Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет32/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   255
Түйінді  сөздер:  кинематика,  динамика,  компьютер,  жаңа  технология, 

презентация. 

 

Жалпы білім беретін орта мектепте механика төрт бөлімнен тұрады: кинематика 



негіздері, динамика негіздері, сақталу заңдары, механикалық тербелістер мен толқындар. 

Кинематикада  бірқалыпты  және  бірқалыпты  үдемелі  қозғалыс,  қисық  сызықты 

қозғалысты  және  оның  сипаттамаларын  окып  үйренеді.  Негізгі  ұғымдар:  материялық 

нүкте,  траектория,  механикалық  қозғалыс,  орын  ауыстыру  және  жол,  санақ  жүйесі, 

координата,  жылдамдық,  үдеу,  период,  жиілік,  амплитуда,  бұрыштық  жылдамдық, 

бұрыштық  үдеу,  циклдік  жиілік  енгізіледі.  Орын  ауыстыру,  жылдамдық,  үдеу 

ұғымдарын  қалыптастырған  кезде  басты  назар,  олардың  векторлық  шамалар  екеніне 

көңіл  аударылады.  Дененің  түзу  сызықты  қозғалысында  жылдамдық  және  үдеу  бip 

тузудің бойымен бағытталып, олар алгебралық түрде алып немесе қосылады. Ал, дене 

қисық  сызықты  қозғалғанда  бұл  шамалардың  векторлық  сипаттамасы  толық  ашылып 

қалыптастырылады [1]. 

Динамика бөлімінде денелердің өзара әcepi қарастырылып, алдымен Ньютонның 

біріншi  заңын  қарастырып,  қозғалысты  сипаттайтын  негізгі  динамикалық  санақ 

жүйелерінің сипаттамалар масса, күш, инерциялық санақ жүйелері қалыптастырылады. 

Ньютонның  екінші  заңы  масса,  үдеу,  күштің  арасындағы  тәуелділік  беріледі.  Егерде 

денеге бірнеше күш әсер етсе, дене сол қорытқы күштің әсерінен қозғалады. Ньютонның 

үшінші  заңы  -  әсер  және  қарсы  әсер  заңы  оқытылады.  Механикада  жалпыланған, 

практикада  және  экспериментте  дәлелденген  Ньютон  заңдары  негізгі  заңдар  болып 

табылады.  Сондықтанда  оларды  алдымен  тұжырымдап,  содан  кейін  экспериментте 

жасап көрсетіледі [2]. 

Физика  материяның  қозғалысын  және  оған  сәйкес  келетiн  жалпы  да  ортақ 



62 

 

заңдылықтарды  зерттейтiн  ғылым.  Табиғаттағы  әрбiр  нәрсе  материя,  олай  болса,    ол 



кеңiстiк пен уақыт бойынша үнемi қозғалыста болады. 

Табиғатта материя екi түрде өмiр сүредi: 

1. 

зат түрiнде 



2. 

өрiс түрiнде. 

Материяның зат түрiне - электрондар, протондар, атомдар, молекулалар және осы 

бөлшектерден тұратын барлық заттар жатады. 

Материяның  өрiс  түрiне  -  гравитациялық  (тартылыс),  электр,  магнит  және  т.б.  

өрiстер жатады. 

Материяның  негiзгi  қасиеттерiнiң  бiрi  -  қозғалыс.  Табиғатта  түрлi  қозғалыстар 

кездеседi 

1. Механикалық  қозғалыс     3. Электромагниттiк қозғалыс 

2. Жылулық  қозғалыс            4. Биологиялық қозғалыс және т.б. 

Механика  –  денелердiң  механикалық  қозғалысын  және  өзара  әсерлесуiн 

зерттейтiн  физиканың  бөлiмi.  Механика  екi  бөлiмнен  тұрады:  кинематика  және 

динамика. Зерттелетiн денелердiң сипатына қарай механика  үшке бөлiнедi. 

Материялық  нүктенiң  механикасы.  Берiлген  жағдайда  көлемiн,  пiшiнiн 

ескермеуге болатын дененi - материялық нүкте деп атайды. Егер дененiң өлшемдерiне 

қарағанда оның жүрiп өткен  ара қашықтығы көп есе үлкен болса, бұл дененi материялық 

нүкте деп қарастыруға болады. Қатты дене механикасы. Кез-келген екi нүктесiнiң ара 

қашықтығы өзгермейтiн дененi абсолют қатты дене деп атайды. Тұтас орта механикасы.  

Газдардың,  сұйықтардың  тепе-теңдiгiн  және  қозғалысын  зерттегенде  оларды  үздiксiз 

тұтас орта түрiнде қарастырады 

[3]. 

Физиканың табиғатты зерттеуi - құбылыстар табиғи жағдайда бақылаудан немесе 



арнаулы қойылған тәжiрибеден басталады. Осы бақылаулардың немесе тәжiрибелердiң 

нәтижелерiн  жинақтай  келе  болжам  (гипотеза)  жасалады.  Болжам  тексерулерден  өтiп 

дәлелденуi  қажет.  Ал  тексерiлген  және  дәлелденген  болжам  ғылымға  заң  немесе 

физикалық теория түрiнде енгiзiледi. 

Егер денелердiң қозғалыс жылдамдығы вакуумдегi жарық жылдамдығынан көп 

аз  болса,  бұл  қозғалысты  қарастыратын  механика  -  классикалық  деп  аталады. 

Классикалық механиканың негiзiне Ньютонның қозғалыс заңдары жатады. Сондықтан 

кейде классикалық механиканы- Ньютон механикасы деп атайды.   

1-суретте траектория, жол, орын ауыстыру шамаларын шатастырмай қалай табуға 

болады  және  оны  компьютер  арқылы  қалай  көрсетуге  болады,  сол  туралы  жаңа 

технологияларды пайдаланып, білім алушылардың оқу белсенділігін арттыруға болады 

дегенге  жауап  аламыз.  Жаңа  технологияның  келісімен,  білім  алушылардың  білімін 

арттыру мақсатында, көптеген АКТ-ны пайдаланып, сабақ өткізуге болады. 

 

 



Сурет 1 - Траектория, жол, орын ауыстыру 


63 

 

Оқытудың  компьютерлік  технологиясы  –  мәліметтерді  компьютер  көмегімен 



даярлау  және  беру  әрекеттері.  Бұл  технология  материал  мазмұнын  кейбір  үлгілерді 

пайдалануға негізделеді. 

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, 

сонымен  бірге  қашықтан  оқыту  үрдісі  де  дамып  отыр.  Ол  үшін  Интернет  желісіне 

қосылған  компьютер  керек.  Қашықтан  оқыту  кезінде  тапсырманы  және  онымен  бірге 

ұсынылған  оқулықтарды  қарап  отырып  білім  алғысы  келетін  адам  өзі  ізденіп, 

жауаптарын  салып  жібереді.  Немесе  бірлескен  телеконференцияларға  қатысады. 

Оқытудың  бұл  түрі  анағұрлым  арзан,  әрі  қалаған  уақытыңда  оқуыңа,  тапсырмаларды 

орындауыңа мүмкіндік береді [4]. 

Презентациялар технологиясы, бір жағынан, оқушыларға физика сабағынан жаңа 

материалды  (бейнелеулер,  фотографиялар,  дидактикалық  материалдар,  т.с.с.)  көрнекі 

көрсету  құралы  болатын  болса,  екінші  жағынан,  мұғалімдерге  осы  материалды 

дайындауды  және  оны  қолдану  процесін  де  жеңілдетеді.  Алдын  ала  жүргізілген 

тәжірибелер,  презентациялар  технологиясын  физика  сабағында  пайдалану  білім 

алушылардың  оқуға  деген  ынталылығын  арттырып,  сабақтың  қызғылықты  өтуін 

қамтамасыз  етіп,  оған  дайындалу  мерзімін  қысқартады,  ең  бастысы  –  оқытушыларды 

жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



  

1.  Теория и методика обучения физики в школе / Под ред. С.М. Каменецкого. М.: 

Академия, 2000. Ч. 2. С.90-132. 

2.  Қарамурзин  А.  Физиканы  мектепте  оқытудың  кейбір  мәселелері.  Алматы: 

Мектеп.-1984.- 54бет. 

3. 


МПФ в 8-10 классах ср. школы. Ч. 2. / Под ред. В.П.Орехова, АВ.Усовой. М.: 

Просвещение (БУФ), 1980. Гл.1-3. С.8-39.

 

4. 


http://15mscience.org/category/физика-в-современных-технологиях

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет