Құю өндірісі Жоспары



бет3/5
Дата27.11.2023
өлшемі8,47 Mb.
#128735
1   2   3   4   5

Құйманы өңдеу


9-суретте құйманы қалыптан ажырататын вибрациялық машинаның нобайы көрсетілген. Көлденең қойылған балкаға опоканы ілуге арналған ілгегі бар екі вибратор бекітілген. Сығылған ауа вибратордың плунтеріне барып, оны жəне онымен жалғастырылған опоканы сілкиді. Осы кезде опокадағы қалып бұзылып, құйма қалыптан бөлінеді. Бөлінген шаң, газ, жылу ауа сорғыш машиналар арқылы цехтан сорылып алынады. Құйманың бөлінбей қалған өзекшелері машина немесе жоғары қысымдағы су арқылы бөлінеді.
Құйманың кемшіліктері жəне оларды жою жолдары
Құйманың кемшілігін:

  1. Отыру, шлак, газ қуыстарының пайда болуы;

  2. Температураның өзгеруінен сызаттардың пайда болуы;

  3. Құйманың бетінде кемшіліктердің (тотығу, қалып қоспасының күйіп, құйманың бетіне жабысуы т. с. с.) болуы;

  4. Құйма өлшемдерінің сызбада көрсетілген өлшемдерге сəйкес келмеуі (құйманың қалыпты толық толтырмауы, қисайып, бүлінуі т. б.);

  5. Құйманың химиялық құрамы, макро-, микроструктурасымен механикалық қасиеттерінің Мемлекеттік стандартқа немесе техникалық талаптарға сəйкес келмеуі деп бес топқа бөлуге болады.

Құюдың ерекше түрлері
Кокильді құю əдісінің: еңбек өнімділігінің жоғары болуы;
құйма өлшемдерінің дəлдігі жоғары болғандықтан, механикалық өңдеуге қалдырылатын запасы мөлшерінің аз болуы;
құйманың суыну жылдамдығы жоғары болғандықтан, оның сапасының артық болуы; құю жүйесіне жұмсалатын металл шығынының аз болуы; қалып, өзекше қоспалары мен оларды дайындайтын машиналарды керек етпейтіндігі;
қалыптың құйманың бетіне күйіп жабысуы, құйманың металл емес заттармен былғануы азаятындығы; құйылған құйманың өзіндік құнының арзан болуы; құю өндірісі-нің тазалығын арттыруға мүмкіндік беретіндігі сияқты артықшылықтары бар.

Қысыммен құю


Қысым арқылы құю машиналары металға қысым түсіру əдісіне байланысты поршеньді жəне компрессорлы машиналар болып екіге бөлінеді.
Түсті металдан майда құймалар құюда қолмен жұмыс істейтін ыстық камералы поршеньді машиналар қолданылады. 11-суретте балқу температурасы 450° С-қа дейін баратын металдарды құятын ыстық камералы поршеньді машинаның нобайы көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет