З. А. Мовкебаева (қолы)


тақырып. Тұлғаның психологиялық сипаттамасы



бет9/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

2 тақырып. Тұлғаның психологиялық сипаттамасы

Тұлғаның эмпирикалық психологиялық сипаттамасына көшпес бұрын, талдаудың негізгі бағытын құрастырып алған жөн. Мұндай қажеттілік тікелей объектінің күрделігігі және қарама-қарсылығымен қамтамасыз етіледі.


Б.Г.Ананьев бойынша тұлғаны дұрыс түсіну үшін тұлғаның дамуының, оның дәрежесі мен әлеуметтік позициясының әлеуметтік жағдайын талдау қажет. Шынымен де тұлға іс-әрекетте қалыптасатындығын мойындайтын болсақ, іс-әрекет нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Бірақ, кез-келген адам онда әрекет етіп, қоғамдық қатынастардың құрастырылған жүйесімен ұсынылған нақты дәрежені иеленеді. Тұлғаның дәрежесі объективті болғандықтан оны тұлға бірдей немесе әртүрлі, белсенді немесе енжар ұғынуы мүмкін. Ол тұлғаның социумдағы (адамды тікелей қоршаған ортасы) орнын анықтайды. Мысалы, отбасының әлеуметтік жағдайында бірі әке, екіншісі баланың дәрежесіне ие. Әрбір адам тұлғаның дәрежесімен қатар оның қандайда бір әлеуметтік құрылымдағы субъективті, әрекетшіл жағын сипаттайтын нақты позицияға ие болады. Позицияның деңгейі мен мазмұны тұлға іс-әрекетінің мазмұнымен жете түсіндіріледі.
Тұлғаның позициясы өз дәрежесінің әрекетшіл, субъективті жағы ретінде өзі басшылыққа алатын тұлға қатынастарының жүйесін, ішкі сенімдері мен мотивтерін және осы әрекет бағдарланған мақсаттарды, құндылықтарды анықтайды. Қасиеттердің осындай күрделі жүйесі дамудың әлеуметтік жағдайларындағы тұлғаның рөлдерімен жүзеге асады. Осылайша, тұлғаның динамикалық тенденцияларын – оның қажеттіліктерін, мотивтерін, қызығушылықтарын, тілектерін, ішкі сенімдерін, құнды бағдарларын, идеалдарын, бағыттылығын зерттеп, оның әлеуметтік рөлдерінің дәрежесінің, позициясының мазмұнын ұғынып, түсінуге болады.
Алайда рөлді орындау сапасы, дәреже мен позиция тұлғаның динамикалық тенденцияларымен бірге, оның дербес психикалық дамуының әлеуетімен, оның мүмкіншіліктерімен- нышандарымен, арнайы қабілеттерімен, дарындылықпен міндеттеледі (немесе ұғынылады).
Адамның бойындағы қабілеттердің арқасында жүзеге асатын тұлғаның дәрежесі және оның әлеуметтік рөлдері, қажеттіліктері мен мотивтері, ішкі сенімдері мен құнды бағдарлары тұлға қатынастарының құрылымы мен динамикасы (өзгерісі), оның адамдарға, объективті ортаға және өз-өзіне қатынасын анықтайтын тұрақты қасиеттерінің жүйесі – мінез бітістеріне айналады.
Тұлғаның барлық психологиялық сипаттамалары, ол оның айналасындағы адамдарға қалай көрінсе сол бейнеде сипатталады. Алайда адам басқалар үшін ғана емес, өзі үшін де өмір сүреді. Ол: Мен кіммін? Мен қандаймын? деген сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің көптеген психологиялық күйлер мен қасиеттерді таратушы субъект екендігін мойындайды. Адамның өз-өзіне тиесілі психологиялық және әлеуметтік психологиялық сипаттамаларына ие субъект ретінде ұғыну қасиеті, өзіндік сана - сезім деп аталады.
Осылайша, тұлғаның психологиялық сипаттамасына көшпес бұрын, біріншіден, оның динамикалық тенденцияларын - қажеттіліктері мен мотивтерін, ішкі сенімдерін, құнды бағдарларын, оның бағыттылығында интеграцияланған қатынастарын қарастырып алған жөн.
Екіншіден, нышандардың, қабілеттердің, дарындылықтың интеллектінің арқасында жүзеге асатын мүмкіншіліктерін қарастыру қажет.
Үшіншіден, тұлғаның мінезін және өзіндік сана-сезімін қарастыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет