3.8-сурет. Ерігіштіктің эвтектикалық жарылысы бар қос жүйелердің фазалық диаграммасы: а) – фазалық тепе-теңдік; ә) – диаграммада көрсетілген құйманың суу температурасы; б) - Те кезіндегі сұйық және қатты фазалардың изобаралық-изотермиялық потенциалдарының қисығы:
б)
Тапсырма. Те кезіндегі с-дан d-ға дейінгі құймадағы С еркіндік дәрежесінің санын анықта.
ас және bd иілген сызықтары – эвтектикалық төмен температура кезінде болатын шекті концентрацияның қатты ерітінділерінің фигуративтік нүктелерінің геометриялық орны.
Судың қадамында диаграмманың иілген сызықтарымен құрам сызықтары қиылысатын температура кезіндегі бір фазалық облыстағы құйма шекті қаныққан ерітінді күйінде болады. Қиылысу нүктесінен төмен басқа фазаның бөлінуімен қаныққан ерітіндінің ыдырауы басталады, құрам екі фазалық аумақпен шектелетін екінші иілген сызықпен конода қиылысу нүктесін сипаттайды.
Екі фазалық аумақтың шегінде салқындату кезінде екі фазаның құрамы сияқты сандық қатынасы біруақытта өзгереді.
с-дан d-ға дейін салқындату кезінде құрам құймасында е құрамның сұйық ерітіндісінің ыдырауы құрамның с және d екі қатты ерітіндісінде:
Се↔Қс + Қd (салқындату ↔ қыздыру)
(3.50)
реакциясы бойынша өтеді.
3.8а-диаграммасында көрсетілген төрт сипаттық құймалардың құрамы мен әртүрлі температуралық аралықтарындағы құйманың фазалық құрамын көрсетумен оларға сәйкес қисық салқындатылуы көрсетілген. Х3 және Хе құймалары үшін нонвариантты айналулармен байланысқан салқындату қисығындағы ауданының ұзындығы Те температура кезіндегі эвтектикалық қоспаға айналатын сұйық құйманың санына пропорционал. Хе құймалары үшін бұл сан 100%-ды құрайды. Ал X1 және Х2 құймалары үшін 0%. Қалған барлық құймалар үшін иін немесе аддитивтілік1 заңы бойынша анықталынады.
α + β екі фазалық аумақта жататын кез келген құйманы Те температурадан бастап салқындату кезінде са және db қисықтары бойынша екі қатты ерітіндінің құрамы (осы кезде ерігіш компонентпен бірігеді) өзгереді және фазалардың сандық қатынасы иін ережесімен анықталынады.
Эвтектикалық диаграмма үшін «құрылымдық құраушылар» түсінігін енгізу қажеттілігі туындайды. Бұл ұғым шексіз еритін диаграмма үшін сәйкес.
α + β аумағында фазалық құрамның эвтектикалық диаграммалары кез келген құйма үшін бірдей – бұл α + β фазаларынан түзілген қоспа, бірақ бұл фазалардың түзілу ережесі бойынша олардың орналасу сипаты мен құймалардың бөлшектерінің формалары ерекшеленеді. Бұл айырмашылық елеулі, егер құйма қасиеттері тек фазалар құрамына ғана емес, фазалық құраушылар бөлшектерінің өзара орналасу сипаты мен геометриясына да тәуелді болса.
Құрылымдық құраушылар: диаграмманың иілген сызығы (солидус) бойынша сіңген сұйық ерітіндіден шығатын біріншілік кристалдар; диаграмманың иілген сызығы (ерігіштік сызықтары) бойынша сіңген қатты ерітіндіден шығатын екіншілік кристалдар; эвтектикалық реакция (3.50) бойынша біруақытта түзілетін екі қатты фазаның кристалдар қоспасынан тұратын эвтектикалар (эвтектикалық қоспалар). Әртүрлі құрылымдық құраушылардың2 сызбанұсқалық түрі 3.9-суретте бейнеленген.
3.8а-суретте келтірілген жүйедегі құймалар:
А-дан Хα-дейін – α-біріншілік кристалдар;
А-дан Хα-дейін – α-біріншілік кристалдар;
Хα - Хс – α-біріншілік + β-екіншілік кристалдар;
Хс - Хе (эвтектикалыққа дейінгі құймалар) – α-біріншілік кристалдар + эвтектика (α + β)+ β-екіншілік кристалдар;
Хе (эвтектикалық құйма) – эвтектика (α+β);
Хе - Хd (эвтектикалықтан кейінгі құймалар) – β-біріншілік кристалдар + эвтектика (α+β) + α-екіншілік кристалдар;
Xd - Хb – β-біріншілік + α-екіншілік кристалдар;
Хb - В – β-біріншілік кристалдар сияқты құрылымдық құраушылардан тұрады.
Жоғарыда сызбанұсқа жүзінде қарастырылған эвтектиклық диаграммалар α+β ерітінділер концентрациясының жоғары болуымен сипатталынады. Компоненттердің өзара ерігіштігі шектеулі болса да, бірге тең және кейде он пайызды құрайды. Бұл жағдайларда екі компонент те химиялық байланыс табиғаты бір элементтер болып табылады.
_______________________________________________________________________________________________________ 1Салқындату немесе қыздыру қисығындағы горизонталды аудандардың өлшемдерінің сандық салыстыру массалары бірдей құймалар болуы мүмкін. 2Эвтектикалық ауысу температурасы кезінде эвтектика біріншілік кристалдардан, ал температура төмендеген кезде оларда екіншілік кристалдар пайда болады.