Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет180/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   255
Түйінді сөздер: Порт, тасымал, көлік, қаржы, сауда. 

 

 




377 

 

Қытай – Еуропа – Қытай бағытында тасымалданған  тауардың 88% еліміз арқылы 



өткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш  77% еді.  Мұндай жетістікке Маңғыстау облысында 

орналасқан теңіз инфрақұрылымының мүмкіндіктерінің арқасында қол жеткізілді 

Ақтау қаласы Қазақстанның батыс көліктік-логистикалық астанасы деп аталады. 

Оған Ақтау халықаралық әуежайы, Ақтау теңіз сауда порты, Баутино теңіз порты, Құрық 

порты, Ақтау теңіз солтүстік терминалының ықпалы зор. 

Ақтауда  темір  жол  вокзалы  болмағанымен  темір  жол  желісі  тікелей  Құрық 

портына  келіп  кіреді.  Бұл  басқа  елдерден  келген   клиенттер   үшін  өте 

тиімді.  Өйткені  жол Ақтауға қарағанда 4 сағатқа қысқа. 

Құрық портына Иран, Әзірбайжан, Түркия, Румыния, Грузиядан жүктер келеді. 

Бүгінде  Қазақстанның  транзиттік  әлеуетін  одан  әрі  дамыту  үшін  экономикалық 

тартымды  бағыт  құру  бойынша  бірқатар  жұмыстар  жүргізілуде.  «  Бұған  дейін 

жоспарланғандай 2020 жылы Құрық портының жүк айналымы 2 млн тоннаны құрауы 

тиіс.  Бізде  ондай  көрсеткішке  жететін   мүмкіндіктер  бар.  Ең  бастысы  халықаралық 

деңгейде  -өзіміздің  бәсекеге  қабілеттілігімізді  көрсету  және  Қазақстан  арқылы 

тасымалдаудың тиімділігін дәлелдеу. 

Әзірге  елімізде  жеке  паромдар  жоқ  және  бұл  бірқатар  қиындықтар  тудырады. 

Алайда,  2023  арналған  инфрақұрылымды  дамытудың  жаңа  бағдарламасы  бойынша 

паром салу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, Құрықта кеме жасау жобасы іске 

асырылатын болады. 

Қазақстан үшін бірнеше көлік хабтарының қиылысында орналасқан Ақтау теңіз 

сауда портының стратегиялық маңызы жоғары. 2019 жылы порт 3,5 млн тоннадан астам 

жүк қабылдады, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 39 мың тонна Бұл көрсеткіштің төмендеуі 

АҚШ-тың  Иранға жариялаған санкциясының салдарынан. 

Ал, Иран қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушылардың бірі болып табылады. 

Ал тасымалданған мұнай мен мұнай өнімдерінің көрсеткіштері керісінше өсті. 

Ақтау  портында  өңделген  контейнерлердің  көрсеткіштері  6  есеге-13,3  ДФЭ-ге 

дейін артты. Бұған Ақтаудан Алятқа (Әзірбайжанға) фидер тасымалын іске қосу себеп 

болды. 


Ақтауда  қазір  жаңа  жүк  түрлері  де  қайта  бағдарланған:  полипропилен,  калий 

тыңайтқыштары,  техника,  мыс,  құрылыс  материалдары.  Сонымен  қатар,  тапсырыс 

берушілерге кепілді көлем тасымалдаған жағдайда жеңілдіктер беріледі. 

Қытай-Еуропа  бағытындағы  тасымалдау  көрсеткіштерінің  өсуіне  қазақстандық 

темір жол тарифтерінің  ресейлік тарифтерден 2-3 есе төмен болғаны  ықпал етті. Бұдан 

басқа,  жүктердің  90%  -  ға  жуығы  өзіндік  құнынан  төмен  (транзиттік  қатынастардан 

басқа) тасымалданады. 

2019  жылдың  қорытындысы  бойынша  теңіз  арқылы  5,8  млн  тоннаны  жүк 

тасымалданған. Оның ішінде Құрық порты арқылы – 1,3 млн тонна, Ақтау порты арқылы 

– 3,5 млн тонна, Ақтау солтүстік терминалы арқылы – 1 млн тонна[1]. 

Бүгінгі күні Қазақстан мен Әзербайжан арасында екі ел де тәуелсіздігін алысымен 

дипломатиялық  қатынастар  орнап,  біртіндеп  дамып,  қазіргі  кезде  стратегиялық 

серіктестік  деңгейіне  дейін  көтеріліп  отыр.  Екі  мемлекет  те  бір  бірімен  өзара 

ынтымақтастық қатынастарды дамытуға мүдделі[2]. 

Қазақстан мен Әзербайжанды жақындастыратын себептер аз емес. Біріншіден, екі 

ел құрлық ортасындағы Каспий теңізі жағалауында орналасқан мемлекеттер, сондықтан 

теңізді  бірігіп  игеруге  деген  ұмтылыс  оларды  жақындатпай  қоймайтындығы  анық. 

Осының дәлелі  кейінгі кезде қабылданған Каспий теңізі  Конвенциясында екі  елдің де 

ұстанымдары ұқсас болғандығы болып табылады. 



378 

 

Екіншіден, екі ел де түбі түркі тілдес, туыс, бауырлас елдер. Сондықтан болар екі 



мемлекет те түркі тілдес елдердің өзара ынтымақтастығын дамытуға белсене қатысуда. 

Сонымен  бірге  Қазақстан  территориясында  130  мыңдай  әзербайжандық  диаспора 

өкілдері өмір сүріп жатыр. 

Үшіншіден,  екі  мемлекет  те  ТМД  кеңістігінде  де,  жалпы  әлемдік  деңгейде  де 

мұнайға бай елдер, содықтан екі  ел үшін де мұнай өндіру,  өңдеу саласы экономикада 

маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты бұл салада бір бірімен тәжірибе алмасып, 

мұнайды  әлемдік  нарыққа  шығаруда  бірлесе  отырып  әрекет  етуге  екі  мемлекет  те 

мүдделі. 

Төртіншіден,  Қазақстан  мен  Әзербайжан  арасындағы  қатынастарды  екі  елдің 

аймақтық  және  халықаралық  қатынастардың  өзекті,  күрделі  мәселелері  бойынша 

ұстанымдарының ұқсастығы ерекшелендіреді. 

Бесіншіден,  Әзербайжан  жағы  Қазақстанға  транспорттық  қатынас  пен  тауар 

тасуда көліктік әлеуетті кешендер жобасы арқылы (ТРАСЕКА, Баку- Тбилиси- Карс т.б.) 

Еуропамен жалғастыруда сенімді серік болып табылады. 

Осы  ретте  екі  жақты  қатынастардың  даму  барысын  зерттей  отырып,  осы 

қатынастардың  біздің  елімізге  қандай  пайдасы  болды,  бұл  ынтымақтастықты 

жалғастыра  беру  қажеттігі  бар  ма,  қандай  салалар  бойынша  екі  жақты  қатынастарды 

дамытқан  тиімді  деген  сұрақтарға  жауап  іздеп,  зерделеу,  тиімді  ұсыныстар  жасау 

зерттеушілер үшін өзекті, әрі маңызды болып табылатыны сөзсіз[3]. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.https://atameken.kz/kk/news/36299-kaspij-tez-aryly-tauar-tasymaly-artty-keme-

zhasau-zhobasy-mayzdy  

2.Аррахман  Х.А.  Азербайджан-Казахстан:  из  истории  возникновения 

политических отношений (90-е гг. ХХ века)// Вестник КазНУ. № 2. – 2015. – С.15-24. 

3.Али  Гасанов  об  Азербайджанско-казахстанских  отношениях  29  ноября  2017// 

http:// vzglyad. az/news/98353. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет