Южно-Казахстанская область



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#7951
1   2   3   4   5   6   7

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

Талайы  зардабын  шегіп,  қасіретін  тартты.  Қаншама  өрімдей  жасөспірімдер 

қанаты  қайырылса  да  намысын  жерге  таптатпай,  еңселерін  биік  ұстады. 

Бірақ,  сырын  сыртқа  шығармай,  шерін  тарқата  алмай  іштен  тынды.  Заман 

райы солай болды. 1991-жылы Қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына 

тәуелсіз  мемлекет  атанды.  Шын  бағасын  иеленбеген  желтоқсан  көтерілісін 

жай  оқиға  деу  қиянат  екенін  дауыстап  айтуға  мұршамыз  келеді.  Мұстафа 

Ататүрік  айтқандай,  «шынжырларды  балқытып,  тәжбен  тақты  күйрететін 

күшті нұр- ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті».  

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,  

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.  

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің  

Ешқашанда  еңкеюге  тиісті  емес  жалауы!  –  деп  ақын  жырлағандай, 

желтоқсанның  мұзға  жаққан  алауы,  1991-  жылы 16-желтоқсанда  тәуелсіздік 

таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым 

ұғымда.  Ал,  мұны  дүниенің  жаратылысымен  тарих  дөңгелегінің  заманалар 

белесіндегі  қасиетімен  даралап  айтсақ,  Қазақстан  тарихында  бұл  дата 

ешқашанда  ұмытылмайтын,  бақытты  баға  сымен  халқымыздың  есінде 

мәңгілік сақталып қалары анық.  

Тәуелсіздік  —  халықтың  үні,  ұлттың  тілі  мен  ділі.  Тәуелсіздік  -  

халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой.  

«Қаз  тұрып,  қадам  басқан  тәуелсіздік  сәбилік  тұсауын  өміршең 

уақытқа  кестірген  кезден  бастап,  осынау  15  жылдың  бедерінде  айшылық 

жерді  алты  рет  аттаған  алып  секілді,  дәуір  жалынын  мығым  ұстап,  тізгінін 

бекем  қаға  білді»  -  деп,  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай,  егемен 

Қазақстанды  бүкіл  әлем  таныды.  Туған  Отанымыз  жер  жүзілік 

қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму 

жолына  түсті.  Үш  ғасырға  созылған  ата-бабамыздың  арманының  жүзеге 

асқаны,  оған  өзімнің  куәгер  болғаным  –  мен  үшін  шексіз  қуаныш.  Мен  өз 

халқымның  ешкімге  нақақ  қиянат  жасамағанын  мақтан  етемін,  ал,  қиянат 

жасамағанға  Алланың  көзі  түзу.  Біздің  қолымызда  қанның  емес,  тердің  иісі 

бар. Демек, біз — жасампаз халықпыз.  

Отан, Отан бәрінен биік екен,  

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!  

Отанды сүймеуің де күйік екен,  

Отанды сүйгенің де күйік екен! - деп өткен ғасырда жүрегінен сыздай 

жырлаған  жырлаған  ақын  сөздері  бүгінгі  ұрпақтың  санасында  өшпестей 

жаңғырып тұрады: қасиетті Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық 

пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда 

да,  ел  басына  күн  туған  аласапыран  шақтарда  да,  және  бүгінгідей 

тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де — әрқашан да бәрінен де биік 

тұрады. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол 

тайғақ  кешуден  өтіп,  тәуелсіз  елдер  қауымдастығына  қосылды.  Отанымыз 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс 

те  ерлік  те  біздің  қолда.  Дербес  болуға  бағыт  алған  егемен  еліміз  – 

Қазақстанды  көркейтетін,  шаңырағын  биіктетіп  байытатын,  абыройын 

асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік 

жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI 

ғасырда  қазақтың  қасіреті  аз  болғай,  қуанышы  көп  болғай!  Таяудағы  жүз 

жылдық,  әрідегі  мың  жылдықтарда  қазақтың  арманы  мен  мүддесін,  елдігі 

мен  еңбегін  хақ  тағала  баянды  еткей!  Енді  асқақ  Отан  деген  ұғымға  кең 

құлаш жайып бір тоқталып кетейінші.  

Отан…  Атамекен…  Атажұрт…  Тарих…  Бұл  қай  құлаққа  да  асқақ 

естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен 

өз  Отанының  тарихына  ден  қоя  бастайды…  Адам  адам  болып  жаралғаннан 

бері  ұлан-асыр  даму  көшінің  өн  бойында  жер  үшін,  ел  үшін  сан  қилы 

дүрбелеңдер  көп  болған.  Әдетте,  осындай  дүрбелеңдерден,  яғни  үлкен 

аумақтарды  қамтыған  қанқұйлы  соғыстардан  соң  ғана,  әлем  картасы 

аталатын  ала  қағаз  бетіне  түзетулер  түсетін.  Ал  жиырмасыншы  ғасырдың 

соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған 

жер  жаһанның  алтыдан  бір  бөлігіне  иелік  етіп,  қаһарымен  алыс-жақын 

жұрттардың  бәрін  ықтырып  келген  алып  империяның  ың-шыңсыз  ыдырай 

бастауы  себеп  болды.  Ыдыраған  империяның  орнына  он  бес  тәуелсіз 

мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып 

әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.  

Қазақстан  —  Қазақ  халқының  ата-баба  мекені,  ежелгі  қонысы.  Бұл 

жерде  ата-бабамыз  туды,  тұрды,  өмір  сүрді,  оның  топырағында  ата-

бабамыздың  кіндігі  кесілген  кең  жазира  жері.  Бұл  жерді  мекен  еткен 

көшпелілер  мен  отырықшылардың  бір-бірімен  шендескен  әлемі  ғасырлар 

қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті 

мен  діні  жаңғыра  түлеп,  әйгілі  күре  жолдардың  үстінде  саудасы  қызып, 

Шығыс  пен  Батыс  арасы  тұтастанып  жататын  болған.  Біздің  еліміздің 

жерінен  Жерорта  теңізінен  Қытайға  дейін  Еуразияны  көктей  өтіп  жатқан 

«Ұлы  Жібек  жолының»  керуендері  тоғысқан  кіндік  Азияны  басып  өтетін 

Қазақстандық  телімі  болған.  Қазақстанның  табиғаты  таңғажайып:  мұнда 

аспанмен  тілдескен  мұзарт  шыңдарды,  тұңғиығы  тұнжыраған  жұмбақ 

көлдерді,  ақ  жал  толқындары  асау  арғымақтардай  көкке  шапшыған  шалқар 

теңізді,  күні  от  шашқан  шөлейтті,  арналы  өзен,  ну  орманды көруге  болады. 

Қазақстан  картасы  –  қазына  картасы  қазір.  Даласы  дархан,  топырағы 

қасиетті,  қойнауы  қазыналы.  Қазынаның  барлығы  да  Қазақ  жерінің 

топырағында  тұнып  жатқанын  екінің  бірі  айтпай-  ақ  біледі.  Дегенмен,  жер 

бедерінде,  негізінен,  жазық  далалы,  шөлді  және  шөлейт  аймақтар  басым. 

Олардың  арасында  Сарыарқа  мен  Үстірт,  Тұран  ойпаты  мен  Батыс  Сібір 

ойпаты,  Мойынқұм  мен  Бетпақдала  ұлы  өңірлері  бар.  Таулы  аймақтар 

республиканың  оннан  бір  бөлігін  алып  жатыр.  Оларға  Алтай,  Жоңғар 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

Алатауы  және  Тянь-Шань  тау  жоталары  кіреді.  Ірі  өзендер:  Ертіс,  Есіл, 

Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.  

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. 

Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, 

оңтүстік-батыста  Орта  Азия республикалары  Түрікменстан,  Өзбекстан  және 

Қырғызстанмен, 

оңтүстік-шығыста 

және 

шығыста 


Қытай 

Халық 


Республикасымен  шектеседі.  Қазақстан  шекарасының  жалпы  ұзындығы  –

13034км. Қазақстан аумағының көлемі – 2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған 

Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия 

және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, Қазақ даласы  – 

кең  байтақ!  Қазақстан  жер  көлемі  жөнінен  Ресей,  Қытай,  АҚШ,  Австралия 

мен  Үндістаннан  кейін  алтыншы  орын  алады.  Сондығынан  ғой,  күмбір  – 

күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты 

талады,  шапқан  аттың  тұяғы  тозады,  Атырауы  –  айшылық,  Қаратауы  – 

күншілік»,  -  деп  толғаған.  Дала  төсінде  жаңа  өмір  шуағын  төгеді.  Оның 

бауырындағы буырқанған жасампоз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан 

жүрегіндей. Еңбеккері маңдай терін тамшылата төгіп жатса, сыршыл ақыны:  

Боз жорға, боз інгенді, боз торғайлы,  

Боз дала, ием саған, боз басымды! – деп жүрек лүпілімен суарылған ақ 

қанатты  жырына  қосады.  Ғылым  адамзатқа  қанат  бітірді,  ғаламат  істерге 

бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа 

қадам  басты,  айға  қонды,  жұмыр  жерді  аялай  айналып  ұшты.  Ал  ғарышқа 

жол  –  Байқоңырдан  от  алғанын  мақтан  етпейтін  кім  бар?  Ғарышқа  қадам 

жасаған  елдер  қатарында  біздің  еліміздің  де  еңсесі  биік,  жалауы  жоғары. 

Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар Әубәкіров пен 

Талғат  Мұсабаев  егеменді  елдің  ғарышкерлері.  Сондықтан  ғой  қай  елдің 

адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – 

Анасына  балайды.  Ғаламындағы  ғажап  тіршілігінің  қасиетті  мекенін 

сүймейтін адам болмайды. «Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін 

өледі»  -  деп  түйген  халықтың  қаһарманы  Бауыржан  батыр:  «Отаның  үшін 

отқа түс күймейсің», - дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға 

арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін 

жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің 

өшпес даңқын шығарғандар. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі 

өте  терең,  олар  үшін  туған  жерді  қасиет  тұту  –  қанға  сіңген  мінез,  ежелгі 

дәстүр.  Бұл  таным  біздің  жанымызға  ана  сүтімен  тараған,  ана  сүтімен 

дарыған. Батырлар жырындағы:  

Атам күйеу болған жер,  

Анам келін болған жер,  

Кіндік қаным тамған жер, - деген қарапайым жолдарда адамның туған 

жерге  деген  шексіз  сүйіспеншілігі  мен  терең  де  ыстық  сезімі  тамаша 

бейнеленген.  Қазақ  батыр  халық,  ержүрек  халық,  намысшыл  халық.  Ел 



VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

басына  қиын  –  қыстау  күн  туғанда  ерлері  намыс  отын  жағып,  туған 

топырағын  қасық  қаны  қалғанша  қорғағанына  өткен  тарих  куә,  кешегі 

сұрапыл  заман  куә.  XX  ғасырдың  сүргінін  бастан  кешіп,  жаңа 

мыңжылдықтың  табалдырығын  жаңғырған  қалпында  аттаған  Қазақстан 

өзінің  барша  төлтума  болмысын,  жарқын  да  бай  мәдениетін,  ғасырлар 

қойнауында  қалыптасқан  салт-дәстүрін,  қызық  та  қилы-қилы  тарихын  әлем 

халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді 

жаңғырту  үшін,  еңбек  пен  мәдениетті  жарастыру  үшін,  сұлулық  пен 

парасаттың  салтанат  құруы  үшін,  жаппай  келісімі  жарасқан  прогрессивті 

адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты. Байтақ ел, күн 

сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат 

байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының 

ауызбірлігімен  аты  шықты.  Бүгінгі  Қазақстан  —  өзі  орналасқан  аймақтың 

ғана  емес,  бүкіләлемдік  проблемаларды  талқылауда  және  шешуде  ықпалды 

рөл  атқаратын  ел.  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

пікіріне  әлем  саясаткерлері  ықылас  қоятын  болды.  Егемендік  алған  жылдар 

ішінде  өзіне  тән  барлық  институттары  бар,  әлемдік  қауымдастықтың 

ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен 

тәуелсіздігі  қамтамассыз  етілді.  Конституциялық  жолмен  мемлекеттік  және 

саяси  билік  құрылымдарын  жаңарту  негізінде  елдің  демократиялық  жолмен 

дамуының  берік  іргетасы  қаланды.  Елдің  ішкі  экономикалық  жүйесі 

түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін 

нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан 

дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.  

      Жиырма  бес  жыл  ішінде  Қазақ  халқының  ұлттық  санасы 

жаңғырып, өзін-өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық 

дәстүрлерін  құрметтеу,  ұлы  тұлғаларын  бүкіл  дүниеге  таныту,  бай  рухани 

қазынасын  әлемдік  өркениетпен  ұластыру  бағытында  қыруар  шаруалар 

атқарылды. Ең бастысы, Қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны 

болып  табылатын  біздің  еліміз  бүкіл  әлемге  қоғамдағы  татулық  пен 

ынтымақтастықты  сақтаудың,  әр  түрлі  ұлттық  мәдениеттер  мен  діндердің 

үйлесімді  дамуына  қамқорлық  жасаудың  жарқын  үлгісін  көрсетіп  берді. 

Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын Қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян 

халықтарының  өкілдері  орыс  және  украин  халықтары.  Сонымен  қатар  ең 

елеулі  этносты  құрайтындар  өзбек.  немістер  және  татар  халықтары.  Осы 

біздің  елдегі  халықтар  басын  біріктіріп,  олардың  ұлттық  тегіне  қарамастан, 

теңдігін  бекітетін  құжат  бар.  Ол  еліміздің  Ата  Заңы,  Конституциямыз. 

Қаншама  рет  туы  тігіліп,  қаншама  рет  туы  қайта  қисайған,  қаншама 

мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі 

жас  Қазақ  халқы  қайтадан  әлемдік  дүбірге  қосылып,  әлем  елдерімен  иық 

тіресуде.  



VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

Тәуелсіздік  –  ең  алдымен  Қазақ  халқының  бостандыққа  ұмтылған 

асқақ  армандары  мен  қайсар  рухының  жемісі.  Сондықтан  да  біз  үшін 

Тәуелсіздік  күні  –  ең  қастерлі  күн.  Еліміз  тәуелсіздігін  жариялап,  дербес 

мемлекет  ретінде  әлемге  танылды.  Елбасының  «Қазақстанның  тәуелсіздігі 

қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді 

бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү 

бұл  даусыз  және  саяси  фактіге  ешкім  күмән  келтірмеуі  тиіс»,  -  деп  атап 

көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер 

атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға 

сай  бекітілді.  Мемлекеттік  рәміздеріміз,  Ата  заңымыз,  ұлттық  валютамыз 

және  Сарыарқаның  кең  жазық  даласында  барша  елдің  өзінің  тез  көркейіп 

өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық 

алдында  «Қазақстан  Республикасы»  деген  асқақ  рухты  елдің  екенін 

мойындаттық.  Ел  экономикасы  да  жылдан-жылға  нығайып,  мәдени,  рухани 

даму  деңгейі  белеске  көтерілуде.  Өзіне  тәң  барлық  институттары  бар, 

әлемдік  қауымдастықтың  ықпалды  мүшесі  болып  табылатын  тәуелсіз 

мемлекет  құрылды.  Жыл  сайынғы  ел  Президенттің  халыққа  арналған 

Жолдаулары  мен  қабылданған  мемлекеттік  бағдарламалар,  стратегиялық 

бағыттардың  барлығы  да  қарапайым  халықтың  тұрмысын  жақсартып, 

тәуелсіздігімізді  нығайтуға  бағытталды.  Елбасы  өз  Жолдауында  ішкі  саяси 

мен  ұлттық  қауіпсіздіктің  2020  жылға  дейінгі  негізгі  мақсаттары  қоғамда 

келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. 

Саяси  жүйені  жетілдіруде  құқықтық  реформаның  маңызды  рөл 

атқарылатының,  құқық  қорғау  жүйесін  реформалау  бойынша  құқық  қорғау 

органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факт орлардан, сондай-

ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан 

туындаған  проблемалардан  арылудың  қажеттігін  атап  көрсетті.  Елбасы  өз 

Жолдауында  құқық  қорғау  жүйесін  реформалаудың  бағыттарын  көрсетіп 

берді,  олар  –  құқық  қорғау  жүйесін  оңтайландыру,  әрбір  мемлекеттік 

органның  нақты  құзыретін  белгілеу,  заңдарды  ізгілендіре  отырып  сапасын 

арттыру,  құқық  қорғау  жүйесінің  қызметінде  ішкі  ведомстволық  мүддеден 

азаматтардың  құқық  пен  мемлекеттің  мүддесін  қорғауға  ауыстыру. 

Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құқық қорғау 

органының  қызметінде  есептілік  пен  бағалау  жүйесін  жетілдіру.  Сондай-ақ, 

қазіргі  күнде  жүзеге  асырылып  отырған  қамауға  алу,  үйде  қамауда  ұстау 

түріндегі  бұлтартпау  шараларын  қолданудың  сотқа  берілуі  азаматтардың 

конституциялық  құқықстарының  сақталуының  кепілі  болып,  сот  жүйесінде 

қолдануда  жақсы  қорытындыларын  көрсетуде.  Жолдауда  айтылған 

бағыттарды  жүзеге  асыру  сот  жүйесіне  деген  халықтың  сенімін  арттыру 

біздің  міндетіміз.Жиырма  жылдық  бізге  тек  бақыт  пен  ырыс  алып 

келсін.Еліміз  аман,жұртымыз  тыныш  болсын.Еуразияның  кіндігі  қасиет 

қонған  Астана  гүлденіп  жайнай  берсін.  Тамырын  тереңге  жайған  тарихыма 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

көз  жіберер  болсам,  сананы  талай  ой  тұңғиығына  батырып,  көкейге  талай 

сұрақтың  келетіні  рас.  Мысалы,  "Біз  кімбіз?",  "Жұмыр  жер  бетінде  қашан 

пайда болдық?", "Қай жерді мекен еттік?", "Тіліміз, мәдениетіміздің деңгейі 

қандай?".  Біз  Өр  Алтай  мен  Атыраудың  арасын  мекен  еткен  сақтан  қалған 

сарқыты, ғұннан қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз. Біз қазақпыз! 

Ақ  білектің  күші,  ақ  найзаның  ұшы  сынға  түскен  жаугершілік 

заманда,  яғни,  1458  жылы  Әбілқайыр  хандығынан  іргесін  бөлген  Жәнібек 

пен  Керей  сұлтан  Моғолстан  жеріне  Шу  бойы  мен  Қозыбасқа  алғаш...  Ең 

алғаш  еркіндіктің  ақ  жалауын  тіккен  едік.Он  бес  отауды  біріктірген  қара 

шаңырағымыз  1991  жылы  ыдырады.  Шығыстан  алтын  күн  нұрын  төгіп, 

еркіндіктің самалы есті. Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлты сейіліп, әнші 

бұлбұл  шаттықтың  әнін  шырқады.  О,  өмірге  жаңа  сәби  келді.  Ол  енді 

тәуелсіз  елдің  ұрпағы.  Өлгеніміз  тіріліп,  өшкеніміз  жанғанда,  осы  дүние 

есігін  ашқан  күнәсіз  пенде.  Тал  бесіктен  жер  бесікке  дейін  өз  қалауынша 

тіршілік  етеді.  Осы  сәбидің  күні  ертеңгі  тағдыры  үшін  боздақтарым  жанын 

қиған.  Асқақ  арманға  қол  созып  бүгінгі  бейбіт  уақытты  көре  алмай  кеткен 

асылдар  қаншама?!  Ағы  мен  қарасы,  жақсы  мен  жаманы,  жасығы  мен 

жасампазы  егіз  ұғым  болған  жаңа  ғасырда  сап  алтындай  баға  жетпес 

байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек. 

 

 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

Қалдиса Айдана 

Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп  

мемлекеттік мекемесі

10-сынып оқушысы  

Таңатар ауылы 

  

 



Астана- мақтанышым менің 

 

Қаламен басылады дала мұңы, 

Әр даланың болады әр алыбы. 

Бұл қала болар елге алып қала. 

Бұл қала тарихымның жаңалығы. 

Иә, шынында да бұл қала қазақ тарихындағы елеулі өзгеріс. Бұл қала 

ХХІ ғасырдағы тәуелсіз қазақ «Хандығының» ордасы. 

Бұл  қала  Қазақстанның  кешегі  өткен  сындарлы  жылдардағы 

ауыртпалықтардың  бәрін  жеңе  отырып,  қазір  қандай  деңгейге  жеткендігін 

айқындайтын күллі әлемге деген айғағы. 

Соңғы  жылдары  Астана,  Тәңірге  тәуба  көркейген  үстіне  көркейіп 

келеді. Бұл қозғалыс өз жалғасын таба берсе Астана әлемнің кез-келген сұлу 

қаласымен бәсекеге тұратындай дәрежеге жетері анық. Жалпы, бұл қала бізге 

кезіндегі Ақмола, Целиноград деген атаумен белгілі. 

Астана  астанаға  айналмай  тұрып  Қазақстанның  елордасы  жеті  жыл 

бойы  Алматыболғандығы  баршаға  мәлім.  Алайда  Елбасымыз    1998  жылы 

елорданы  Ақмолаға  ауыстырып,  оған  «Астана»  деген  атау  берді. 

Елбасымыздың  осы  әрекетінде  үлкен  саясат  жатыр.  Себебі  орданы  осынау 

ұлан-байтақ жеріміздің дәл ортасынан қою керектігі туды.Өйткені елорданың 

шетте тұрғаны  бұл болашақта  түрлі саяси қозғалыстарға апаруы ғажап емес. 

Яғни  неғұрлым  шекараға  жақын  жатса  соғұрлым  шектесіп  жатқан  елден 

мейлі ол сенімен тату көрші болғанда да сол көршіден болашақта  неше түрлі 

әрекеттер  күтуге  болада.  Біздің  Алматыға  шекаралас  Оңтүстік  –шығыстағы 

қысық  көз  көршілердің  қандай  әкі  саясаткер  екендігіне  бүкіл  қазақ  тарихы 

куә! 

Міне,  елбасымыздың  осыны  ұғынғандығының  өзі  ерлік.  Ол  тәуелсіз 



Қазақстанды  «өз-өзіне»  келтіріп,  1998  жылы  ел  ордасын  Сарыарқаның 

төсінен  бір-ақ  шығарды.  Бұдан  бірнеше  жыл  бұрынғы  Астана  Алматымен 

салыстыруға  тұрмайтын  қала  еді.  Ия,  бұндай  дәрежеге  жетеді  деп  ешкім 

ойламаса  керек,  Астана  тұрғындарының  өзі  Елбасыға  деген  жүрекжарды 

тілектерін айтып жатқандары... 

Иә,  шындығында  бұл  қаланың  бұлайша  гүлденуі  тікелей  Елбасының 

арқасы деп айтуға толық негіз бардай. Тіпті әр ғимараттың пішінін, жобасын 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

да өз қолымен сызған елбасының бұл ісіне таңданбай қала алмайсың. Маған 

бұл қала елбасының перзентіндей болып көрінеді. 

Ия,  кәдімгі  елбасының  туған  баласындай  сияқты.  Өзі  осы  жерді 

таңдады,  өзі  салдыртты.  Қалай  дегенде  де  бұл  қала  Н.Назарбаевтың 

тарихтағы қолтаңбасы. 

Қазір әлем Қазақстанды Астанаға қарап таниды. Неге?! Себебі біздің 

Францияны  Парижге  қарап,  Парижді  Эйфелге  қарап  танығанымыздай, 

Қазақстанды  әлем  Астанаға,  Астананы  Бәйтерекке  қарап  таниды.  Әлем 

тарапынан  «Бейбітшілік  қаласы»  деген  атауға  ие  болған  бұл  қаламыздың 

болашағы нұрлы. 

Әсем елдің қос жағалауына орын тепкен қаланың географиялық орны 

қолайлы. 

Құрылыс  жұмыстары  жылдан-жылға  кең  өріс  ала  түсуде.  Астанадан 

бастау  алған  бұл  гүлденушілік,  алға  қарай  даму  үдерісі  болашақта  басқа  да 

қалалар да жалғасын табады деген үкілі үміт кеудеге ұялап та үлгерген. 

Бүгінде  Астана  менің  ғана  емес  күллі  қазақтың  мақтанышы.  Алты 

Алаштың егемендігінің нышаны. Еркіндіктің  ақ туы. Бұл қаланың тап өзінде  

тұрмасақ  та  барлығымыздың  жүрегімізде  сол  қалаға  деген  нұрлы  сезім, 

ыстық махаббат та оянған. 

Сондықтан  да  менің  көкейімде  болашақта  үлкен  азамат  болып,  өз 

қаламыз  Шымқаланы  Астананың  деңгейіне  жеткізу  жолында  тікелей  үлес 

қоса  алмасам  да,  тел  үлес  қосушылардың  кетігіне  бір  кірпіш  боп  қалансам 

деген  ой-арман  жатыр.Тіпті  болмағанда  жағдайдың  өзінде  де  рухани 

жағынан  дем  берушісі  болуға  тырысам  деймін.  Бұл  күнде  мені  асау 

армандары бар бір болашақ жетелеп келеді. 

Сол  асау  арманымның  ішінде  еліме  деген  менің  шынайы  гүлзар 

махаббатым жатқандай. 

Міне,  Тәуелсіздігімізге  25  жыл!  Тәуелсіздік  тұғыры  биіктей  берсін 

Қазақ елі!  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет