З. А. Абдрахманов А. Ш. Смаилова



Pdf көрінісі
бет61/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,47 Mb.
#125818
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
Біртіндеп принципі
үйрену барысында физикалық салмақ 
қа және орындалатын қозғалыс қимылы техникасының 
күрделенуіне тікелей байланысты. 
Үнемі есте сақтау керек: шамадан тыс салмақ түсіру 
жаңадан үйреніп жүргендердің ағзаларына теріс әсер етеді. 
Сондықтан олар үшін оңтайлы жүктеме іріктеу керек. 
Біркелкі, үнемі қолданатын жаттығуларға ағза бейімделіп 
алады да оларды жасаудың тиімділігі тӛмендейді. Қозғалыс 
диапазонын кеңейту үшін әртүрлі, бірақ құрылысы жағынан 
ұқсас жаттығуларды жасау керек. 
Біртіндеп принципін үйрену процесінде секірмелі қимылдар 
болмау керек. Бұл принциптің негізгі постулаты – меңгерілген 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


115 
қимылдан келесі қимылға біртіндеп кӛшу, кейде ӛткендерді 
қайталап, үйретілмеген немесе нашар үйретілген қимылдарды 
жіберіп алмау керек. Ӛйткені мұндай қимылдар келесі 
қимылдарды ӛткенде теріс әсер етпей қоймайды. 
Даралану 
принципі 
бойыншаүйренушінің 
жеке 
ерекшеліктері ескеріледі, яғни дайын болу дәрежесі, жынысы 
мен жас ерекшеліктері, жеке тұлғаның анатомиялық-
физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері және педагогтың 
жеке үйрету стилі. Үйретудің алғашқы кезеңінде, үйренушілер 
әлі де ӛз қабілеттерін кӛрсетпеген кезде топтық жұмыстар 
тиімдірек болады. Қозғалыс қимылдары қарапайым және топ 
меңгеріп алып жүргенде ешкім ерекшеленбейді.Әріқарай 
қимылдарды тез және жақсырақ орындай бастағанда біртіндеп 
жеке жаттығуларға кӛше бастайды. Қозғалыс қимылдарын 
үйренгенде жыныс ерекшеліктеріне ерекше кӛңіл бӛлу керек. 
 
Спорттық жҥріс техникасын ҥйрету әдістемесі. 
 
Спорттық жүріс жеңіл атлетиканың бір түрі болып 
саналады және кәдімгі жүрістен техникасымен ерекшеленеді. 
Бірақ, алдымен бұл әдістемеге кӛшпей тұрып, кәдімгі жүрістің 
кемшіліктерін (жүрісі, келбеті) түзеткеніміз дұрыс. Жеңіл 
атлетикадағы бұл түрінің бағалау критерийі - табиғилық және 
үнемділік болады. 
Спорттық жүріс техникасын үйрету жайындағы сұраққа 
шешім табу үшін, міндеттері мен мақсаттары бар әдістер 
ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет