З. А. Мовкебаева (қолы)


Когнитивті теория бойынша адамдағы конструктілердің өзіндік жүйесінің деңгейлері



бет38/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

3. Когнитивті теория бойынша адамдағы конструктілердің өзіндік жүйесінің деңгейлері.
Негізгі жүйеленген элемент “жеке конструкт” боп саналады. Әр адамда жеке конструкттардың өзіндік жүйесі болады және олар екі деңгейде (блок-одақ) бөлінеді:
1. “Ядролы” конструкттар одағы-конструкттар жүйесінің ұшар шыңындағы 50 шақты негізгі конструкттар, яғни олар жарамды сананың фокусында үнемі болады. Адам басқа адамдармен өзара әрекетке түскенде осы конструкттарды жиі қолданады.
2. Шеткі аймақтық конструкттар одағы- бұл қалған басқа конструкттар. Бұл конструкттардың саны өте индивидуальды және жүзден бірнеше мыңға дейін өзгеріп отырады.
Жеке тұлғаның бірыңғай (біртұтас) қасиеттері екі одақтың, барлық конструктардың бірлесіп қызмет жасауының нәтижесі болып табылады. Біртұтас жеке тұлғаның екі типі болады: когнитивті күрделі жеке тұлға (конструкттар саны көп жеке тұлға) және когнитивті қарапайым жеке тұлға (конструктар саны көп емес жеке тұлға).
Когнитивті күрделі жеке тұлға когнитивті қарапайым жеке тұлғадан мынадай сипаттары арқылы ажыратылады:

  1. психикалық денсаулығы өте жақсы;

  2. стрессті жақсы игереді (справляется);

  3. өзін-өзі бағалауы жоғары деңгейде;

  4. Жаңа ситуацияларға бейімделгіш.

Жеке конструкттарды (сапасы мен санын) бағалауға арналған арнайы әдістер бар. Солардың ішіндегі ең танымалы “репертуарлы тор тесті” боп келеді. (Франселла Ф., Баннистер Д., 1987).
Салыстырылып отырған үш адамның екеуінде бар, ал үшіншісінде жоқ психологиялық сипаттаманы табу мақсатында, зерттелуші триаданы бір мезгілде өзара салыстырады (триада, яғни үштағанның саны мен бірізділігі зерттелушінің өткен шақ пен қазіргі өмірінде маңызды роль ойнайтын адамдардан құралады).
Мәселен, сізге өзіңізге ұнайтын мұғалімді, әйеліңіз (еріңіз) бен өзіңізді салыстыру керек болады. Сөйтіп, сіз бен мұғалімнің (ұстазыңыз) екеуіңізде тез тіл табысқыштық сияқты психологиялық қасиет бар да, әйеліңізде мұндай қасиет жоқ боп шықты деп шамалайық. Соған орай, сіздің конструктты жүйеңізде “тіл табысқыш- томаға-тұйық” деген конструкт бар деген сөз. Осылай өзіңіз бен басқа адамдарды салыстыра отырып, жеке конструкттарыңыздың жүйесін аша түсесіз.
Жеке тұлғаның когнитивті теориясы бойынша жеке тұлға – бұл адамның жеке тәжірибесі өңделіп отыратын (қабылданады және интерпретацияланады) ұйымдастырылған жеке конструкттар жүйесі.
Бұл ықпал шеңберінде жеке тұлға құрылымы конструкттардың дара өзіндік иерархиясы ретінде қарастырылады.
“Бір адамдар басқа бір адамдарға қарағанда аргрессивтілеу болып келуі неліктен?” деген бақылау сұрағына когнитивистер: агрессивті адамдарда жеке тұлғаның ерекше конструктты жүйесі бар. Олар әлемді басқаша қабылдайды және интерпретациялайды, көбінесе, агрессивті мінез-құлықпен байланысты оқиғаларды (жағдай) жақсы есте сақтайды деп жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет