З. А. Мовкебаева (қолы)


Абрахам Маслоу - өзін-өзі кемелдендіру тұжырымдамасы туралы



бет35/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
3.Абрахам Маслоу - өзін-өзі кемелдендіру тұжырымдамасы туралы.
А. Маслоу жеке тұлға дамуы негізінде жатқан екі қажеттілік түрін көрсетеді: қанағаттандырылған соң тоқтайтын “деффицитарлы” және керісінше, жүзеге асқан соң да күшейе түсетін “өскіш” (көбейгіш) Маслоу бойынша мотивацияның 5 қана деңгейі бар:

  1. физиологиялық (тамақ, ұйқы қажеттілігі);

  2. Қауіпсіздік қажеттілігі (үй, жұмыс қажеттілігі);

  3. Бір адамның қажеттілігін басқа адамда бейнелейтін құрамында болушылық қажеттілігі (мысалы, отбасын құру қажеттілігі);

  4. Өзін-өзі бағалау деңгейі (өзін сыйлау, компетенция жетістікке қажеттілігі);

  5. Өзін-өзі өзектілеу (шығармашылық, сұлулық, тұтастыққа деген мета қажеттіліктер).

Қажеттіліктердің алғашқы екі деңгейі дефицитарлы, үшінші деңгей аралық, ал төртінші және бесінші деңгейлері өскіш (ростовым) қажеттіліктерге жатады.
А.Маслоу мотивация дамуының алға басқан заңдылығын құрастырды, осы заңдылық бойынша адамның мотивациясы қалыпты (поступательно) дамиды: төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылғанда ғана жоғары деңгейде қозғалыс жүреді. Басқа сөзбен айтқанда, егер адам аш әрі тұрғылықты қоныстайтын баспанасы жоқ болса, онда оған отбасын құру, одан қалса өзіне деген сыйлауды сезіну немесе шығармашылық жұмыспен айналысу қиынға соғады.
Адам үшін ең маңыздысы өзін-өзі өзектілеу қажеттілігі. Өзін-өзі өзектеу адамның жетілуінің соңғы күйі емес. Барлық түрткілерін (мотивтерін) лақтырып тастау үшін ешбір адам соншалықты өзінен өзектелінген. Әр адамда одан ары қарай дарындылығы дамиды. Бесінші деңгейге жеткен адам “психикалық тұрғыда сау жеке тұлға” деп аталады (Маслоу А., 1999).
А.Х. Маслоудың «Мотивация және жеке тұлға» еңбегінен келтірілген үзінді де мотивация теориясында болуы тиіс 17 ұстанымға сипаттама беруден басталады. Оның бірі-Холистикалық тұрғы-жеке тұлға жиынықталған, ұйымдастырылған тұтастық дегенді нұсқайды. Осы тәжірибе мен теорияда дәлелденген деректі түсінудің қажеттілігі экспериементтерді сапалы жүргізу мен мотивацияның сапалы теориясын жасау мүмкіндігімен байланысты. Организмнің кез-келген күйі қандай болмасын мотивациялық күйді де анықтайды. Қазіргі замандағы тұжырымдамалар, мотивациялық күй организмдегі басқа жағдайлардан түбегейлі ерекшеліктерінен, айрықша әдеттен тыс күй дегенді әлі де ұстанады. А.Х. Маслоу саналы мотивация теориясы, керісінше,мотивация үздіксіз, ол таусылмайды, ол күрделі әрі тұрақсыз және организмнің кез-келген күйінің әмбебап сйпаттамасы болып табылады деген ұстанымды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет