Адамның ниетін білсек, “ол не нәрсеге қол жеткізгісі келеді?”, “нені және оны қалай жасағысы келеді?” деген сұрақтардың жауабын тауып, мінез-құлықтың негізін түсінуге болады. Адам шешім қабылдағанда, не болмаса іс-әрекеттің мақсаты алыстатылып, оған жету мерзімінің уақыты өтіп кеткенде, ниеттер мотив сипатына ие, ниетте мақсатқа жету құралдарын ұғынумен байланысты адамның ақыл-ойының белсенділігі мен қажеттілігінің әсері жатыр. Ниет итермелеуші күшке ие болғанымен, ол мінез-құлықтың себептерін ашпайды.
Мотив тұлғаның тұрақты күйі ретінде
Мотивке деген осы көзқарас, тұлғаның тұрақты бітістері, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін сыртқы стимулдардың мөлшерінде міндеттейді деген батыс психологтарының үлесіне тиісті. Р.Мейли тұлғаның мотивациялық күйлеріне мазасыздануды, агрессивтілікті, талаптанулар деңгейі мен фрустрацияның төзімділігін жатқызады. Бұл көзқарасты К.К.Платонов, М.Ш.Магомед-Эминов, К.С.Мерлиндер де ұстанады. Алайда тұлғаның тұрақты күйлерін мотив ретінде қарастырғанмен ол мәселенің түйінін толығымен шеше алмайды, өйткені неге дәл осы мақсат таңдалынып алынды, деген сұраққа ғана жауап беруге болады.
Мотив түрткі ретінде
Мотивация физиологиялық және психологиялық реакцияларды детерминдеп, стимулды ұғынумен және оған қандай да бір мағына берумен байланысады. Сондықтан да психологтардың көпшілігі мотивті бір адамның әрекетке немесе қылыққа дайындығын бейнелейтін саналы түрткісі деп түсінеді. Осылайша, мотивтің итермелеушісі стимул болса, қылықтың итермелеушісі ішкі саналы түрткі болып табылады. Осы орйда В.И.Ковалев бойынша мотив, бұл - қажеттіліктердің бейнеленуінің жоғарғы формасында пайда болатын мінез-құлықтың және іс-әрекеттің саналы түрткілері, яғни, мотив бұл – саналы қажеттілік түрткілері, қажеттілікті қанағаттандырудың ұмтылысы ретінде қарастырылады.
Сонымен, адамның мінез-құлқын детерминдеуші тұлғаның қасиеттері түрткілер, ниет, мақсат және қажеттіліктердің барлығы тұлғаның мотиві ретінде танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |