3.1-кесте. Фазалық тепе-теңдік диаграммасын тұрғызуда көп қолданылатын материалдар қасиеттері.
ФТД (күй диаграммасы) анализі кезінде Гиббс ережесі қолданылады (С-жүйенің варианттылығы немесе еркіндік дәрежесі саны, К-компонент саны): С = К – Ф + 2.
а) С = 0 кезінде – жүйе нонвариантты. Жүйе тек өзгермейтін жағдайларда ғана болады. Бір параметрдің өзгеруі фазалар тепе-теңдігіндегі (Ф) бір санының өзгеруін тудырады.
б) С = 1 кезде – жүйе моновариантты (бір вариантты). Бұл кезде бір ғана параметр тепе-теңдік фазаларының бір уақытта өзгеріссіз өзгеруі мүмкін.
в) С = 2 кезде – жүйе дивариантты (екі вариантты). Екі вариантты тепе-теңдікті фазалар санының бір уақытта өзгеруінсіз өзгертілуі мүмкін.
Мысалы:
Есеп: 1500оС дейін қыздырылған сұйық ерітіндіден Р=const кезіндегі кремний (Si) кристаллизациясын қарастыру керек. ТбалSi = 1412oC. Әртүрлі фазалық аумақтар үшін С мәнін анықта.
Шешуі: Ішкі тәуелсіз айнымалылар саны – (температура) бірге тең, компоненттер саны – 1. 1500оС-тан 1412oC-қа дейін ерітіндіні суыту кезіндегі жүйе бір фазалы. Онда:
С=К-Ф+1=1-1+1=1.
Т0 С
15000 С С=К-Ф+1=1-1+1=1
ж
С=К-Ф+1=1-2+1=0
14120 С Ж+ Si
С=К-Ф+1=1-1+1=1
Si
τ, с
Яғни бұл интервалда температура фазалар санының өзгеруінсіз өзгере алады. Т=14120 С-қа жеткенде 2-фаза пайда болады, осы кезде:
С=К-Ф+1=1-2+1=0,
яғни екі фаза түзілгенше жүйе нонвариантты. Температура барлық сұйық ерітінді кристалданбайынша төмендемейді. Бұл дегеніміз қыздырғыштың температурасының жалғасатын бірқалыпты төмендеуі физикалық-химиялық жүйеде кристаллизация жылуының бөлінуі есебінен температура ұсталып тұрады. Т=f(τ) графигінде кристаллизацияның басынан соңына дейінгі уақытына ұзындығына тең болатын Т=const ауданы п.б. (τ-уақыт)
Сыртқы ортаға жылу үздіксіз шығарылған кезде жүйенің температурасын Т=14120 С ұстап тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |