Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет106/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   255
Түйінді сөздер: экологиялық проблема, топырақ қабатының тозуы, гидрофлора. 

 

Таза ауа мен табиғаттың, қоршаған ортаның жайлылығы әркім үшін де алаңсыз 



өмір сүруде ең басты қажеттіліктердің бірі. Технологияның қарыштап дамып, өндірістің 

қарқыны  артқан  бүгінгі  күні  әлемде  экологиялық  ахуалдың  ақсап  тұрғаны  жасырын 

емес. Тіпті басқаны айтпағанда, кең қолданыстағы және қолайлы саналатын полиэтилен 

ыдыстардың  өзі  табиғатқа  қаншалықты  зиян  әкелетіні  белгілі.  Біз  мұндай  жағдайда 

қоршаған  ортаны  қалай  қорғап,  өзімізге  және  болашақ  ұрпаққа  алаңсыз  өмірді  қалай 

сыйлай аламыз? Бұл – бүгінгі күннің басты мәселесі. Жердің «тарихи» әрі өнеркәсіптік, 

тұрмыстық және басқа қалдықтармен ластануы өңірдің негізгі экологиялық мәселесіне 

айналды.  Бұл табиғаттағы заттар айналымына кері әсерін тигізеді. Мұнай ұңғымаларын 

бұрғылау барысында бөлінетін зиянды ертінділер, улы заттар мен химиялық реагенттер 

топырақ  қабатының  тозуына   тікелей  ықпал  етеді.   Бүгінгі  таңда  облыс  аумағында 

бірнеше   «тарихи»  ластану  көздері  бар.  Олардың  бәрі  дерлік   кеңестік  кезең  тұсында 

тасада қалған төгінділер мен қоқыс-қалдық үйіндісі.  2015 жылы экология департаменті 

жергілікті  атқару  органдарымен  бірге  ластанған  жер  телімдері  мен  өндірістік 

қалдықтарды республикалық меншікке беру жөнінде жұмыстар атқарды. Өңірдегі ең ірі 

экологиялық проблеманың бірі құрамында  уран қалдығы мол «Қошқар-Ата» өндірістік 

химиялық  қалдықтар  қоймасы.   Қойма  Каспий  теңізінен  7-8,  облыс  орталығы  Ақтау 

қаласынан  3-4  шақырым  жерде  орналасқан.  Қоймаға  105  млн.  тоннадан  астам  уытты 

қалдықтардың  шөгіндісі  көмілген.  Радиобелсенді  қалдықтар  үлесі  52  млн.  тоннаны 

құрайды.  Жасанды  көл  суының  кебуі  салдарынан   құрғап  қалған  жер  аумағынан  жел 

арқылы ұшырылған шаң, аэрозолды бөлшектердің атмосфераға тарау қаупі алаңдатады. 

Көл көлемін тұрақтандыру мақсатында жыл сайын Ақтау қаласындағы кәріздік-тазарту 



231 

 

қондырғысынан  8,4  млн.  текше  метр  зарарсыздандырылған  су   «Қошқар-Ата»  көліне 



ағызылады.  Сонымен  қоса,  қойма  аумағының  оңтүстік  бөлігінде  жалпы  алаңы  7,5  га 

құрайтын орманды жасыл алқап жасау жобасы қолға алынған. Залалды қойма мәселесін 

шешу мақсатында жетекші ғалымдармен бірлесе сан түрлі бағытта зерттеу жұмыстары 

жалғасуда.  «Қошқар-Ата»  қалдық  қоймасын  қайта  қалпына  келтірудің  техникалық-

экономикалық  негіздемесі  әзірленген  болатын.  Қайта  көмудің  жобалық-сметалық 

құжаттамасы  мемлекеттік  сараптамадан  өткен  соң,  жүзеге  асуға  қажетті  қаражат 

республикалық  бюджеттен  бөлінеді.  Сонымен  қоса  басқосуда  қатты  тұрмыстық 

қалдықтарды  өңдеу,  жою  және  көму  мәселесі  қозғалды.  Маңғыстау  ауданының 

Жыңғылды,  Тұщықұдық,  Шайыр  ауылдарында,  Қарақия  ауданының   Мұнайшы, 

Болашақ ауылдарында, Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында, Түпқараған ауданының 

Қызылөзен ауылында  ҚТҚ көму полиганының құрылысына  техникалық-экономикалық 

негіздеме жасалынды. Жаңаөзен қаласындағы комбинат 2015 жылдың өзінде  5436 тонна 

қатты  тұрмыстық  қалдықтарды  өңдеген.Өңдеу  барысында  полимерлік  бұйымдардың 

алынады.  Басқарма  құрамында  сынабы  бар  шамшырақтарды  қайта  өңдеу  пилоттық 

жобасын жүзеге асырмақ. Осыған орай, қала аумағында 27 арнайы қоқыс контейнерлері 

орнатылды.  Сонымен  қоса,  Жетібай,  Шетпе,  Өмірзақ,  Боранқұл,  Ақшұқыр,  Болашақ 

ауылдарында  өлген  малды  көметін  орындар  құрылысын  қолға  алу  көзделген. 

«Маңғыстау  облысының  Зерттеу  жұмыстарының  қорытынды  есебі  экология 

департаменті,  геология  және  жер  қойнауын  пайдалану  инспекциясы  және  де 

мамандырылған  табиғатты  қорғау  прокуратурасына  анықталған  экологиялық 

бұзушылықтарды  жоюға  шара  қолдануға  жіберіліп  отырады.  Жылда  халықаралық 

Каспий күні қарсаңына облыста мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, сонымен қатар 

Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өкілдерімен  және де халықаралық беделді 

ұйымдармен  Каспий  теңізінің  биоресурстарын  қорғау  мәселесінің  аясында  түрлі 

шаралар өткізіліп келеді.  

Әрине, экологиялық ахуалды жақсартуға құзырлы органдар барын салуда. Десе 

де,  қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелері  жергілікті  немесе  республикалық  бюджеттен 

қыруар  қаржыны  жұмсау  арқылы  шешіле  бермейтіні  айдан  анық.  Өкініштісі  сол, 

қоршаған ортаны қорғаудың орнына, қазір қорлайтындар көбейген заман болып тұр. Бір 

ғана Каспий мәселесін айтатын болсақ, теңіз жағалауын ластануына адамдардың өздері 

жол беріп отыр. Демек, бұл ретте ең алдымен ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Мұны 

тек еститін құлақ, сезінтін жүрек болса жетіп жатыр. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Ұ.Б.Асқарова, Экология және қоршаған ортаны қорғау, Алматы, 2007 

2.  Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау : Оқулық /- 

Алматы : Экономика, 2006. - 480 б. 

3.  Экология  және  табиғатты  тиiмдi  пайдалану:  Оқулық  /  Ә.С.Бейсенова  және 

т.б.- Алматы: Ғылым, 2004.- 328 б. 

4.  Экология және тұрақты даму : Оқулық / ҚР Білім және Ғылым мин-гі бекіткен 

; ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы :Дәуір, 2011. - 312 б.  

 

 



232 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет