37
Қысқа қашықтыққа жүгіру жеңіл атлетиканың басқа
түрлеріне қарағанда әйелдерге қатысуға болатын жеңілдеу түрі
деп қаралған .Олимпиадалық ойындарға 1928 жылы қосылды.
Ресейде спринтерлік жүгіру кейінірек тарады.
Алғаш рет
Ресейде ресми жарыс болып 1897 жылы ӛткізілді, онда: 300
футқа жүгіру (91,5 м); 188,5 сажения (401,5 м) жүгіру енгізілді.
Қысқа қашықтыққа жүгіру – жеңіл атлетиканың кӛп тараған
түрі. Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық
түрлері:100 м, 200 м, 400 м; Эстафеталық жүгіріс 4x100, 4x400
метрлік болып келеді.
Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз
уақытта тиімді пайдалану қажет. 100 метрге жүгіру
кезінде
кейбір қашықтық аралығында әйелдер 11,6 м/с жылдамдық
кӛрсетеді, ал ерлер 10,6 м/с. Бұл жүгіріске тән нәрсе аяқтың қуат
күшімен
жұмыс істеуі, ӛте жедел қимыл жасау,
сонымен қатар
бұлшық етті, буынды босаңқы күйінде сақтап жүгіру. Қысқа
қашықтыққа жүгіруді тӛрт кезеңге бӛлуге болады:
- сӛре (жүгірудің басталуы)
- сӛрелік қозғалыс ( старттық қозғалыс)
- қашықтық бойымен жүгіру
- мәре (финиш)
Достарыңызбен бөлісу: