Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет21/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   255
Байланысты:
itog

ӘОЖ 314 (045) 

 

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Дариссалам Н.  



Ғылыми жетекші: Арашова Н.К. 

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, 

Ақтау қ., Қазақстан 

 

Аңдатпа. Бұл мақалада Маңғыстау облысындағы жоғары білім мен ғылымның, 

мәдениеттің орталығына айналған Ш.Есенов университетінің қалыптасу кезеңдері, даму 

тарихы,  негізгі  қадамдары  қарастырылған.  Сондай-ақ  Академиялық  ұтқырлық 

бағдарламасы  және  университетімізде  оқитын  шетелдік  студенттер  туралы  мәліметтер 

қарастырылған.  



Түйінді  сөздер:  Академиялық  ұтқырлық,  диаспора,  логистика,  инфрақұрылым, 

инновациялық кластер. 

 

«Ел мен елді, халық пене халықты, ұлт пен ұлысты теңестіретін нәрсе - білім» - 



деп  ұлы  жазушы  М.Әуезов  айтқандай,  ғылым  мен  білім  бәсекесі  ХХІ  ғасырда  басты 

орынға  шығып  отыр.  Бұл  орайда  білім  мен  ғылымның  ордасы  болып  табылатын 

университеттердің  маңызы  ерекше.  Университет  –  білім  мен  ғылымды  тоғыстырып, 

талапкерді  білімнің  биігіне  шығаратын,  ғылымның  өріне  шыңдайтын  қасиетті  қара 

шаңырақ.  

«YESSENOV  UNIBERSITY»  брендімен  «АШЫҚТЫҚ,  ЫҚЫЛАСТЫЛЫҚ, 

КРЕАТИВТІЛІК»  сынды  құндылықтарды  ұлықтап,  қазақстандық  жоғары  білім 

саласында  өзіндік  орнын  айқындай  алған  Ш.Есенов  атындағы  Каспий  технологиялар 

және  инжиниринг  университеті  бүгінде  Маңғыстау  облысындағы  жоғары  білім  мен 

ғылымның, мәдениеттің орталығына айналып отыр. Бұл білім ордасы өзінің 45жылдық 

тарихында университеттік дамудың белгілі бір кезеңдерінен өтті.  

Бірінші кезең – университеттің құрылу кезеңі. 1976 – 1983 жылдар аралығында 

Маңғыстау өңірінде тұңғыш жоғары оқу орнының негізі қаланып, өнеркәсібі өркендеп 

келе жатқан облысымыздағы мамандар даярлайтын орталық ретінде орнықты.  




37 

 

Екінші  кезең  –  қалыптасу  кезеңі.  1983  –  2001  жылдары  оқу  орны  В.И.Ленин 



атындағы  Қазақ  политехникалық  институтының  Жалпытехникалық  факультетінен 

ҚазПТИ-дің  Ақтау  филиалы,  сосын  Атырау  университетінің  Ақтау  филиалы  секілді 

аралық баспалдақтардан өтіп, өз алдына дербес жоғары оқу орны – Ш.Есенов атындағы 

Ақтау мемлекеттік университетіне айналды.  

Үшінші  кезең  –  даму  кезеңі.  2001  –  2005  жылдар  аралығында  жаңа  заманның 

талаптарына сәйкес жаңа университеттің бейнесі қалыптасты, материалдық-техникалық 

базасы нығайып, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы беделі өсті, халықаралық 

деңгейде таныла бастады. 

2005  жылы  университет  дамуының  жаңа  дәуірі  –  төртінші  кезең,  яғни  көркею 

кезеңі басталып, кең көлемдегі қайта құрулар жүзеге асырыла бастады. Білім ордасын 

оқу  үдерісінің  ұйымдастырылуы  мен  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  тиімділігі 

жағынан  да,  сыртқы  бейнесі  мен  материалдық-техникалық  жарақтандырылуымен  де 

әлемдік  жетекші  университеттердің  деңгейіне  сәйкестендіруге  арналған  түбегейлі 

өзгерістер  жасаудың  стратегиялық  міндеттері  айқындалып,  ауқымды  шаралар  қолға 

алынды.  Сол  міндеттердің  нәтижелері  айқын  көрініп,  республикамыздағы  алдыңғы 

қатарлы жоғары оқу орындарының сапына енуімен қатар, Елбасы тапсырмасына сәйкес 

әлемдік университеттердің деңгейіне жетуге бағдарланды.  

2017  жылдан  бастап  университет  дамуының  жаңғыру  кезеңі  басталды.  Бүгінгі 

Ш.Есенов 

атындағы 

КТИУ 

– 

жоғары 



материалдық-техникалық 

базамен 


жарақтандырылған,  студенттердің  интеллектуалдық  және  шығармашылық  дамуына 

жан-жақты  мүмкіндік  беретін,  аймақтың  дәстүрлі  және  инновациялық  кластерлері 

(мұнай-химиялық,  логистикалық,  туристік,  энергетикалық,  теңіз  т.б.)  үшін  мамандар 

даярлауды  жүзеге  асыруға  икемді  тұтас  ғылыми-техникалық  инфрақұрылым  болып 

табылады. 

Жаңа  білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны  еңбек  қызметі  немесе  оқыту 

саласындағы озық білімдер бейнеленетін біліктіліктің еуропалық шеңберіне негізделген. 

Қазіргі  таңда  білімімді  кеңейтемін  деген  студентке  университет  тарапынан  көп 

мүмкіндік қарастырылған. Яғни, сіз бір университетте оқып қана қоймай, басқа қаладағы 

немесе  басқа  елдегі  университетте  бір  семестрге  барып,  білім  шыңдап  келе  аласыз. 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Yessenov University-дегі білім алушылар 

Еуропа  елдеріндегі,  оның  ішінде  Болгария,  Польша,  Түркия  елдерінің  және  Оңтүстік 

Корея,  сонымен  қатар  Ресей,  Әзірбайжан  елдерінің  жоғары  оқу  орындарында  білім 

алуда.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «жоғары  оқу  орындары  шет  елдердің  жетекші 

университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық 

корпорацияларымен  бірлескен  жобаларды  белсенді  түрде  жүзеге  асыруы  қажет»  деп 

атап көрсетіп, нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл әрине еңбек нарығына бәсекеге 

қабілетті, жаңа технологияларды меңгерген мамандар дайындайтын оқу орындары үшін 

ізденіс пен дамуға жол ашатын тың серпіліс. 

Yessenov University еліміздің батыс аймағындағы ең ірі жоғары оқу орындарының 

бірі.  Университет  халықаралық  ынтымақтастық  қызметін  жүзеге  асыру  бағытында 

шетелдік жоғары оқу орындарымен соңғы жылдарда көптеген елдермен келісім жасап, 

әріптестік байланысын нығайтты. Сонымен қатар, оқу орындары арасында студенттер 

алмасу,  қос  диплом  беру,  біріккен  ғылыми  жобалар  бойынша  зерттеу  жұмыстары  да 

жандана түсті. Қазіргі кезеңде университет өзінің халықаралық байланысын жетілдіре 

отырып,  сенімді  түрде  Еуропалық  білім  беру  кеңістігіне  енді,  университетімізге 

шетелден келген көптеген студенттерді оқытып шығаруда. Олардың ішінде алыс-жақын 

шетелдерден  келген  қазақ  диаспорасының  өкілдері,  жоғары  оқу  орындары  аралық 




38 

 

ауысымымен келіп оқитын шетелдік студенттер бар. Негізгі мәселелердің бірі осы шет 



елден келген студенттердің әлеуметтік бейімделуі болып отыр. 

Тіркеу басқармасы мәліметтеріне қарасақ ол көрсеткіштердің жыл сайын кобейіп 

келе  жатқандығын  аңғарамыз.  Бүгінгі  таңда  университетімізде  636  шетел  студенті 

барлық салалар бойынша білім алуда (1-кесте). Олардың басым көпшілігі Түркменстан, 

Өзбекстан және Әзірбайжан азаматтары. Дегенмен тағы бір қуантарлық жағдай, олардың 

51% ұлты қазақ, және Қазақстан азаматтығын алуға тырысуы өлкеміздің демографиялық 

үлесіне оң әсер етеді. 

 

Кесте  1  -  Ш.Есенов  атындағы  КТИУ  білім  алушы  шетел  студенттері  туралы 



ақпарат 

 

№  Елдер 



Саны 

Иран 



Түркіменстан 



334 

Пакистан 



Өзбекстан 



266 

Қытай 



Азербайжан 



15 

Нигерия 



Грузия 



10 


Түркия 



Ресей Федерациясы 

11 



Ауғанстан 

 



Университетіміз  келген  шетел  азаматтарына  бірінші  кезекте  жатақханамен 

қамтамасыз  етіледі.  Оларға  білім  алу  жағынан  еш  айырмашылық  жоқ,  университет 

қабырғасында  өткізілетін  барлық  тарбие  сағаттарға,  қоғамдық-мәдени  шараларға 

белсене қатысуда. Атап өтетін тағы бір жәйт ұлты қазақ студенттерге конкурс арқылы 

мемлекеттік грант алу мүмкіндіктері қарастырылған. 

Дегенмен  де,  шет  ел  студенттері  үшін  басты  проблема  тіл,  оқулық,  қосымша 

курстардың аздығы. Тіл қарым-қатынастың басты құралы болып табылатындықтан, тіл 

мәселесіне  айрықша  көңіл  бөлінуі  керек  деп  ойлаймыз.  Шетел  студенттерінің  келген 

елдің  тілін  білуі,  олардың  білім  алу,  еңбек,  әлеуметтік  өміріне  араласуының  негізгі 

индикаторы болып табылады. Шет елден келген студенттеріміз үшін қазақ тілімен қатар 

орыс тілінің күнделікті қолдану қиыншылықтары бетпе-бет кездесуде. Бұл өз кезегінде 

тілді  білмеу  салдарынан  білім  алу  процесін  одан  әрі  қиындатады.  Осылардың  алдын 

алуға  байланысты  шет  елден  келген  студенттерге  «Дайындық  факультетін»  ашуды 

қажетсініп тұрғанын айта кетуіміз керек. Еліміздің жетекші ЖООда бұл мәселе 10 жыл 

бұрын шешіліп қойған болатын. Мысалы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары оқу 

орнына  дейінгі  білім  беру»  факультеті  2011  жылы  бұрынғы  1985  жылы  ашылған 

шетелдіктерге арналған дайындық факультеті негізінде құрылған болатын. Жоғарыдағы 

аталған  мәселелерді  уақыт  өте  келе  өз  орнымен  шешілетіні  анық.  Бірақ  біз,  Yessenov 

University  «Каспий  теңізі»  өңіріндегі  елдердің  арасында  және  ҚР  ЖОО  ның  алдыңғы 

қатарында  орын  алуымыз  үшін  шет  елмен  байланыс  күшейтудің  маңызы  зор  екендігі 

белгілі.  Ал  келген  студенттеріміздің  әлеуметтік  мәселелерін  шешудің  тиімді  жолын 

қарастыру және қолданысқа енгізу шешуші элементтер деп ойлаймын. 

Мазмұны  жаңарған  білім  беру  бағдарламаларымен  қарыштап  қадам  басқан 

университеттің  алдан  күтері  көп.  Білім  бәсекесінде  жеңілмейтін  зерделі  жастардың 

көптеп шығуына ықпал ететін білім ордасының болашағы жарқын болғай! 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.YU Тіркеу бөлімі мәліметтері. 

2. Өткенге құрметпен, келешекке нық сеніммен  Алматы-2021 

 



39 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет