Їлкен єалым, философ, математик, астроном, музыкант жјне дјрiгер


Негізгі түсініктер және анықтамалар



бет10/39
Дата25.05.2023
өлшемі0,75 Mb.
#96981
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
Дип. Электрондық оқулықты құру

2.2 Негізгі түсініктер және анықтамалар


1. Негізгі түсініктер және анықтамалар: ақпараттық жүйелер, деректер банкі.


2. Деректер базаларының және банкілерінің архитектурасы, физикалық және логикалық тәуелсіздік.
3. Пайдаланушылық сұранымның өту үрдісі.
4. Деректер банкінің өмірлік циклі және деректер базасын басқарушының негізгі функциялары.
5. Деректер моделдерінің сыныптамасы.


1. Негізгі түсініктер және анықтамалар: ақпараттық жүйелер, деректер банкі.
Кең мағынада ақпараттық жүйе ретінде ақпаратты өңдейтін кез-келген жүйе қарастырылуы мүмкін. Қолданылатын облыс бойынша өндірісте, білім беруде, денсаулық сақтауда, ғылымда, әскери істе, әлеуметтік сферада, саудада және т.б.салалардағы ақпараттық жүйелерді бөліп көрсетуге болады. Мақсаттық функция бойынша ақпарттық жүйелерді келесі категорияларға бөлуге болады: басқарушылық, шешімді қабылдауды қолдаушы, ақпараттық-анықтамалық. Тар мағынада ақпарттық жүйе белгілі бір қолданбалы міндетті шешуге (мысалы: кәсіпорындағы кадрлар есебі, бухгалтерлік есеп) қатыстырылған ақпараттық-аппараттық құралдардың жиынтығы болып саналады.
Деректер банкі бір немесе бірнеше деректер базасы ретінде ұйымдастырылған, өңделетін ақпаратты орталықтандырылған сақтау, жинау және ұжымдық көп мақсатты пайдалану функциялары жүзеге асырылған ақпараттық жүйелердің бір түрі.
Деректер банкі жалпы жағдайда келесі құраушылардан құралады: деректер базасы, деректер базаларын басқару жүйесі (СУБД), деректер сөздігі, администратор, есептеу жүйесі және қызмет көрсету персоналы. Аталған құраушыларды және олармен байланысты негізгі түсініктерін қысқаша қарастырайық
Деректер базасы – есептеу жүйесінің жадысында сақталатын және объектілер жағдайы мен олардың қарастырылатын пәндік облыстағы өзара байланыстарын көрсететін арнайы жолмен ұйымдастырылған деректер жиынтығы.
Базада сақталатын деректердің логикалық құрылымын деректерді көрсету моделі деп атайды. Негізгі деректерді көрсету моделдеріне (деректер моделдеріне) келесілер жатады: иерархиялық, желілік, реляциондық, көпмөлшерлі, объектіге бағытталған.
ДББЖ – көптеген пайдаланушылардың деректер базасын құру, жүргізу және бірге пайдалану үшін арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың кешені. Мысалы, деректердің реляциондық моделін пайдалануға негізделген ДББЖ реляциондық ДББЖ деп аталады.
Пайдаланушылар деректер базалармен жұмыс істеу кезінде приложение деп аталатын бағдарламаларды қолданады. Жалпы жағдайда бір деректер базасымен бірнеше приложение жұмыс жасай алады. Мысалы, егер деректер базасы кәсіпорын жұмысын моделдейтін болса, онда онымен жұмыс жасау үшін кадрларды есепке алатын приложенияны, еңбек ақы есептеуге арналған приложенияны, қойма есебін жүргізу үшін приложенияны жасауға болады. Бір деректер базасымен жұмыс істейтін приложениялар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс жасап, ДББЖ олардың жұмысының дұрыстығын қамтамасыз ету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет