Қорытынды Юаньнның әлсіреуін, елдегі экономикалық өсім қарқынының төмендеуімен байланыстырып отыр.
- Жеке өзім юаннің әлсіреуі Қытай экономикасындағы кейбір қиындықтарға байланысты болып отыр деп санаймын. Коронавирустың таралуы бәсеңдеп, экономика қалпына келе бастағанда, юань бағамы да қалпына келеді. Доллар бағамы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді. Әлемдік экономика қалпына келгенде жалпы ахуал да жақсарады. Менің болжамымша, юань бағамы келер жылы қалпына келеді.
Жалпы қазір Қытай экономикасына үлкен қысым түсіп отыр. Бұл жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс пен пандемияға қатысты жүргізіліп жатқан қатаң саясатқа байланысты туындаған. Ірі шаһарлар мен қалаларда енгізілген толық және ішінара локдаундар қызмет көрсету саласына кері әсерін тигізді. Шектеулердің салдарынан адамдардың табысы азайып, тиісінше олар аз тұтына бастады.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ