Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе



бет64/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83
3.10-сурет. Қалыпты (а) және эвтектикадан түзілген (ә) жартылай өткізгіш-металл жүйелерінің фазалық диаграммалары.

Металдардың жартылай өткізгіште ерігіштігі тек аз болуымен ғана емес, сондай-ақ практикалық мәні зор температураға тәуелді болуымен ерекшеленеді. Бұрын қарастырылған эвтектикалық диаграммаларда бір компоненттің басқа компонентте максималды ерігіштігі эвтектикалық температура Те кезінде мәні болады. Бұл заңдылық металл негізіндегі ерітінділердің көбісіне тән. Алайда, жартылай өткізгіштер негізіндегі ерітінділер (Ge, Si, AIIIBV қосылыстары) ерітінділер жағдайында максималды ерігіштік эвтектикалықтан жоғары, Те эвтетикалық температураға бірнеше есе азаятын температураларда бақыланады. Si-Fe және Si-Аu жүйелеріндегідей (3.1-суретті қара) Те температура кезінде ерігіштік максималды температураға (Т > Те кезінде) қарағанда 10-15 есе аз. Максимум температураға сәйкес келетін, эвтектикалықтан асатын ерігіштіктің мұндай түрі ретрографты ерігіштік деп атайды. Ретрографты ерігіштік металдардың Ge, Si және АIIIBV жартылай өткізгіштеріндегі қатты ерітінділердің ретрографты ерігіштігі сирек кездеседі. Металдар негізіндегі қатты ерітінділердің ретрографты ерігіштігі сирек кездеседі. Ретрографты ерігіштіктің термодинамикалық себептері аз зерттелінген. Ол қоспаны жартылай өткізгіштерде еріту кезіндегі орын ауыстыру энтальпиясының үлкен болуымен байланысты.


Эвтектикалық ауысу бар фазалық тепе-теңдік диаграммалары
Эвтектикалық ауысу тек сұйыққа қана емес, сондай-ақ қатты ерітінділерге де тән. Екі басқа қатты фазаларға қатты ерітінділердің ыдырауымен аяқталатын нонвариантты ауысулар эвтектоидты деп атау қабылданған, ал сәйкес құрылымдық құраушыларды – эвтектоид деп атайды.

Қ1Қ2 + Қ3, (суыту ↔ қыздыру)

(3.51)

Эвтектикалық ауысуға мысал Fe-С жүйелерінің ауысуы жатады (3.11-сурет).







3.11-сурет. Fe-C (а) жүйелерінің фазалық диаграммалары (а) мен ақырын суытудан кейінгі құймалардың типтік құрылымдары (ә,б) (ә–құрамында 0.6% көміртек бар феррит; б–эвтектоидты болат)


ә б




Бұл жүйелерде 0.8% көміртек бар аустенит (қ.о.к., γ-темірдегі көміртектің қатты ерітіндісі) 7230С кезінде екі фазалардың қоспасына ыдырайды: темір карбиді FезС (цементит) және 0.04% С (феррит) құрамды (феррит) α- темірдегі (к.о.к. тор) көміртектің қатты ерітінділері:




γ ↔ α + FезС, (суыту ↔ қыздыру).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет