39
«
Дайындал!»
бұйрығы берілгеннен кейін артқы тізені
жерден кӛтеріп, денені сәл ғана алға қарай еңкейтіңкіреп
жүгірушінің жамбасы иық деңгейінен жоғары кӛтеріледі. Дене
қандай ӛзгерісте болса да, екі аяқты тірегіштен босатпау керек.
Дененің ауырлық күші алдыңғы тіреуіштен аяқ пен қол арасына
бірдей түсіріледі. Денені жоғары кӛтерумен бірге баяу тыныс
алып, жүгіруге даяр тұруы керек. Осы кезде назарды берілетін
дыбысқа аудармай, сӛре сызығының қозғалысына аударуы
керек, дыбыс берілгеннен кейін жүгіруші денесін алға қарай
ұмтылдырып, екі аяқпен бірдей серпіледі. Артқы аяқ тірегіштен
серпіліп алға қарай қозғала бастайды, одан кейін тірегішті аяқ
жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың
қозғалыс бұрышы әйгілі спринтшілерге мынандай 32° - 44° (В.
Борзов, Э. Фигорола, К. Льююис), ал тӛмен разрядты
желаяқтарда 60° - 65°. Тірегіштен қатты серпінмен шығу
кӛбінесе артқы аяқтың жедел қозғалуына, оған қарама-қарсы
қолдың алға шығуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп
артқа беріледі.
3-сурет.Бұйрық берілгеннен кейінгі қалып: а)сӛреге; б)
дайындал.
Достарыңызбен бөлісу: