қазақстан  Каспий  теңізінің  бөлігінің  мұнай  ресурстарын  игеруге  кірісті,  бірақ 

бірқатар  кезек  күттірмейтін  мәселелерді  шешкен  жоқ.  Ол  мәселелер:  теңіздің 

биологиялық  әлемін  қорғау;  мұнай  операцияларын  жүргізгенде  ластануды  шектеу 

стандарттарын жасамаған. Жайсыз табиғи және антропогендік факторлар Каспий теңізі 

деңгейінің бірде көтеріліп, бірде төмендеуіне әкелді, оның айдыны улы қалдықтармен 

ластануда,  мұнай-газ  кешендерінің  толассыз  әсерінен  қоршаған  ортаны  қорғау  іс-

шараларын қолға алу керек. 

Өте ауқымды мәселе Каспий жағалауындағы жаңа және бұрынғы кәсіпорындар, 

сонымен бірге теңіз мұнай игеру кезінде теңізді мұнаймен немесе оның қалдықтарымен 

ластау қаупі сақталып отыр. Оған  көп қаржы бөлінген деп айтып жатады. Қазірдің өзінде 




227 

 

суы тайыз айдында мұнай өнімдерінің концентрациясы белгіленген шектеулі  рауалды 



мөлшерден 15-20 есе асып кеткен. 

Солтүстік    Каспий  мұнаймен  ластану  нормасы  10  есе  артып,  фенол 

концентрциясы 100 еседен де жоғары. Суда  үнемі хлорорганикалық пестицид мөлшері 

болып  тұрады.  Теңіздің  ихтиологиялық  фаунасы  организмдер  мұнаймен,  ауыр 

металдармен,  т.б.  улы  заттармен  зақымданған.  Тастанды  не  суға  батқан  ұңғылар 

қаншама,  сондай-ақ  тасымал  кезінде  төгілген  мұнай  Каспий  экожүйесіне  үлкен  қатер 

төндіріп отыр. 

Тағы бір тоқталары – озық технологиясы «Теңізшевройл» БК-сы қоршаған ортаға 

тигізер  зиянын  жылдан-жылға  ұлғайтып  келеді.  ТШО-ның    өндірген  мұнайының 

құрамында улы зат жеткілікті. 

Каспий    мәселесі  бүгінгі  таңда  күрделі  аймақтық  экологиялық  проблемаға 

айналды. Мұнай өндіру және геологобарлау жұмыстары жүргізілген аудандарда топырақ 

қабатының бұзылғаны байқалды. 

Маңғыстау  облысының  территориясында  200  млн  тонна  өндірістен  105.1  млн 

тонна  улы  қалдық,  8.6  млн  кубометр  пайдалы  қазба  қалдықтары  жинақталған.  Тек 

2005жылдың  өзінде  жиналған  242  мың  тонна  өндірістік  және  тұрмыстық  қалдықтың 

162.8  тоннасы  улы.  Ал    қазіргі  мәлімет  бойынша  2006  жылы  260  мың  тонна  қалдық 

жиналып, оның 180.5 мың тоннасы улы болды. 

Жер бетінің 2 мың гектары жарамсыз, 170 мың кубометр мұнай массасы ашық 

жер  амбарларында  орын  алған.  Жаздың  ыстық  кездерінде  буланған  мұнайдың  иісіне 

уланып, бұл жнрде мекендеген аң мен құстың түрі, саны азаюда. Жайсыз экологиялық 

ахуал мен аяусыз қырып, жою өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түрлеріне әсер етеді. 

Әсіресе Үстіртте мекен еткен дала тағылары елік, киік сияқты аңдардың саны жүз есе 

азайған.  Қалдықтардың  жыл  өткен  сайын  азаюы  не  көбеюі  жеке  кәсіпорындардың 

қалдықтарына тікелей байланысты. 1998  жылдан бастап мұнайды көп алу мақсатында, 

Жетібай кен орнындағы ескі ұңғылардың арасына су қысымын жіберіп, жара бастады. 

Су  қысымымен  жарудың  салдарынан  қуыс  көбейіп  кетіп,  «термит»  деген  құрттың 

аналығы  жер  бетіне  шығып  кеткен.  Оның  күніне  миллион  есе  жұмыртқалайтынын 

ескерсек, қаншылықты денсаулыққа әсер ететіні анық. 

Күнделікті  табиғатта  сан  мыңдаған  құбылыстар  болып  жатады.  Сұлтанмахмұт 

Торайғыров  ағамыз:  «Барлық  қызық  табиғаттан  таралыпты,  табиғат  адам  үшін 

жаралыпты» деген. Ойланып қарасам, табиғат бізге бәрін берді, киер киім, ішер тамақ, 

ауа, үй және т.б. Ал біз табиғатқа не бере аламыз? – ештеңе де бере алмаймыз. Біз тек 

қана алуды білеміз, ал оның арты не болатыны туралы ойланбаймыз. Табиғат біздің бір 

бөлігіміз емес, керісінше, біз оның кішкене ғана бөлігіміз.  

Бүгінгі  таңда  атмосфера  ауасына  тигізер  әсерінің  зор  екендігін  жақсы  білеміз. 

Ластанған ауаны тазартудың ең жеңіл жолы – көгалдандыру екенін де әрбір көзі ашық 

жан  мойындайды.  Сондықтан  жасыл  желектерді  өсіруден  жалықпау  керек  деп 

ойлаймын. Әсемдік үшін өсірілетін, көшеті қымбат тұратын пальма ағаштарынан көрі, 

газдың  сіңіру  қасиеті  ерекше;  Қаражидек,  шаңды  ұстайтын:  жөке,  күміс  үйеңкіні; 

күкіртті газды сіңіретін: қаратерек, жасыл шаған, жұмсақ қараағаш, жөке, қайыңды; хлор 

мен  оның  қосылыстарын  сіңіретін:  емен,  қызылжиектерді  көбірек  отырғысса,  қала 

экологиясын жақсартуға үлкен пайдасы болады. 

Ең негізгі – әр адам тек қана өз қара басын ойламай, қоршаған ортаға деген көз 

қарасы дұрыс болса, бәрі де болар еді деп ойлаймын. 

 

 




228 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.Экология и устойчивое развитие» газета, 10.2005;

 

2.«Егемен Қазақстан» газеті, 14 қаңтар 2004;



 

3.«Промышленность Казахстана» журнал, 08.2004;

 

4.«ҚазҰТУ хабаршысы, экология сериясы» журналы, №2(15) 2004;



 

5.Акбасова А.Ж.,Санкова Т.Ә., «Экология», Алматы, 2003; 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет