114
- қимыл-қозғалысты іске асырғанда бұлшық еттердің
шаршауына әкеліп соғады, ол үшін уақыт пен күш қажет;
- қимыл-қозғалысты орындау кезінде және одан кейінгі
уақытта ағза түскен салмаққа бірте-бірте үйрене бастайды,
ағзада ӛзгеріс пайда болады.
Осы жағдайда мыналарды еске сақтау керек: салмақ түсетін
қозғалыс қимылдарын үйрену, кӛбіне, бұлшық еттің жұмыс
істеу қабілетіне әсер етеді. Ал күрделі техникалық қимылдар
және қимыл қозғалыстар психикалық жұмыс істеу қабілетіне
әсер етеді.
Реттілік
принципі
бойынша
«меңгерілгеннен
-
меңгерілмегенге»,
«қарапайымнан
күрделіге»
ережесіне
сүйенеді.
Қозғалысқимылының техникасы, әрқашан үйреншікті,
жаттанды қимылға жүгінеді. Сондықтан қарапайым қимыл-
қозғалыстардың қатарын кӛбейту қажет. Техниканың жаңа
түрлерін үйренгенде сол қимылдарға жүгіну керек.
Қарапайымдылық
пен
күрделілік
координациялық
күрделілікке ғана байланысты емес, сонымен қатар қозғалыс
қимылдарын орындау үшін физикалық күш жұмсауға да
байланысты. Сондай-ақ, қозғалыс қимылының психологиялық
факторын, әсіресе, қорқыныш, үрей сияқты сезімдерді жеңу
кезінде ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: