Құю өндірісі Жоспары


Конус тəрізді барабанды елек Кептіргіш көлбеу машина



бет2/5
Дата27.11.2023
өлшемі8,47 Mb.
#128735
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жасұзақ Асылзат срсп

Конус тəрізді барабанды елек Кептіргіш көлбеу машина
1-лоток, 2-бункер, 3-ірі түйіршіктер
Ескі қалып қоспасын өңдеу операциясында дайындалған ескі қалып қоспасын уатқыш тегершіктердің жəрдемімен ұсақтап, оны магнитті сеператорда металл түйіршіктерінен тазартып, қалбырдан өткізгеннен кейін, оның құрамындағы майда түйіршіктер мен шаңтозаңнан тазартады. Жаңа қалып құмы мен қалып балшығын 523°К (250° С) температурада ауа ағынында ұстап немесе «қайнау қабаты» пештерінде кептіреді де, содан кейін қалбырдан өткізеді. Құм, балшық, көмірдің ірі кесектері майдаланады.

Қалып жасау


Құю өндірісінің еңбек пен уақытты көп керек ететін операцияларының бірі – қалып жасау. Қалып жасауға құйма құюға кететін жұмыстың 4060%-ы жұмсалады. Көптеген құю цехтарында осы күнге дейін қалып қолмен, жасалады, ал ірі сериялы өнім шығаруда қалып машинамен жасалады. Қалып жасау үшін: қол жəне пневматикалық таптағыш; жалпақ, фасонды тегістегіштер, күрек, қалыптан үлгіні ажыратып алуға арналған ілгек, ланцет, қасық, елек, сызғыш, т. б. құрал-саймандар (7сурет) қолданылады
Шаблон бойынша қалып жасау.
Қалып жасаудың бұл əдісі,жұмысшының жоғары мамандығын талап етеді, бірақ бұл əдіспен жасалған қалыптың өзіндік құны арзан болады. Шаблон бойынша бүйір беті айналу денелерінің бүйір бетіне сəйкес келетін құймалардың қалыбы жасалады. 7-суретте шаблон бойынша поршеньнің қақпағын құюға арналған қалыпты жасаудың кезеңдері көрсетілген. Жерден қазылған шұңқырдың ішіне тіреуіш тасталып, оның арнаулы тесігіне шпиндель орнатылады. Шпиндельдің төңірегіне кокс, кесектерін төгіп, кокс қабатын желдеткіш түтік арқылы атмосферамен қосады.
Машинаның үстеліне үлгі бекітілген плитаны қойып оны опокамен жабады. Опоканың үстіне толықтыру рамасы қойылып, опока, рама қалып қоспасымен толтырылады. Машинаның үстелі жоғары көтерілген кезде маңдайша опокадағы қалып қоспасын қысады. Маңдайшаның опока ішіне енуінен қалып қоспасы тапталып, нығыздалады. Үстел төмен түскенде опокадағы қалып, қалып қоспасынан суырылып алынып, жасалған қалып кронштейн арқылы опокасымен қоса көтеріледі де, оның орнына басқа опока қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет