VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся
общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую
тему, посвященную 25- летию Независимости Республики Казахстан
Құрманжан Шолпан
6-сынып оқушысы
Т. Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп
мемлекеттік мекемесі
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Танатар ауылы
Тәуелсіздігіміз баянды болсын
Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде
тарих беттеріне айналып та үлгерді. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда
қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Тамырын тереңге жайған тарихына көз жіберер болсам, сананы талай ой
тұңғиығына батырып, көкейге талай сұрақтардың келетіні рас. Мысалы: «Біз
кімбіз?», «Жер бетіне қашан пайда болдық?» деген сияқты сұрақтар келеді.
Біз Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған
сарқыты, ғұннан қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз. Біз Қазақпыз!
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси
тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды. Биыл біздің
тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Бұл Қазақстан халқы үшін ұлы
күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтар достығының нәтижесі. Қазіргі
Қазақстан - егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік
мемлекет. Мен Қазақстанның жетістіктері алда екеніне сенемін. Біз
Қазақстанды көркейту үшін ең алдымен ауылдарға демеу жасап,
жемқорлықты жою керек деп ойлаймыз. Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев -
дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл азамат.
Біздің ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі.
Қазақстанда да өзге елдер сияқты өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту,
елтаңба, әнұран. Олар егемендіктің, бостандықтың, тәуелсіздіктің нышаны
болып саналады. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар,
ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен
мақсаттары.Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. Ал Қазақстан
Республикасының азаматтары мен азаматшалары ең алдымен мемлекеттік
тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанын қорғау
керек. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз,біздің Отанымыз Қазақстан
қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы.
Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі
ұлттардан құралған халқымен ерекшеленеді. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан
бергі мезгілде еліміз көптеген табыстарға қол жеткізді. Еліміздің тыныштығы
мен қауіпсіздігі көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен
ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты, көреген
саясаттың нәтижесі.
VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся
общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую
тему, посвященную 25- летию Независимости Республики Казахстан
Елбасымыз Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толу қарсаңына орай сөйлеген
сөзінде: «Бұл - Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің
ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті
баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын
мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп
бұралаң жолдардан өтуге тура келеді» деп алдағы кездесетін сын-
қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды. Біз, болашақ елдің отаншыл
азаматтары, еліміздің Тәуелсіздігін баянды ету жолында талмай білім алып,
қажымай еңбек етіп, Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік
Ел болуы үшін аянбаймыз.
VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся
общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую
тему, посвященную 25- летию Независимости Республики Казахстан
Мырзахан Елдар
10-сынып оқушысы
Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Танатар ауылы
Тәуелсіздік – тірегім
Желбірей бер тәуелсіздік жалауы,
Жалындай бер азаттықтың алауы.
Самға, биік еркіндіктің құстары,
Сен едің ғой қазағымның қалауы.
Ия, тәуелсіз деген сөздің өзі қандай керемет! Біз, қазақ халқы бүгінгі
таңда егеменді тәуелсіз мемлекетпіз. Біздің еркіндікке шыққанымызға биыл
25 жыл толды. Мен де өзімнің тәуелсіз ел төрінде тіршілік еткенімді мақтан
тұтамын.
Осы уақытта басқа көрші елдер қызығарлықтай, ауыз толтырып
айтарлықтай талай істер атқарылды. Бәріміз бірігіп елімізді қорғауға
ұмтыламыз.
Ата – бабамыздың ежелден-ақ елдің еркіндігін аңсағанын, азаттықтың
жолында жанын құрбан еткенін әрбір қазақтың білмеуі мүмкін емес.
1986-ның желтоқсанына тарих көші, яғни уақыт ағымы бойынша қарар
болсақ, онда мынаны аңғарамыз. Қазақ халқы Ресей империясы құрамында
болған екі жарым ғасырлық мерзімде биліктің түрлі зорлық-зомбылық
шараларына қарсы араға ең көп дегенде 50-60 жыл уақыт салып көтеріліп
отыған. Сырым Датұлы бастаған 1785-1797, Исатай Тайманұлы бастаған
1837-1846, Алаш зиялыларының 1905-1918, 1916 жылғы, ХХ ғасырдың 20-
30-шы жылдары аралығындағы бас көтерулер соны айғақтайды. Ал осы
қозғалыстардың қай-қайсысын алсаңыз да олардан ұлттық рухтың
ешқашанда мұқалмас қайрат-жігерін танытатын үлгі-өнеге дерек-дәйектерді
молынан кездестіресіз. 1986-ның желтоқсаны да – осы қатардағы бұлқыныс.
Желтоқсан оқиғасын қазақ халқының тарихындағы ең басты ерлік деп
бағаласақ та болады.
1986-1989 жылдарда Кеңес Өкіметінің құрамындағы Қазақстан
Компартиясының ОК бірінші хатшысы Г.В. Колбин басшылық жасаған
болатын. Қазақтарға көп қысым жасалып, тым шеттен шығып кеткендіктен,
қазақ жастары көтеріліске шықты. Әрбір қазақ жастары «Колбин орнынан
босатылсын, бізге қазақ халқына, қазақ басшы қажет және біз өз алдымызға
жеке ел, Қазақстан Республикасы боламыз» деген ұран тастап қазақ халқын
Кеңес Өкіметіне қарсы ашық көтеріліске шақырды. Елі үшін, жері үшін
VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся
общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую
тему, посвященную 25- летию Независимости Республики Казахстан
жанын құрбандыққа шалған ағаларымыз бен әпкелеріміз бізге тәуелсіздік
туын тігіп, кеткен еді. КСРО-ның бәрібір күйрейтініне көзі жеткен
М.С.Горбачев оны таратып жібереді. Он бес Одақтас мемлекет өз
алдына жеке он бес елге айналды...
Ақыры біз 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы болып
жарияландық.
Президентіміз ұлты қазақ Н.Ә.Назарбаев болып сайланды...
... Міне, қарап отырсақ Тәуелсіздік бізге оңай келмеген екен. Бұл 20
ғасыр бойы көрсеткен ерлігіміздің жемісі. Бабаларымыз бізге азаттықты
найзаның ұшымен, білектің күшімен алып берді.
Біз ата-бабамыздың аманатын мәңгілікке сақтауға тиіспіз. Келешекте
Қазақстанды дамыған елге айналдыруға бар ынта, күш-жігерімізді
жұмсаймыз. Қазақстан Республикасы күннен-күнге адам танымастай өзгерді.
Әсіресе қазіргі таңда елордамыз Астана қаласы көркейген үстіне көркейе
түсуде. Мұның барлығы қазақ басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған
бағытына байланысты деп білемін. Бізде тәуелсіздікті нығайтуға аянбай
еңбек етеміз. Қазіргі таңда қазақ деген ел барын бүкіл әлем біледі.
Тәуелсіздігімізді алғаш рет Туркия мемлекеті мойындады. 1992 жылы 2
наурызда Қазақстан республикасы БҰҰ-ға мүше болды, сол кезден бастап
тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем байқады. Қазақстанды спорт жағынан да,
өнер, мәдениет, білім жағынан да дүние жүзіне әйгілі еткен тұлғаларды
мақтан тұтамыз.
Қазақ халқының алдағы үміттенген арманы шексіз, таусылмас кәусар
бұлақтай, биік таудың шығар биігіндей,ынтымағы мол, білекпен тіркескен
ұлы байтақ даланың аманаты мына біз – жас ұрпақтар!
Сондықтан, Елімнің ертеңі үшін аянбай еңбек етуге, тілім мен дінімді
сақтауға, ата-бабамнан қалған аманат туған жерді, жерімді қорғауға, сүюге
аянбай еңбек етемін дей келе мына өлең жолдарын өзіне арнасам деймін.
Талай жылдар бодандықта болған ел,
Тілі, діні көктей болып солған ел.
Енді міне тәуелсіздік таңы атып,
Босады ғой тар қапастан тордан ел.
Тәуелсіздікті аңсаған мен ұланың,
Тәуелсіздікті нығайту болар ұраным.
Білім алып, еңбек етем еліме,
Отаныма арналады жыр-әнім.
Күн астында гүлдендірем жерімді,
Еркіндіктің қалықтатам қыранын.
VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся
общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую
тему, посвященную 25- летию Независимости Республики Казахстан
Сапарбек Жанерке
8-сынып оқушысы
ОҚО Қазығұрт ауданы
Үшбұлақ елді мекені
Жетекші: Тойлыбаева Гүлжамила Керімбайқызы
e-mail: k.omiraliev@mail.ru
Желтоқсан жаңғырығы
...1985 жылдың жазы еді. Мектеп бітіру емтихандарын ойдағыдай
тапсырдым. Ол кезде қай мамандық таңдасаң да мектепте негізгі пәннің
бәрінен мемлекеттік бітіру емтиханын тапсырасың, жоғарғы оқу орнында
қалаған мамандығыңа байланысты тағы да емтихан болушы еді.10 жылдық
білім туралы аттестатымда 3 болмағаны есімде, институтқа түсу үшін
шығарма тақырыбы Ақан сері Қорамсаұлы жайлы болғаны есімде.
Емтихандардан құламасаң, яғни 2 алмасаң конкурсқа түсетінсің. Конкурс
дегеніміз емтихан мен аттестат бағасының қосындысы болушы еді.
Студент атанған студенттер тізімі университет алдындағы тақтайшаға
ілінетін. КАЗГУ-дің зоовет факультетіне түскенімді мен сондай
тақтайшадағы атымды көргенде білдім, қатты қуандым. Ол кезде ақылы оқу
жоқ, барлық студент тегін оқиды.
Студент атанып, жатақханадан орын алып, оқу да басталып кетті.
Алғашқы жылы ауылдан жаңа келген студенттік өмір қызық емес, нағыз азап
сияқты көрінетін.Тырп етпей қалғып -мүлгіп 4 жұп сабақ өтеміз, университет
асханасының 1 стакан компоты,1 бөлішкесі бір сіміргенде 1 кесе айранды
бір-ақ көтеретін біздің жұмырымызға жұқ болмайтын. Жоғары курс
жігіттерінің жатақханада қыздардың пісіріп қойған тамағын қазанымен
көтеріп ала қашатыны, бөлмелерін іштен құлыптап, үндемей отырып ішіп
алатыны қызық болушы еді.
Екінші курста енді бірте-бірте кала-кала шалбар киіп, шашты желкеге
түсіре өсіріп, қыздарға әзілдей сөйлеп дегендей, студенттік өмірдің қызығы
бастала түскендей еді.
КАЗГУ-дің зооветі мен тарих факультетінің студенттері бір
жатақханада болушы еді.
Қысқы семестрге дайындық кезі еді. 4 пәннен емтихан 4 пәннен сынақ
тапсыру керек, жанталасып оқу залынан шықпаймыз. Шәкіртақыдан
қағылғымыз келмейді. 15 желтоқсан күні көрші, тарихтың 3 курс
студенттерінің бөлмесіне бірталай жігіттер жиналып жатты. Шақырып жатыр
деген соң келдім. Негізі, мені жоғарғы курс жігіттері, гитарада әжептеуір
ойнағандықтан болса керек, өз орталарына тартушы еді. 4 курста оқитын
Бақтыгерей деген жігіт болушы еді. Келіскен, оқу озаты, студенттер кеңесін
басқаратын, сол жігіт кереуетінде қасындағы Сәлімжан деген жігітке:
VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся
общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую
тему, посвященную 25- летию Независимости Республики Казахстан
- Жігіттерді ұйымдастыру керек, бұл жай қарап отыратын мәселе емес.
Ұлт намысы деген қайда? Қазақтан бір ұл тумап па, қазақты басқаратын.
Димаш атамыздың не жазығы бар екен,бір күнде орнынан алатын. Осы
мәселелер бойынша ертең жастар көшеге шықпақ, - деп отыр екен.
Шақырылған жігіттер түгел жиналған соң, Бақтыгерей Москвада КПСС
Орталық Комитетінің кезектен тыс пленумы болып, Колбин деген орыс
ұлтының өкілі Қазақстан КПСС Орталық Комитетінің председателі болып
тағайындалғанын хабарлады.
«Бұл мәселеге қазақтың жүрегінде оты бар, намысты жігіттері қарсы»
дегенді қадап айтты.
Ертесіне яғни 16 желтоқсан күні сабаққа келдік. 1-жұп «КПСС тарихы»
еді. Біз күндегідей емес, біртүрлі томаға тұйықпыз. Мұғаліміміз күндегідей
«Түу, әтірлеріңнің иісі не деген ащы» деп күліп кірмеді.Үндемей кірді, біраз
уақыт терезеден сыртқа көз салып отырды да, бізге барлай қарады. Біз тым-
тырыспыз. «Не айтар екен?»…
- Ия, сонымен, балалар, «Бүгінгі тақырыбымыз Лениннің «Не істеу
керек?» атты еңбегі - дей бергені сол еді, барлық студент: «ТүҺ» дегендей гу
ете қалсын. Мұғалім үндемей қағазына қарап отырып қалды, сонан соң:
- Күш қара қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ, -деп сыртқа
шығып кетті. Осылай отырғанда бір жігіт келіп, есіктен: «Асқар, шығып кет»
деді маған. Шықтым, сонымен группадағы жігіттерді бастап алаңға бет
алдық. Есіктен шыға бергенде темекі иісі шығып тұрған (бұрын мұндайын
сезбейтінбіз) мұғаліміміз қарсы жолықты. «Қайда барасыңдар?» демеді.
Алматының бар студенті жан-жақтан ағылып алаңға келуде.
«Қазақтан ұл тумап па, ел басқаратын!», «Долой Колбина» деген
ұранды айқай ұлттық намысымызды қоздырып, біз де айғайға бастық.
Қайдан ойыма келгенін қайдам «Менің Қазақстанымды» бар даусыммен
айта бастадым. Бүкіл студент қосыла кетті. Желтоқсанның ызғарлы күнін
мына үн тілгілеп-тілгілеп жатты.
Осылай түс ауып, күн жарымынан асты.Бейбіт шеруде зиялы
азаматтардың микрофонмен айтып жатқан әділ де азаматтық сөздері қай
қазақтың да намысын қоздырып, жігерін жанитын.
«Мына жұрт не деп жүр» деген бір жан жоқ. Бір кезде кәдімгі әскери
машиналар, ит жетектеген, мұздай қаруланған солдаттар, нелер жаман
сөздерді қардай боратқан милиция топты жарып кірді. Қолдарындағы
дубинкаларымен сатыр-сұтыр ұруда, құлағандарды сүйреп автобустарға тиеп
жатты. Аяқ асты тайғақ,желке тұсымнан тиген соққыдан етпеттей құладым.
Лып еткізіп екі солдат автобусқа әкеп тоғытты. Қайтып түсу қайда, есікте
күзет.Сонымен қан жоса студенттер.шыңғырған қыздар, кейбірі тіпті есін
білмей қалған. Бәрімізді тиеген автобус кала сыртына қарай бет алды.
Қыстың аязды, шымырық бір тұтам күні түнеріп, тұманданып батып бара
VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся
общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую
тему, посвященную 25- летию Независимости Республики Казахстан
жатты. Жаурағанымызды енді сезе бастадық. Бірте-бірте терезеге аяз қатып,
дым көрінбей қалды.
Автобус зорға жылжып, ыңылдап бір кезде тоқтады. 3 сағат шамасы
жүрдік. Есіктегі қарауыл 2 солдат «Слезать» деп ақырды. Бізден сескеді-ау
автоматтан көкке қарай 2-3 дүркін оқ атты. Түгел түстік. Автобус әзер
бұрылып келген ізімен қайтты. Біз есеңгіреп біраз тұрдық. Дала тастай
қараңғы Шығыс жақты алауландырып, толған ай көтеріліп келе жатты.
- Кәне, жастар алға, тек жүгірейік әйтпесе қатып өлу түк емес, - деп
қала жарығына қарай жүгіруді бастадым. Жүгіру деген аты, зорға ілбіп
келеміз, күрт-күрт қарға аяғымыз тізеден кіріп кетеді. Ол күнгі қиындық әлі
күнге есімнен кетпейді.
Арадан апта, ай өтті.Оқудан қуылдым. Елге келгенде де жұрт маған бір
түрлі бұзақыға қарағандай қарады. Көзі ашық, зиялы қауым бізді 4-5 жыл
дегенде ақтап алды ғой, - деп нағашым әңгімесін аяқтады.
Бижансайда нағашымның жекеменшік қорасы. Байлауда қанша мал
тұр. Ақ халат киген сауыншы келіншектер сауынды бітіріп, үйлеріне қарай
бет алды. Мұндағы бейбіт, еркін елдің еңбегі - Тәуелсіздік жемісі. Мұздай
қара Джип мінген нағашым аудан орталығына қарай келеді...
Қорадан тыс жерде үйір-үйір жылқы. Сауын биелердің құлындарын
анасының мойын жібіне қосарлап қойыпты.
-Е-е нағашым қымыз өндіруді де қолға алған екен ғой,- дедім ішімнен.
Көлікте келе жатып, әлгі әңгіме әсерінен шыға алмадым.
- Нағашы, Бақтыгерей окуын бітіре алды ма? - деп сұрадым.
- Қайдан, ол, Санжар сынды жігіттер түрмеге жабылды ғой, тіпті
Қазығұрттан тағы да бір жігіт, аты Әбдіәшім еді, қай институт екені есімде
жоқ, әйтеуір өнер факультетінде оқитын. Керемет ән айтатын. Ол да оқудан
қуылды. Араласып тұрушы ек, тосын жағдайдан қайтыс болды, - деді
нағашым.Терезеден далаға қарап отырмын.
Қайсар рухты бабамнан,
Мұра болған бұл далам.
Тәуелсіз еркін елімде,
Ерке өскен мен балаң, - деген сияқты өлең жолдары
өрілетіндей.
VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся
общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую
тему, посвященную 25- летию Независимости Республики Казахстан
Сиязбек Айғаным
9 «а» сынып оқушысы
«М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп» МКМ
ОҚО Бәйдібек ауданы Шаян ауылы
Жетекші: Арынбекова Айгүл
Уақыт қарқына зымыран Тәуелсіздікке 25 жыл
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде
тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның
дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол
сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар
дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей
беретініне сенемін». (Н.Назарбаев)
Жоспар:
Кіріспе
Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан.
Негізгі бөлім
1.Тарих беттерін парақтасақ…
2.Ұмтылмайды Желтоқсанның ызғары.
3.Менің бар бақытым-қасиетті Отаным.
Қорытынды
Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке.
Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі
аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта
өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас.
Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп,
әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар
қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы
орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып
кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп
қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді
кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы
енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай
күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты.
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың
қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз.Сәуегейлер қанша
құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр. Күн
орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ.
VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся
общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую
тему, посвященную 25- летию Независимости Республики Казахстан
Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі
әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су
сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан
аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек
жиып,
ес
түгендеп
алуымызға
мұрша
бергізгей.Алтын
уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір
өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты татып,
сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі
күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз.
Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен
жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де
бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету
үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір
сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет
сияқты.
Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз
жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға
бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін,
жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол
күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының
жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне
деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап
жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған
жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар
ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген
Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай
жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып
алар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне
түйіп жауға шапқан,ержүрек батыр қыздардың Қазақ топырағында болуы
бізді зор мақтанышқа бөлейді.Сол аға-апаларымызды еске алсақ біз олармен
мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз.
Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен
келешегіміз үшін ғибрат алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар
оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз
болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан
ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық
мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; өзі
отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап,жау қолына
тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес
берген,кемшілікті айта білген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың
елімзге,халқымызға
тән
өзіндік
шаруашылық
жүргізу
жүйесін
VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся
Достарыңызбен бөлісу: |