Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе


§ 3. Фазалық тепе-теңдік диаграммасын тұрғызу әдістері



бет47/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
§ 3. Фазалық тепе-теңдік диаграммасын тұрғызу әдістері

Фазалық тепе-теңдікті аналитикалық және графикалық түрде бейнелеуге болады. Графикалық бейнелеу үшін, күйлер жүйесінің диаграммасы деп аталатын фазалық тепе-теңдік диаграммасы (ФТД) немесе фазалық диаграммалар (ФД) қолданылады.


Біркомпонентті жүйелердің ФТД-сы сол немесе басқа сыртқы параметрлер кезіндегі біркомпонентті жүйеде іске асырылатын фазалық күйдің геометриялық бейнесі. Біркомпонентті жүйелердің ФТД-сы (Р-Т) қысым-температура координатасында тұрғызылады.
Компонентті жүйелердің ФТД-сы (К>1) жүйеге кіретін компоненттердің өзара әсерлесу нәтижесінде сол немесе басқа да параметрлер кезінде жүзеге асатын фазалық күйдің фазалардың тепе-теңдігі мен айналулардың геометриялық бейнесі. Көп компонентті жүйелердің ФТД Р-Т-Х координаталарда тұрғызылады, мұндағы, Х – компонент концентрациясы.
ФТД әрбір нүктелері ФТД қосылатын компоненттердің әсерлесуі нәтижесінде түзілетін жүйенің физика-химиялық параметрлерін сипаттайды.
ФТД 2-өлшемді, 3-өлшемді және т.б. болуы мүмкін. ФТД көмегімен берілген шарт үшін:
1. жүйелердегі фазалар санын;
2. әр фазадағы салыстырмалы санын;
3. әрбір фазаның құрамы мен оның табиғатын (яғни таза компонент, ерітінді, байланыс және т.б.)
4. фазалық ауысулар сипаттамаларын анықтауға болады.
ФТД арнайы түсініктерсіз фазаның атомдық құрылымы мен оның кристалдық торы туралы ақпарат бермейді. ФТД берілген жүйенің әрбір фазасының атомдық құрылымы рентгенқұрылымдық анализ (РҚА) көмегімен шифрланғанда ғана толығымен анықталған деп айтуға болады.
ФТД тұрғызудың негізгі әдісі – академик Н.С. Курнаков негізін қалаған физика-химиялық анализ әдісі. Физика-химиялық әдістің негізінде физикалық қасиеттер мен параметрлердің (Т,Р,Х) арасындағы функциональдық тәуелділігін зерттеуде жатыр. Бұл тәуелділіктің мәні болу фазалардың физика-химиялық табиғатын және олардың бар болу шекарасын орнатуға мүмкіндік береді. Физикалық қасиеттер f(T), f(P), f(Х) тәуелділіктен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет