Їлкен єалым, философ, математик, астроном, музыкант жјне дјрiгер



бет11/39
Дата25.05.2023
өлшемі0,75 Mb.
#96981
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
Дип. Электрондық оқулықты құру

Деректер сөздігі – деректер құрылымы, файлдардың бір-бірімен байланысы, деректер типі және олардың форматтары, пайдаланушыларға деректердің қатыстылығы, қорғау кодтары және пайдаланушыларды бөлу туралы ақпаратты орталықтандырылған сақтауға арналған деректер банкінің жүйешесі.
Функционалды түрде деректер сөздігі кез-келген деректер базасында болады, бірақ оның атауы әртүрлі болуы мүмкін.
Көп жағдайда деректер сөздігінің функцияларын ДББЖ орындайды және жүйенің негізгі менюі немесе оның утилиттері арқылы жүзеге асады.
Деректер базасының администраторы – деректер базасын жобалау, құру, тиімді пайдалану, жүргізу үшін жауапты тұлға немесе тұлғалардың тобы. Пайдалану процесінде администратор ақпараттық жүйенің қызмет етуін бақылап, рұқсатсыз пайдаланудан қорғауды, деректердің бір-біріне қарама-қайшылықтардың болмауын, шынайлығын қамтамасыз етеді.
Есептеу жүйесі – ақпаратты қабылдау, өңдеу, пайдаланушыларға беру процестердің автоматизациясын қамтамасыз ететін ЭЕЖ немесе процессорлардың өзара байланысты жиынтығы.
Деректер банкінің негізгі функциялары деректерді сақтау және өңдеу болғандықтан, есептеу жүйесі процессорлардың қуаттылығымен қатар оперативті және сыртқы жадының көлемі де жеткілікті болу керек.
Қызмет көрсету персоналы техникалық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеу жағдайын қамтамасыз ету функцияларын атқарады. Ол профилактикалық, қалпына келтіру және басқа да жоспарға сәйкес жұмыстарды атқарады.


2. Деректер базаларының және банкілерінің архитектурасы, физикалық және логикалық тәуелсіздік.
Деректер базасын жобалау процесі пайдаланушылардың концептуалдық талаптарды құрудан басталады. Бұл талаптар жеке пайдаланушылардың талаптарын біріктру арқылы құралып, деректер базасының коцептуалды моделі деп аталады. Басқаша айтқанда, концептуалды модель деректер базасымен жұмыс жасайтын барлық приложениялар жұмыс жасайтын деректерді біріктіріп, осы приложениялардың талаптардың барлығын ескереді. Концептуалды модель оьъектілерді және олардың байланыстарын оларды сақтаудың физикалық әдістерінсіз көрсетеді. Сонымен концептуалды модель пәндік облыс болып табылады.
Концептуалды модель кейін таңдалған ДББЖ сәйкес келетін деректер моделіне айналады. ДББЖ қамтамасыз ете алатын концептуалды моделдің версиясы логикалық модель деп аталады. Пайдаланушыларға бұл логикалық моделдің сыртқы моделдер деп аталатын құраушылары бөлінеді. Логикалық модель физикалық жадыға ауысады.
Жоғарыда көрсетілген моделдерге сәйкес деректер базасын ұйымдастырудың 2.1 суретте бейнеленген үш деңгейлі жүйесі бар. Оны стандартизация бойынша американдық комитет ANSI (American National Standards Institute) ұсынды.


 

Сурет 2.1. Үш деңгелі ДББЖ моделі


Бұл архитектура деректермен жұмыс істеу барысында логикалық (1 мен 2 деңгейлер арасында) және физикалық ( 2 мен 3 деңгейлер арасында) тәуелсіздікті қамтамасыз ете алады. Логикалық тәуелсіздік берілген деректер базасымен жұмыс істейтін приложенияны басқа приложенияларды өзгертпей өзгертуге мүмкіндік береді. Физикалық тәуелсіздік сақталатын ақпаратты приложениялардың жұмысын өзгертпей бір таспадан екіншісіне ауыстыруға мүмкіндік береді. Файлдық жүйелерді пайдаланған кезде бұл екі қасиет жетіспеді. Концептуалдық деңгедің пайда болуы деректер базасын орталықтандырылған басқару аппаратын қалыптастыруға мүмкіндік берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет